Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 наурызда № 22434 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 351-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің қоса беріліп отырған нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 273
бұйрығымен бекітілген
Өтініш нысаны
Кімге: "Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қоры"
акционерлік қоғамы
(бұдан әрі - "БЖЗҚ" АҚ)
(атауы)

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстау туралы ӨТІНІШ

      Мен, "БЖЗҚ" АҚ салымшысы (алушысы):

тегі



















аты




















әкесінің аты (ол болған кезде)

















жеке сәйкестендіру нөмірі













резиденттігі:


резидент



бейрезидент

      Қазақстан Республикасының салық және зейнетақы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) ұстауды және аударуды жүзеге асыруды сұраймын (керегін белгілеу):



 

зейнет жасына жеткен кезде "БЖЗҚ" АҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес ай сайын он алты жылдан аспайтын мерзімге тең үлестермен



 

біржолғы зейнетақы төлеу кезінде толық көлемде

      Артық ұсталған ЖТС есептеу, ұстау және (немесе) қайтару мәселесі бойынша "БЖЗҚ" АҚ-ға 1418 нөмірі (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) арқылы не www.enpf.kz корпоративтік сайтында көрсетілген "БЖЗҚ" АҚ офистерінің мекенжайлары мен байланыс деректері арқылы хабарласу керек екенінен хабардармын.

      Байланыс деректері:

ұялы нөмірі:













электрондық мекенжайы:










күні









      (күн, ай, жыл)

      жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылды