"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 22108 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерту мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулының нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаның нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар есебіне мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің күшін жою туралы шешімнің нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарламаның нысаны;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының нысаны;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден бас тарту туралы хаттаманың нысаны;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес құжаттарды не олардың көшірмесін алу актісінің нысаны;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысаны;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес нұсқаманың нысаны;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес нұсқамаға қосымша нұсқаманың нысаны;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаның нысаны;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы хабарламаның нысаны;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысаны;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес бюджеттен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексеру актісіне қорытындының нысаны;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарынан келіп түскен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының алуы туралы хабарламаның нысаны;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алуға мемлекеттік кірістер органдары шешімінің нысаны;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы хабарламаның нысаны;

      29-1) осы бұйрыққа 29-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларды тапсырмауы туралы хабарламаның нысаны;

      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің тұрған жерін (жоқтығын) растау туралы хабарламаның нысаны;

      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес салық талабының нысаны;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімнің нысаны;

      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімге қосымша шешімнің нысаны;

      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап нысаны;

      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

      36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдануға патенттің нысаны;

      37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес салық режимін қолдану туралы хабарламаның нысаны;

      38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органы есептеген салықтар сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындының нысаны бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 29-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 21 қаңтардағы
№ 37 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
29-1-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларды тапсырмауы туралы хабарлама

20___ жылғы "___"_____________

№ ______

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 114-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Сізді

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      __________________________________________________________________________

                  (салық декларациясыны атауы және салық кезеңі)

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларды тапсырмауы туралы хабардар етеді.

      Салық кодексінің 187, 188-баптарына сәйкес жеке тұлға жоғарыда көрсетілген хабарламамен келіспеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағымдануына құқығы бар.

      Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, мөрі)

      Хабарламаны

      ___________________________________________________________________ алдым.

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)

      Хабарлама жеке тұлғаға

      ______________________________________________________________ тапсырылды.

      (мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда), қолы, күні)

      Хабарлама жеке тұлғаға

      ________________________________________________________________ жолданды.

                  (жолдау және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)