Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22892 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аппараты мен ведомстволары бойынша:

      1) бірінші вице-министр;

      2) вице-министр;

      3) аппарат басшысы;

      4) комитет төрағасы;

      5) комитет төрағасының орынбасары;

      6) департамент бастығы;

      7) департамент бастығының орынбасары;

      8) Орталық бастығы;

      9) Орталық бастығының орынбасары;

      10) дербес басқарма бастығы;

      11) дербес басқарма бастығының орынбасары;

      12) комитеттің, департаменттің басқарма бастығы;

      13) комитеттің басқарма бастығының орынбасары;

      14) кезекші бөлімнің бастығы.

      2. Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдар бойынша:

      1) департамент бастығы;

      2) департамент бастығының орынбасары;

      3) басқарма бастығы;

      4) басқарма бастығының орынбасары;

      5) дербес бөлім бастығы;

      6) басқарма, дербес бөлім бөлімшесінің бастығы;

      7) дербес бөлімше бастығы.

      3. Министрліктің Көкшетау техникалық институты бойынша:

      1) институт бастығы;

      2) институт бастығының орынбасары;

      3) факультет бастығы;

      4) оқу орталығының бастығы;

      5) оқу орталығы бастығының орынбасары;

      6) кафедра бастығы;

      7) кафедра бастығының орынбасары;

      8) бөлім бастығы;

      9) курс бастығы;

      10) курс бастығының орынбасары;

      11) кезекші бөлімнің бастығы;

      12) оқу өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

      4. Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер бойынша:

      1) мекеме бастығы;

      2) мекеме бастығының орынбасары;

      3) бөлім, бөлімше бастығы;

      4) кезекші бөлімнің бастығы;

      5) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы;

      6) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары;

      7) өрт сынақ зерттеу зертханасының бастығы;

      8) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

      9) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;

      10) өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

      11) өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;

      12) өрт сөндіру бекетінің бастығы;

      13) мамандандырылған жасақ бастығы;

      14) амандандырылған жасақ бастығының орынбасары;

      15) жасақ бастығы;

      16) жасақ бастығының орынбасары.