"Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/623 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 наурызда № 22318 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10093 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ауданда облыстың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, ауылдық округте ветеринариялық пункті бар мемлекеттік ветеринариялық ұйымды құрады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі