Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 наурызда № 22386 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса берілген тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. А. Сарбасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрілі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 82 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 20 шілдеде жарияланған) 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;".

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұсынған ұсыныстар негізінде жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін алдағы жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді және белгіленген квота күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсеткішінде белгіленеді.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұсынған ұсыныстар негізінде жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін алдағы жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді және белгіленген квота күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсеткішінде белгіленеді.".

      2. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.