"Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 277-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 22552 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 356-НҚ бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 24.05.2021 № 356-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5353 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 қарашада № 180 (1580) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемі елу пайыздық шамада бекітілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов