"Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 21 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22358 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17655 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарында:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам жеке күзет ұйымының басшысы болып табылмайды

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам жеке күзет ұйымының басшысы болып табылмайды

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Жеке күзет ұйымының басшысы кемінде үш жыл бұрын жеке күзет ұйымы күзетшісі лауазымында қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

Өрескел

      ";

      строку, порядковый номер 25, изложить в следующей редакции:

      "

25

Жеке күзет ұйымының күзетшілерімен кемінде үш жыл бұрын ұқсас лауазымында қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

32

Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері "Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген) бекітілген Нысанды киім киіп жүру қағидаларын сақтайды:
1. Күзетшілер, жүргізуші-күзетшілер нысанды киімді күзетілетін объектілерде, жүктерге ілесіп жүру кезінде, жедел ден қою мобильді топтар құрамында қызмет атқару кезінде киеді.
2. Әйелдердің нысанды киімі тиісті киім пішімі ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы эскиз бойынша тігіледі.
3. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау бойынша қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын нысанды киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Тараптардың келісуі бойынша күзет қызметін көрсету офистік үй-жайларға арналған нысанды киіммен жүзеге асырылады. Жазғы уақытта пиджаксыз, жеңі қысқа көйлекпен қызмет атқаруға жол беріледі. Күртенің (көйлектің) сол жақ төс қалтасында күзет ұйымының атауы жазылған және логотипі бар бейдж бекітіледі. Бейдждің ортасына "КҮЗЕТ" деген жазу жазылады. Күзетшінің тегін және аты-жөнін немесе атын көрсетуге болады.
5. Офистік үй-жайларды күзету бойынша қызмет көрсету бас киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Сыртқы бекеттерде қызмет атқаратын күзетшілер:қыс мезгілінде ауаның температурасы төмендеген кезде - тұлыптар (ішіктер) және теріден тігілген унтылар киюге; нысанды киімнің (күртенің) кеудесіне және арқасына жарық шағылыстыратын жолақтар тағуға болады.
7. Жазғы уақытта күртесіз және галстуксыз қысқа жең жейде не жейдесіз белгіленген үлгідегі омыраудағы және жеңдегі белгілермен футболка немесе футболка-поло не жейденің орнына футболка, шалбар және күрте киюге болады.

Болмашы

      ";

      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

33

Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің "Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген) бекітілген Нысанды киім үлгілеріне сәйкес келетін нысанды киімінің болуы:
1. Жазғы нысанды киім:
бейсболка немесе сұр түсті кепи;сұр түсті күрте;
сұр түсті қысқартылған күрте;
көгілдір немесе ақ түсті жейде;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка немесе футболка-поло;
сұр түсті галстук;
сұр түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;классикалық модельдегі немесе қара түсті арнайы аяқ киім.
2. Қысқы нысанды киім:
тоқылған, сұр немесе қара (жылы күртенің жағасымен түстес) түсті бөрік;
табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара (жылы күртенің жағасымен түстес) түсті жасанды теріден жасалған құлақшын;
сұр түсті, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара түсті жасанды теріден жасалған алынатын тері жағасы бар жылы күрте сұр түсті, жылы шалбарымен;
жылы, сұр түсті, қысқартылған, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара түсті жасанды теріден жасалған алынатын тері жағасы бар күрте сұр түсті, жылы жартылай комбинезонымен;
көгілдір немесе ақ түсті жейде;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка;
сұр түсті галстук;
классикалық модельдегі немесе арнайы қара түсті,
жылы аяқ киім;
галошы бар немесе галошы жоқ пима, резеңке етік (климаттық жағдайларға және қызмет атқару жағдайларына байланысты).
3. Кеңсе үй-жайларына арналған нысанды киім:
ерлерге арналған күңгірт түсті бір өңірлік пиджак,
бітімінің төменгі жағы тарылған күңгірт түсті шалбар; көгілдір немесе ақ түсті жейде;
күңгірт түсті галстук;
классикалық модельдегі қара түсті аяқ киім.
3-1. Жедел ден қою мобильді топтарының күзетшілері үшін жазғы нысанды киім:
бейсболка немесе сұр түсті кепи немесе қорғану дулығасы;
сұр түсті қысқартылған күрте;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка немесе футболка-поло;
сұр түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;
қара түсті (қонышты бәтеңке, кроссовки) арнайы аяқ киім.
3-2. Жедел ден қою мобильді топтарының күзетшілеріне арналған қысқы нысанды киім:
сұр немесе қара түсті (жылы күртенің жағасымен түстес) тоқылған бөрік;
сұр немесе қара түсті табиғи жақсартылған қой терісінен немесе жасанды теріден жасалған алмалы тері жағасы бар немесе алмалы капюшоны бар сұр түсті қысқартылған жылы күрте, сұр түсті жылы жартылай комбинезонымен;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка;
сұр немесе қою сұр түсті трикотаж водолазка;
қара түсті (ұзын қонышты бәтеңке) арнайы жылы аяқ киім.
4. Омырау белгісі:
белгінің пішіні тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және "КҮЗЕТ" деген сары түсті жазуы бар;
белгі негізінің түсі - сұр немесе көгілдір;
белгінің көлемі - 120x30 мм;
белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жақ омырау қалтасының жоғары жағына тағылады;
белгі тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
5. Арқадағы белгі:

белгі жиегінің түсі - сұр немесе көгілдір;
белгінің көлемі - 280x80 мм;
белгі жазғы және қысқы күртелердің артқы жағына жапсырылады, белгінің жоғарғы жағы жауырын тігісі бойынша орналасады;

6. Жеңдегі белгі:
пішінін, түс гаммасын, материал және дайындау тәсілін жеке күзет ұйымы белгілейді;
белгіде корпоративтік логотип және жеке күзет ұйымының атауы бейнеленеді;
белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жеңінде иық тігісінен 120 мм төмен жапсырылады;
Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдары қауымдастығы мүшелерінің қызметкерлері үшін корпоративтік жеңдегі белгімен бірдей дайындалған Қауымдастықтың логотипі бар белгіні тағуға болады, Белгі жейденің, жазғы және қысқы күртелердің оң жеңіне, сол жеңдегі белгімен деңгейлес жапсырылады.
7. Бас киімдердегі белгілер:
тоқымашылық жолымен әзірленген белгілерде немесе тез балқығыш металдан жасалған кокардаларда күзет ұйымының корпоративтік логотипі болады;
сопақша белгінің көлемі - көлденеңінен 70 мм,
тігінен 40 мм;
дөңгелек белгінің диаметрі - 40 мм;
кокарданың көлемі: биіктігі - 60 мм, ені - 40 мм;
белгілер бас киімнің алдыңғы бөлігінің ортасына жапсырылады.
8. Офистік үй-жайларға арналған киімдегі белгілер:
офистік үй-жайларға арналған киімнің жеңіне тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен белгі салынады және ол тозуға төзімді болуы тиіс;
пішінін, түс гаммасын, материалын және дайындау тәсілін жеке күзет ұйымы белгілейді
белгіде корпоративтік логотип және жеке күзет ұйымының атауы бейнеленеді;
белгі жейделердің және пиджактардың сол жеңінде иық тігісінің 120 мм төмен жапсырылады

Болмашы

      ";

      реттік нөмірі 49-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

49

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам жеке күзет ұйымының басшысы болып табылмайды

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 50-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

50

Басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам жеке күзет ұйымының басшысы болып табылмайды

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 53-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

53

Жеке күзет ұйымының басшысы кемінде үш жыл бұрын жеке күзет ұйымы күзетшісі лауазымында қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 65-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

65

Жеке күзет ұйымының күзетшісімен
кемінде үш жыл бұрын ұқсас лауазымында қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

72

Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері "Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген) бекітілген Нысанды киім киіп жүру қағидаларын сақтайды:
1. Күзетшілер, жүргізуші-күзетшілер нысанды киімді күзетілетін объектілерде, жүктерге ілесіп жүру кезінде, жедел ден қою мобильді топтар құрамында қызмет атқару кезінде киеді.
2. Әйелдердің нысанды киімі тиісті киім пішімі ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы эскиз бойынша тігіледі.
3. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау бойынша қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын нысанды киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Тараптардың келісуі бойынша күзет қызметін көрсету офистік үй-жайларға арналған нысанды киіммен жүзеге асырылады. Жазғы уақытта пиджаксыз, жеңі қысқа көйлекпен қызмет атқаруға жол беріледі. Күртенің (көйлектің) сол жақ төс қалтасында күзет ұйымының атауы жазылған және логотипі бар бейдж бекітіледі. Бейдждің ортасына "КҮЗЕТ" деген жазу жазылады. Күзетшінің тегін және аты-жөнін немесе атын көрсетуге болады.
5. Офистік үй-жайларды күзету бойынша қызмет көрсету бас киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Сыртқы бекеттерде қызмет атқаратын күзетшілер:қыс мезгілінде ауаның температурасы төмендеген кезде-тұлыптар (ішіктер) және теріден тігілген унтылар киюге;
нысанды киімнің (күртенің) кеудесіне және арқасына жарық шағылыстыратын жолақтар тағуға болады.
7. Жазғы уақытта күртесіз және галстуксыз қысқа жең жейде не жейдесіз белгіленген үлгідегі омыраудағы және жеңдегі белгілермен футболка немесе футболка-поло не жейденің орнына футболка, шалбар және күрте киюге болады.

Болмашы

      ";

      реттік нөмірі 73-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

73

Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің "Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген) бекітілген Нысанды киім үлгілеріне сәйкес келетін нысанды киімінің болуы:
1. Жазғы нысанды киім:
бейсболка немесе сұр түсті кепи;
сұр түсті күрте;
сұр түсті қысқартылған күрте;
көгілдір немесе ақ түсті жейде;
көгілдір немесе ақ түсті трикотаж футболка;
сұр түсті галстук;
сұр түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;
классикалық модельдегі немесе қара түсті нысанды аяқ киім.
2. Қысқы нысанды киім:
тоқылған, сұр немесе қара (жылы күртенің жағасымен түстес) түсті бөрік;
табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара (жылы күртенің жағасымен түстес) түсті жасанды теріден жасалған құлақшын;
сұр түсті, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара түсті жасанды теріден жасалған алынатын тері жағасы бар жылы күрте сұр түсті жылы шалбарымен;
жылы, сұр түсті, қысқартылған, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара түсті жасанды теріден жасалған алынатын тері жағасы бар күрте сұр түсті, жылы жартылай комбинезонымен;
көгілдір немесе ақ түсті жейде;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка;
сұр түсті галстук;
классикалық модельдегі немесе арнайы қара түсті, жылы аяқ киім;
галошы бар немесе галошы жоқ пима, резеңке етік (климаттық жағдайларға және қызмет атқару жағдайларына байланысты).
3. Кеңсе үй-жайларына арналған нысанды киім:
ерлерге арналған күңгірт түсті бір өңірлік пиджак,
бітімінің төменгі жағы тарылған күңгірт түсті шалбар;
көгілдір немесе ақ түсті жейде;
күңгірт түсті галстук;
классикалық модельдегі қара түсті аяқ киім.
3-1. Жедел ден қою мобильді топтарының күзетшілері үшін жазғы нысанды киім:
бейсболка немесе сұр түсті кепи немесе қорғану дулығасы;
сұр түсті қысқартылған күрте;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка немесе футболка-поло;
сұр түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;
қара түсті (қонышты бәтеңке, кроссовки) арнайы аяқ киім.
3-2. Жедел ден қою мобильді топтарының күзетшілеріне арналған қысқы нысанды киім:
сұр немесе қара түсті (жылы күртенің жағасымен түстес) тоқылған бөрік;
сұр немесе қара түсті табиғи жақсартылған қой терісінен немесе жасанды теріден жасалған алмалы тері жағасы бар немесе алмалы капюшоны бар сұр түсті қысқартылған жылы күрте, сұр түсті жылы жартылай комбинезонымен;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка;
сұр немесе қою сұр түсті трикотаж водолазка;
қара түсті (ұзын қонышты бәтеңке) арнайы жылы аяқ киім.
4. Омырау белгісі:
белгінің пішіні тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және "КҮЗЕТ" деген сары түсті жазуы бар;
белгі негізінің түсі - сұр немесе көгілдір;
белгінің көлемі - 120x30 мм;
белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жақ омырау қалтасының жоғары жағына тағылады;
белгі тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
5. Арқадағы белгі:
белгінің пішіні тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және "КҮЗЕТ" деген сары түсті жазуы бар;
белгі жиегінің түсі - сұр немесе көгілдір;
белгінің көлемі - 280x80 мм;
белгі жазғы және қысқы күртелердің артқы жағына жапсырылады, белгінің жоғарғы жағы жауырын тігісі бойынша орналасады;
белгі тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
6. Жеңдегі белгі:
пішінін, түс гаммасын, материал және дайындау тәсілін жеке күзет ұйымы белгілейді;
белгіде корпоративтік логотип және жеке күзет ұйымының атауы бейнеленеді;
белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жеңінде иық тігісінен 120 мм төмен жапсырылады;
Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдары қауымдастығы мүшелерінің қызметкерлері үшін корпоративтік жеңдегі белгімен бірдей дайындалған Қауымдастықтың логотипі бар белгіні тағуға болады, Белгі жейденің, жазғы және қысқы күртелердің оң жеңіне, сол жеңдегі белгімен деңгейлес жапсырылады.
7. Бас киімдердегі белгілер:
тоқымашылық жолымен әзірленген белгілерде немесе тез балқығыш металдан жасалған кокардаларда күзет ұйымының корпоративтік логотипіболады;
сопақша белгінің көлемі - көлденеңінен 70 мм, тігінен 40 мм;
дөңгелек белгінің диаметрі - 40 мм;
кокарданың көлемі: биіктігі - 60 мм, ені - 40 мм;
белгілер бас киімнің алдыңғы бөлігінің ортасына жапсырылады.
8. Офистік үй-жайларға арналған киімдегі белгілер:
офистік үй-жайларға арналған киімнің жеңіне тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен белгі салынады және ол тозуға төзімді болуы тиіс;
пішінін, түс гаммасын, материалын және дайындау тәсілін жеке күзет ұйымы белгілейді;
белгіде корпоративтік логотип және жеке күзет ұйымының атауы бейнеленеді;
белгі жейделердің және пиджактардың сол жеңінде иық тігісінің 120 мм төмен жапсырылады

Болмашы

      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарында:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

МОО және олардың филиалдарының құрылтайшыларымен (қатысушыларымен), басшыларымен кемінде үш жыл бұрын жеке күзет ұйымы күзетшісі лауазымында қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

Өрескел

      ";

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26

МОО және олардың филиалдарының құрылтайшыларымен (қатысушыларымен), басшыларыменкемінде үш жыл бұрын жеке күзет ұйымы күзетшісі лауазымында қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

Өрескел

      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағында

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам жеке күзет ұйымының басшысы болып табылмайды

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе басшы лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған адам жеке күзет ұйымының басшысы болып табылмайды

      ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Жеке күзет ұйымының басшысымен кемінде үш жыл бұрын жеке күзет ұйымы күзетшісі лауазымында қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

      ";

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23

Жеке күзет ұйымының күзетшілерімен кемінде үш жыл бұрын осыған ұқсас лауазымда қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

      ";

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30

Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің "Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген) Нысанды киім үлгілеріне сәйкес келетін нысанды киімінің болуы:
1. Жазғы нысанды киім:
бейсболка немесе сұр түсті кепи;
сұр түсті күрте;
сұр түсті қысқартылған күрте;
көгілдір немесе ақ түсті жейде;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка немесе футболка-поло;
сұр түсті галстук;
сұр түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;
классикалық модельдегі немесе қара түсті нысанды аяқ киім.
2. Қысқы нысанды киім:
тоқылған, сұр немесе қара (жылы күртенің жағасымен түстес) түсті бөрік;
табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара (жылы;
күртенің жағасымен түстес) түсті жасанды теріден жасалған құлақшын;
сұр түсті, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара түсті жасанды теріден жасалған алынатын тері жағасы бар жылы күрте сұр түсті, жылы шалбарымен;
жылы, сұр түсті, қысқартылған, табиғи жақсартылған қой терісінен немесе сұр немесе қара түсті жасанды теріден жасалған алынатын тері жағасы бар күрте сұр түсті, жылы жартылай комбинезонымен;
көгілдір немесе ақ түсті жейде;көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка;
сұр түсті галстук;
классикалық модельдегі немесе арнайы қара түсті, жылы аяқ киім;
галошы бар немесе галошы жоқ пима, резеңке етік (климаттық жағдайларға және қызмет атқару жағдайларына байланысты).
3. Кеңсе үй-жайларына арналған нысанды киім:
ерлерге арналған күңгірт түсті бір өңірлік пиджак;
білімінің төменгі жағы тарылған күңгірт түсті шалбар;
көгілдір немесе ақ түсті жейде;
күңгірт түсті галстук;
классикалық модельдегі қара түсті аяқ киім.
3-1. Жедел ден қою мобильді топтарының күзетшілері үшін жазғы нысанды киім:
бейсболка немесе сұр түсті кепи немесе қорғану дулығасы;
сұр түсті қысқартылған күрте;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка немесе футболка-поло;
сұр түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;
қара түсті (қонышты бәтеңке, кроссовки) арнайы аяқ киім.
3-2. Жедел ден қою мобильді топтарының күзетшілеріне арналған қысқы нысанды киім:
сұр немесе қара түсті (жылы күртенің жағасымен түстес) тоқылған бөрік;
сұр немесе қара түсті табиғи жақсартылған қой терісінен немесе жасанды теріден жасалған алмалы тері жағасы бар немесе алмалы капюшоны бар сұр түсті қысқартылған жылы күрте, сұр түсті жылы жартылай комбинезонымен;
көгілдір, ақ, сұр немесе қою сұр түсті трикотаж футболка;
сұр немесе қою сұр түсті трикотаж водолазка;
қара түсті (ұзын қонышты бәтеңке) арнайы жылы аяқ киім.
4. Омырау белгісі:
белгінің пішіні тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және "КҮЗЕТ" деген сары түсті жазуы бар;
белгі негізінің түсі - сұр немесе көгілдір;
белгінің көлемі - 120x30 мм;
белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жақ омырау қалтасының жоғары жағына тағылады;
белгі тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
5. Арқадағы белгі:
белгінің пішіні тікбұрышты, периметрі бойынша сары түсті жиегі және "КҮЗЕТ" деген сары түсті жазуы бар;
белгі жиегінің түсі - сұр немесе көгілдір;
белгінің көлемі - 280x80 мм;
белгі жазғы және қысқы күртелердің артқы жағына жапсырылады, белгінің жоғары жағы жауырын тігісі бойынша орналасады;
белгі тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен әзірленеді және тозуға төзімді болуы тиіс.
6. Жеңдегі белгі:
пішінін, түс гаммасын, материал және дайындау тәсілін жеке күзет ұйымы белгілейді;
белгіде корпоративтік логотип және жеке күзет ұйымының атауы бейнеленеді;
белгі жейделердің, жазғы және қысқы күртелердің сол жеңінде иық тігісінен 120 мм төмен жапсырылады;
Қазақстан Республикасының Күзет ұйымдары қауымдастығы мүшелерінің қызметкерлері үшін корпоративтік жеңдегі белгімен бірдей дайындалған Қауымдастықтың логотипі бар белгіні тағуға болады, Белгі жейденің, жазғы және қысқы күртелердің оң жеңіне, сол жеңдегі белгімен деңгейлес жапсырылады.
7. Бас киімдердегі белгілер:
тоқымашылық жолымен әзірленген белгілерде немесе тез балқығыш металдан жасалған кокардаларда күзет ұйымының корпоративтік логотипі болады;
сопақша белгінің көлемі - көлденеңінен 70 мм, тігінен 40 мм;
дөңгелек белгінің диаметрі - 40 мм;
кокарданың көлемі: биіктігі - 60 мм, ені - 40 мм;
белгілер бас киімнің алдыңғы бөлігінің ортасына жапсырылады.
8. Офистік үй-жайларға арналған киімдегі белгілер:
офистік үй-жайларға арналған киімнің жеңіне тоқымашылық, кестелеу, жібекпен тігу, термотрансфер жолымен белгі салынады және ол тозуға төзімді болуы тиіс;
пішінін, түс гаммасын, материалын және дайындау тәсілін жеке күзет ұйымы белгілейді;
белгіде корпоративтік логотип және жеке күзет ұйымының атауы бейнеленеді;
белгі "Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығы жейделердің және пиджактардың сол жеңінде иық тігісінің 120 мм төмен жапсырылады

      ";

      реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

31

Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері "Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген) Нысанды киімді киіп жүру қағидаларын сақтайды:
1. Күзетшілер, жүргізуші-күзетшілер нысанды киімді күзетілетін объектілерде, жүктерді алып жүру кезінде, жедел ден қою мобильді топтар құрамында қызмет атқару кезінде киеді.
2. Әйелдердің нысанды киімі тиісті киім пішімі ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы эскиз бойынша тігіледі.
3. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау бойынша қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілігін айқындайтын нысанды киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Тараптардың келісуі бойынша күзет қызметін көрсету офистік үй-жайларға арналған нысанды киіммен жүзеге асырылады. Жазғы уақытта пиджаксыз, жеңі қысқа көйлекпен қызмет атқаруға жол беріледі. Күртенің (көйлектің) сол жақ төс қалтасында күзет ұйымының атауы жазылған және логотипі бар бейдж бекітіледі. Бейдждің ортасына "КҮЗЕТ" деген жазу жазылады. Күзетшінің тегін және аты-жөнін немесе атын көрсетуге болады.
5. Офистік үй-жайларды күзету бойынша қызмет көрсету бас киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Сыртқы бекеттерде қызмет атқаратын күзетшілер:
қыс мезгілінде ауаның температурасы төмендеген кезде тұлыптар (ішіктер) және теріден тігілген унтылар киюге;
нысанды киімнің (күртенің) кеудесіне және арқасына жарық шағылыстыратын жолақтар тағуға болады.
7. Жазғы уақытта күртесіз және галстуксыз қысқа жең жейде не жейдесіз белгіленген үлгідегі омыраудағы және жеңдегі белгілермен футболка немесе футболка-поло не жейденің орнына футболка, шалбар және күрте киюге болады.

      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне мемлекеттік бақылау жасау бойынша тексеру парағында:

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

МОО және олардың филиалдарының құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары кемінде үш жыл бұрын жеке күзет ұйымы күзетшісі лауазымында қызмет атқарған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының негізінде тармақшаларда көрсетілген жағдайда еңбек шарты бұзылмаған:
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пайдаланған;
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Ә. Ирғалиев
     
      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е. Тұрғымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеті