"Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 сәуірде № 22659 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Егер 2020 жылғы 30 маусымдағы, 2020 жылғы 30 қыркүйектегі және 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) алушы болып табылған жағдайда тікелей байланысты болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш көрсетілетін қызметті алушының жүгінуінсіз 2020 жылғы 3-тоқсанға – 2020 жылғы 2-тоқсандағы табыстарды, 2020 жылғы 4-тоқсанға – 2020 жылғы 3-тоқсандағы табыстарды, 2021 жылғы 1-тоқсанға – 2020 жылғы 4-тоқсандағы табыстарды ескере отырып, ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.

      Жиынтық табысты есептеу кезінде төтенше жағдай қолданылатын кезеңдегі қызметтің шектеулеріне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін біржолғы әлеуметтік төлем, төтенше жағдай кезеңінде және шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарды сатып алуға бөлінген ақша қаражаты, төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындарға бөлінген қаражат мөлшері жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайды,

      Кепілдік берілген әлеуметтік топтамада көзделген азық-түлік жиынтығының түрі атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатын тиісті тоқсанның бірінші күніндегі жағдай бойынша баланың жасына қарай айқындалады және оны ұзарту кезеңіне ұсынылады.

      Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды автоматты түрде ұзарту кезінде атаулы әлеуметтік көмек алушы бұрын қол қойған әлеуметтік келісімшарт көрсетілетін қызметті алушының қолын талап етпей, оны тағайындау кезеңіне ұзартылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов