"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 мамырда № 22764 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларда:

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханаларында:

      1) бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бектілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі - №604 бұйрық) іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) (бұдан әрі - №115 бұйрық) бастауыш білімнің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқыту кезеңінде білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу әдебиеттері қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;

      2) негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында №604 бұйрығымен бектілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқыту кезеңінде білім алушылар контингентіне қатысты оқу әдебиеті қорының, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен сандық білім беру ресурстарының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;

      3) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары – № 604 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес даярланатын мамандық біліктіліктері бойынша толық оқу кезеңіне білім алушылардың контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапхана қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;

      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы;

      4) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары – № 604 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес даярланатын мамандық біліктіліктері бойынша толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапхана қорының, сондай-ақ қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы;

      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы;

      5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары – кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100%-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілдері бойынша шығарылған соңғы он жылдағы баспа және электрондық басылымдар форматындағы оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының, сондай-ақ білім алушылардың қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы.";

      11-тармақ алынып тасталсын;

      12- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары кітапхана және ғылыми ұйымдармен, оның ішінде Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханамен шарттарға қол қояды.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Электрондық тасығыштардағы оқу және оқу-әдістемелік әдебиет ретінде мынадай материалдар есептеледі:

      1) бағдарламада міндетті пәндер ретінде көзделген оқу ақпараты түріндегі оқулықтар мәтіндері, оқу-әдістемелік әдебиеттер;

      2) білімді компьютер техникамен диалогтық режимде меңгеруге арналған бағдарламалық оқыту құралдарды және цифрлық оқулықтар;

      3) мамандық пәндері бойынша студенттердің білімдерін аралық және қорытынды бақылауға арналған бағдарламалық тестілеу құралдары;

      4) оқытудың электрондық техникалық құралдарын пайдалана отырып, жазылған және көрсететін бейнефильмдер мен оқу материалдары.";

      16-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттер, анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер, библиографиялық басылымдар;";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Оқу әдебиеті қоры деп оқулық және оқу-әдістемелік кешен санаты бар басылымдар тізбесі түсініледі.";

      22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Меншікті баспаханаларда не бөгде баспаларда шығарылған оқу әдебиетінің меншікті басылымдары оқу, оқу-әдістемелік кешендерді қамтиды.";

      27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде барлық оқушыларды әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде қамтамасыз ету жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      28-тармақ алынып тасталсын.

      29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Келесі оқу жылына мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің, арнайы мектептердің және дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптардың оқушылары мен тәрбиеленушілерінің болжамды санын кітапхана қоры арқылы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде цифрлық оқулықтармен даналар саны, атаулары, сыныптары және оқыту тілдері бойынша қамтамасыз ету қажеттілігін 30 қыркүйекке дейін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

      Республикалық мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерін, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қажеттілігін Министрлік айқындайды.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Оқу басылымдары мен құжаттар мемлекеттік білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша өтінімі бойынша, сондай-ақ алдын ала тапсырыс негізінде сатып алынады, ол пәннің атауын және оны оқып жатқан білім алушылардың санын көрсете отырып, ақпараттың библиографиялық көздері бойынша қарау және іріктеу арқылы жасалады. Кітапхана тапсырыс берілген басылымның данасын пәннің қамтамасыз етілуіне қарай түзетеді.

      Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің кітапханалары:

      1) жыл сайын 25 мамырға дейін білім алушылар контингентіне оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер санының жеткіліктілігі тұрғысынан оқу қорына түгендеу жүргізеді;

      2) 10 сәуірге дейін Ұлттық білім беру деректер қоры негізінде жалпы білім беретін мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің шешімдері негізінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде цифрлық оқулықтарды сатып алуға өтінімдер толтырады.

      5 сәуірге дейін жалпы білім беретін мектептердің әдістемелік бірлестіктері немесе жалпы білім беретін мектептердің педагогтері алдағы оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдауды жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органдар қажет болған жағдайда оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді аудан, қала, облыс ішінде мемлекеттік білім беру ұйымдары арасында қайта бөлуді жүргізеді.";

      37 және 38-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "37. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының редакциялық-баспа бөлімінде шығарылатын барлық оқулықтар, оқытушылардың оқу-әдістемелік кешендері, ғылыми еңбектер нақты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханасына міндетті түрде кемінде он дана көлемінде тегін беріледі.

      38. Білім беру ұйымдарының кітапханалары оқу процесін қамтамасыз ету үшін оқыту бейіні бойынша оқу әдебиетінің бір атауының қажетті даналарын сатып алады.

      Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер оқулықтарды, сондай-ақ оқулыққа ілеспе әдістемелік нұсқаулық түріндегі оқу және әдістемелік басылымдарды, жұмыс дәптері, хрестоматияларды, диктанттар жинағы, тапсырмалар мен жаттығулар жинағын, картографиялық атласты, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Үлгілік оқу жоспарларына және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-4) тармақшасына сәйкес әзірленген Орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтардың құрылымы мен мазмұнына және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптарға сәйкес алады.

      Білім беру ұйымдарының кітапханалары сатып алатын қажетті отандық, әлемдік көркем, ғылыми, ғылыми-публицистикалық, ғылыми-фантастикалық, деректі, тарихи әдебиеттер тізбесі педагогтердің, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің өтінімі негізінде анықталады.

      75-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "75. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларында бірінші-төртінші сынып оқушыларына оқулықтарды беруді және олардың уақтылы қайтаруын мұғалімдер, бесінші-он бірінші (он екінші) сынып оқушыларына - сынып жетекшілері немесе тиісті пән мұғалімдері жүргізеді.

      Алынған әрбір оқулық үшін орта және ересек жастағы оқушы кітап формулярына қол қояды, оны кітапханашыға өткізеді. Берілген оқулықтар жазбасы бар кітап формулярлары оқушылардың оқырман формулярларында сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми түрде жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов