"Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 мамырда № 22875 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ағымдағы баға – бағаның арттырылуына байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын мүлік бағасы немесе бағаның төмендетілуіне байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында жарияланған баға;

      2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) аукцион нөмірі – қатысушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы;";

      22), 23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) сауда-саттық – мүлікті сату тәсілі;

      23) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;

      24) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетілетін аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;";

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) тізілімнің веб-порталы – мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) интернет - ресурсы;";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүліктің мынадай түрлерін: бағалы қағаздарды, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін, қара және түсті металдардың сынықтарын, шикі мұнайды, жануарларды, жануарлардан алынатын шикізаттарды, алкоголь өнімін, темекі және темекі өнімдерін, ұялы телефондарды, төлем терминалдарын, ойын автоматтарын, ойын құралдары мен казино жабдықтарын, жойылуға жататын немесе үлестік меншіктегі мүлікті, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 210-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүліктіқоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ аппарат басшысының, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

      Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы өлшемдері және мүлікті нысаналы пайдалану қажеттілігі, сондай-ақ көрсетілген мүліктің бекітілуі болжамдалған мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі.";

      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) комиссия оң шешім қабылдаған кезде, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган:

      мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында (бұдан әрі – № 616 қағидалар) белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды.

      № 616 қағидаларда көзделген уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.

      Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды;

      Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізіліммен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мүлікті сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде ол болған кезде сауда ұйымдары арқылы:

      жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;

      бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;

      2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады.

      Аукциондарда екінші сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде ол болған кезде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі.

      Сауда ұйымдары қызметін мемлекеттік сатып алу өткізілмеген болып танылған кезде, мүлік кейінгі сауда-саттықтарға шығарылады.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi;

      2) мемлекеттік заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қоса берілген құжаттарды қарайды және тиісті шешім қабылдайды;

      3) бағалаушы ұсынған мүлік құнын бағалау туралы есеп негізінде мүліктің алғашқы бағасын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      4) мүлікті сауда-саттыққа одан әрі қою орындылығы туралы шешім қабылдайды;

      5) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығы, сатудың шекті мерзімі мен биржалық сауда-саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды;

      6) қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды өткізу кезінде брокерлік компанияның ұсынымы бойынша сауда-саттық әдісін айқындайды.";

      18-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      19-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Кепілдік жарнаны сатушы:

      1) жеңімпазға – сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайларда;

      2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда қайтармайды.

      Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарна қатысушы бірыңғай операторға электрондық өтініш берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады. Кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды:

      1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН-ін, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: БСН-ін, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

      4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілімге енгізілген деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Аукцион екі әдіспен:

      1) бағаны көтеру;

      2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі.

      Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы мүліктің алғашқы бағасына тең болады.

      Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке (үшке) тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

      Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.

      Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгілене отырып шығарылады.

      Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда ұйымына ол болған кезде алғашқы бағадан 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сатуға беріледі.

      Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережелері мүліктің мынадай түрлеріне: жылжымайтын мүлік объектілеріне, мүліктік кешендерге, зауыттарға, көлік құралдарына, ауыл шаруашылығы және арнайы техникаға, жануарларға, мұнайға, мұнай өнімдеріне және қайта өңдеу өнімдеріне (шикi мұнайды және газ конденсатын қайта өңдеу өнімдеріне), жабдыққа, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестеріне қолданылмайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Үшінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алдыңғы сауда-саттықтың ең төменгі бағасының 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

      Төртінші және одан кейінгі сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, 1 (бір) теңге мөлшерінде ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

      Аукцион нысанындағы кейінгі әрбір сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі.";

      38, 39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Мүлік бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады және сатушы тізілімде қалыптастырылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

      39. Егер аукцион залында бағаны көтеру аукционы басталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті бастапқы баға бойынша сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы мүлік бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілмеді деп танылады.

      Егер мүліктің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және тіркелген қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамаса, онда бағаны төмендету аукционы өткізілмеді деп танылады.

      Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

      Аталған Қағиданың осы тармағында көзделген жағдайларда сатушы тізілімде қалыптастырылатын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және осы мүлік өткізілмеген сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

      40. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

      1) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 (он) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгiленедi;

      2) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенінен бастап 50 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 (жеті) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде;

      3) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгенінен бастап 100 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгiленедi;

      4) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенінен бастап 250 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      5) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгенінен бастап 500 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 (бір) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      6) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      41. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізу:

      1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі мүліктің бастапқы бағасын осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға арттыру жолымен мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

      2) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

      3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда мүлікті сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

      4) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда мүлікті сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

      Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

      Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады.

      42. Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізу:

      1) егер аукцион басталған сәттен бастап 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің бастапқы бағасы осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

      2) егер баға азайғаннан кейін 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің соңғы ағымдағы бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

      Ағымдағы баға бойынша мүлікті сатып алуға өзінің ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион жеңімпазы болып танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

      Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны төмендету аукционы, егер қатысушы жарияланған бағаны растаса, өтті деп танылады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде тізілімде ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы және жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі.

      Сатып алу-сату шартын сатушы қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға келісуге жібереді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Аванстық немесе түпкілікті төлем мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кешіктірілген кезде, сатушы сатып алу-сату шарты бойынша кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген төлем сомасының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде өсімпұл алады. Аванстық немесе түпкілікті төлем 10 (он) жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, сатып алу-сату шарты біржақты тәртіппен бұзылады.

      Жеңімпаз қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын бір жақты тәртіппен бұзады.

      Сатушы сатып алу-сату шартын бұзған кезде тізілімде қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.";

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2021 жылғы 27 мамырдағы
  № 494 Бұйрыққа қосымша
  Мүлікті тәркілеу бөлігінде
  қылмыстық іс бойынша сот үкімі
  негізінде не мүлікті мемлекетке беру
  туралы шешім негізінде тыйым
  салынған мүлікті өткізу немесе
  пайдалану қағидасына
  1-қосымша
  нысан

Мүлікті сату бойынша ___________________________ қатысуға
(аукцион әдісі көрсетіледі)
ӨТІНІМ

      1. Мүліктің сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасымен танысып, _________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) ___________ 20 ___ жылғы "___" _______ ____________ мына мекенжай бойынша ________________________ болатын аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін тізілімнің веб-порталы бұғаттайтын кепілдік жарнаны енгіздім(дік):


р/с

Мүліктің атауы

Мүлік үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге


Жиыны


      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емесекенім (-із) анықталған жағдайда, мен (біз) аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасы және мен (біз) қол қойған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін(-з).

      4. Егер мен (біз) аукцион жеңімпаз(-дар)ы деп танылған жағдайда, өзім(-ізг)е электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасына өткізілген күні қол қоюды және сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюды міндетім(-ізг)е аламын(-з).

      5. Мынадай:

      1) сауда-саттықөткізілетінкүніоныңнәтижелерітуралыхаттамағақолқоймаған;

      2) белгіленгенмерзімдердесатыпалу-сатушартынақолқоймаған;

      3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін(з).

      6. Осы өтінім электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасымен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай:

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы ___________________________________

      БСН _____________________________________

      Басшының Т.А.Ә. ________________________

      Мекенжайы:______________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ________________

      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) ___

      Банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) __

      Банктің атауы _____________________________

      Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ___________

      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:_

      Жеке тұлға үшін:

      Т.А.Ә. ___________________________________

      ЖСН ____________________________________

      Паспорт деректері _________________________

      Мекенжайы: _______________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________

      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ____________________________________

      БСК _____________________________________

      Банктің атауы _____________________________

      Кбе ______________________________________

      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:_______ 20 __ жылғы "___" _______

  (қолы) (жекетұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды
  тұлғаның атауы және заңды тұлғаның
  басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат
  негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы "___" ______ _____ сағат ___ минуттақабылдады.

      Қатысушының аукцион нөмірі ______________