ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірлері 19, 20, 21, 22 және 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
19 | Экологиялық талаптардың сақталуы | Қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнімнің ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсіпорынмен жасалған шарттың көшірмесі және тауарды одан әрі тұтынушыларға сату үшін келісімшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнімнің ыдысын міндетті түрде қайтару көзделуі қажет | |
20 | Келісімшарттарда (шарттарда) экспорттаушыға ақаулы өсімдіктерді қорғау құралдарын қайтару тәртібін көздейтін тармақтың болуы | Экспорттаушыға ақаулы өсімдіктерді қорғау құралдарын қайтару тәртібін көздейтін келісімшарттың (шарттың) көшірмесі | |
21 | Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының болуы | Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының көшірмесі | |
22 | Мiндетті экологиялық сақтандыруды растау | Міндетті экологиялық сақтандыру шартының көшірмесі | |
23 | Экологиялық талаптарға сәйкес келетін сақтауға арналған қоймалардың болуы | Сақтауға арналған қоймалардың мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі |
"; |
"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспорттау (импорттау) кезінде*****" деген сөздер алып тасталсын;
реттік нөмірлері 67, 68, 69, 70 және 71-жолдар алып тасталсын;
"***** қару мен оның патрондарын импорттау кезінде түпкілікті тұтынушылар Қарулы күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар, арнайы және құқық қорғау органдары болып табылған жағдайда, импортқа арналған лицензияны рәсімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" бөлімі ескеріле отырып, әскери мақсаттағы өнім ретінде жүзеге асырылады." деген ескертпе алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі