1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесінде:
«
1.
|
Темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамынан басқа, жерүсті көлігі құралдары және олардың бөліктері мен керек-жарақтары СЭҚ ТН 8702, 8703, 8705 кодтары бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде ұсынылатын көлік техникасын қоспағанда
|
».
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі