"Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 және "Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 22489 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережеде:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:

      уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);

      аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары;

      заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);

      қаржы қызметінің басшысы;

      персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;

      Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;

      үштен аспайтын кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);

      уәкілетті органның өкілдері.

      5. Тұрғын үй комиссиясын уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады.

      Мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары басқарады.".

      2. "Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14179 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында:

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Бірыңғай оператордың алдында берешектерін өтеу тәртібі туралы шартты уақытылы жасаспаған және (немесе) уақытылы төлемеген жағдайда, Құрылыс салушы, Уәкілетті компания төлем күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мөлшерінде кідіртілген әрбір күн үшін төлем сомасына өсімпұл төлейді.".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов