"Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы мен "Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 наурызда № 22440 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін "бір өтініш" қағидаты бойынша беріледі;";

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тұрғылықты жері бойынша қорға жеке басты куәландыратын құжатпен және осы Қағидаларға 1, 2, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішпен жүгінеді:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы – әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

      еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына (жүгінген сәтте жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде);

      асыраушысынан айырылу жағдайына.

      Бұл ретте, асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің үлесіне құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді;

      жұмысынан айырылу жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

      жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына;

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына;

      2) Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақыны, еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға "бір өтініш" қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 тіркелді) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі;

      Бұл ретте өтінішті қабылдау:

      тиісті өңірдің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің және (немесе) медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жері бойынша;

      көшпелі отырыстарда:

      көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелердің базасында;

      мамандандырылған ұйымдарда емдеуде болған жері бойынша;

      көрсетілетін қызметті алушының болатын жері бойынша түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында;

      үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмаса;

      сырттай – куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен, "Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған, ұсынылған құжаттар негізінде куәландырылатын адам тасымалдануға келмейтін болған және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емдеуде болған кезде жүзеге асырылады;

      3) жұмыспен қамту орталығы – адамды жұмыссыз ретінде тіркеген және "бір өтініш" қағидаты бойынша жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінген кезде;

      4) портал арқылы – әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

      жұмысынан айырылуы жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына.

      Бұл ретте бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу кезінде "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қарау бала тууды тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде, тексеру мерзімі бір жұмыс күнін құрайтын жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қоспағанда, келіп түскен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, осы Қағидаларға 14 немесе 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ІЭМ-ді, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы туралы анықтаманы, осы Қағидаларға 16, 17, 18, 19, 20-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын, осы Қағидаларға 21 және (немесе) 22-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтаманың жобасын (анықтамалардың жобаларын) қалыптастырады. Қалыптастырылған ІЭМ-ді бөлімше Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді және асыраушысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем алушы ісінің осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін басып шығарылады.

      Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде, тексеру мерзімі бір жұмыс күнін құрайтын жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қоспағанда, келіп түскен құжаттарды, ІЭМ-ді ресімдеудің және әлеуметтік төлемді есептеудің дұрыстығын тексереді және оны қордың филиалына жібереді.";

      3-қосымша алып тасталсын;

      6-қосымшада:

      реттік нөмері 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы;
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
проактивті қызмет арқылы:
әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

  ";

      8-қосымшада:

      реттік нөмері 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

6 (алты) жұмыс күні.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут.

  ";

      3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 94 Бұйрығына
қосымша
  "Мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемін бюджет
қаражаты есебінен беру, сондай-
ақ жасына байланысты
зейнетақы төлемдерін,
мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды, мемлекеттік
арнайы жәрдемақыларды
тағайындау және жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша

      ___________________________________ аудан коды

      Қазақстан Республикасы _________________ облысы (қаласы) бойынша

      Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және миграция комитеті Департаменті

      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының

      _______________________________ облысы (қаласы) бойынша филиалы

      Азамат ________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) өтініші

      Туған күні: ______ жылғы "___" ___________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): ____________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _________________________

      Құжаттың сериясы: _______________ құжаттың нөмірі: ______________

      кім берген: _____________________

      Берілген күні ____________ жылғы "_____" ________________________

      Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________

      Облыс ________________________________________________________

      қала (аудан) ______________________ ауыл ________________________

      көше (шағынаудан) _________________ үй _______ пәтер_____________

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы _________________________________________________

      Банк шотының № _________________________________

      Шот түрі: ағымдағы _______________________________

      Маған, мүгедек балаға, қамқорлықтағы бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді

      жүзеге асыратын адамға (қажетінің асты сызылсын)

      ____________________________________________________ (заңды өкілі өтініш

      берген жағдайда мүгедектіктің санаты, баланың/бала кезінен бірінші топтағы

      мүгедектің немесе қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) туған жылы

      көрсетіледі) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі

      бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін

      жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақыны,

      еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді (қажетінің асты

      сызылсын) тағайындауды сұраймын.

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы

      мәліметтер:

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________

      Туған күні: _________ жылғы "____" ____________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы: _______________________

      ____________ облысы __________ қаласы __________ ауылы _______

      көшесі (шағынауданы ) __ - үй _____ - пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы _____________________________

      Банк шотының № __________________________

      Шоттың түрі: ағымдағы _____________________

      Бұдан бұрын маған зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы

      тағайындалған/тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша

      арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы,

      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы, еңбекке

      қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне әкеп

      соғатын барлық өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк

      деректемелерінің өзгергенін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осындай

      өзгерістердің туындаған күннен бастап 10 күнтізбелің күн ішінде хабарлау қажеттілігі

      туралы хабардармын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1




2




      Әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адам толтырады): иә/жоқ

      Дербес деректерімді беру, оның ішінде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілген кез келген тәсілмен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта бастау, қайта есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейді.

      Төлеуші-ұйымның байланыс телефоны, орналасқан жері

      ___________________________________________________________

      Өтініш берушінің, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын

      адамның байланыс деректері: үй телефоны _____________ ұялы телефон

      _____________ Е-maіl _____________ өтініш берген күн: 20__ жылғы

      "_____"__________________________

      Өтініш берушінің қолы ________________________

      құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ----------------------------------------------------------------------------------------------------------

                              (қию сызығы)

      Азамат _____________________________ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен № ____ болып тіркелді, өтініш тіркелген күн:

      20___ жылғы "___" ____________

      (өтінішті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тіркеген күннен бастап

      қызметті алу күні): 20__ жылғы "___" ____________

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________