Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 1/56 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 1609 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
  2020 жылғы 28 ақпандағы
  № 1/56
  қаулысына қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған
қаулыларының тізбесі

      1) Алматы қаласы әкімдігінің "Туристік ақпаратты; оның ішінде туристік әлеует; туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1189 тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2015 жылғы 3 шілдедегі № 3/420 қаулысы;

      2) Алматы қаласы әкімдігінің "Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 3 шілдедегі № 3/420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1284 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/123 қаулысы;

      3) Алматы қаласы әкімдігінің "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1285 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) 2016 жылғы 8 сәуірдегі №2/124 қаулысы.