Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 маусымда № 6847 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының сессия төрағасы Б. Баткеев
      Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы А. Шайхимов

  Павлодар аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
15 мамыры № 71/315
шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Павлодар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалын әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі Павлодар ауданының бөлімі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Павлодар ауданының ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасында атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      5) 31 мамыр- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      6) 1 қазан – Қарттар күні;

      7) 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының
тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін
белгілеу тәртібі

      5. Әлеуметтік көмек келесі санаттар қатарынан азаматтарға көрсетіледі: 

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      1-1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      1-2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      2-1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      2-2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      2-3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      2-4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2-5) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2-6) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2-7) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер:

      3-1) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      3-2) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      4-1) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      4-2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      5) еңбек ардагерлері:

      5-1) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      5-2) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      6) осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      6-1) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      6-2) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары;

      7) мүгедектер, атап айтқанда:

      7-1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      7-2) бірінші топтағы мүгедектер;

      7-3) екінші топтағы мүгедектер;

      7-4) кәмелетке толмаған балалары бар үшінші топтағы мүгедектер;

      7-5) сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасылар;

      8) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      8-1) қатерлі ісіктер ауруларына шалдыққан адамдар;

      8-2) туберкулез ауруына шалдыққан адамдар;

      8-3) адамның иммун тапшылығы вирусы ауыруымен ауыратын 16 жасқа дейінгі балалар;

      8-4) адамның иммун тапшылығы вирусы ауыруымен ауыратын 16 жастан асқан адамдар;

      9) жалпы білім беретін мектептің ағымдағы жылы түлектері санынан, атап айтқанда:

      9-1) жетім балалар;

      9-2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      9-3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын отбасылардан балалар;

      10) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан тұрғын үйлері зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      12) аз қамтамасыз етілген азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:

      12-1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы көмек) алушылар қатарынан азаматтар;

      12-2) атаулы көмек алушылар қатарынан төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар (отбасылар);

      13) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:

      13-1) 12 аптаға дейін жүктілік бойынша есепке тұру үшін аудандық емханаға уақтылы жүгінген жүкті әйелдер;

      14) зейнеткерлік жасқа жеткен, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын адамдар, атап айтқанда:

      14-1) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;

      14-2) 80 және одан жоғары жастағы зейнеткерлер;

      15) зейнеткерлік жасқа жеткен толған жалғызілікті және жалғыз тұратын адамдар;

      16) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

      17) бірінші, екінші және үшінші топтағы жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектер;

      18) саяси қуғын-сүргіннің құрбаны және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар.

      6. Уәкілетті орган кірісті есепке алмай:

      1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың 2-2), 2-3), 2-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-2) Халықаралық әйелдер күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың 12-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      1-3) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      1-4) Отан қорғаушы күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың 2-5), 2-6), 6-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-5) Жеңіс күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың 1-1), 1-2), 2-1), 2-7), 3-1), 3-2), 4-1), 4-2), 5-1), 5-2), 6-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-6) Қарттар күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың 14-1), 14-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-7) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде 5-тармақтың 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін көрсетеді;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) 5-тармақтың 1-1), 1-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;

      2-2) 5-тармақтың 3-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін электр жылуын орнатуға нақты шығындар бойынша осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 40 (қырық) АЕК мөлшерінде;

      2-3) 5-тармақтың 1-1), 1-2), 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 3-1), 3-2), 4-1), 4-2), 5-1), 5-2), 6-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жазылушылардың таңдауы бойынша мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға уәкілетті органның тізімі негізінде нақты құны бойынша;

      2-4) 5-тармақтың 8-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      2-5) 5-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша) 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

      2-6) 5-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      2-7) 5-тармақтың 3-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 54 (елу төрт) АЕК мөлшерінде;

      2-8) осы Қағидалардың 5-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санат және оны қарауға және емделуге алып жүретін адамға осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасын, медициналық мекеменің жолдамасын, тұруға, баратын жеріне дейінгі және тұрғылықты жеріне кері жүру билеттеріне шығындарын растайтын түбіртектерді қоса отырып, уәкілетті органға өтініш негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерде;

      2-9) 5-тармақтың 7-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін келесі құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде (әлеуметтік бейімделу мен оңалтуға): баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, тиісті медициналық мекемеден баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      2-10) 5-тармақтың 8-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      2-11) 5-тармақтың 3-1), 5-1), 5-2), 12-1), 7-2), 15) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін улы газ датчиктерін және газталдағыштарды орнату үшін осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде нақты құны бойынша 3 (үш) артық емес АЕК;

      2-12) 5-тармақтың 17) тармақшасында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      2-13) 5-тармақтың 7-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін санаторийге ілесіп жүруге осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, тұруға және тамақтануға, баратын жеріне дейінгі және тұрғылықты жеріне кері жүру билеттеріне шығындарын растайтын түбіртектерді қоса отырып, уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 40 (қырық) АЕК мөлшерде;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) 5-тармақтың 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 3-2), 4-1), 4-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға уәкілетті органның тізімі негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      4-1) 5-тармақтың 1-1), 1-2), 3-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 7 ай (1 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру маусымы кезеңінде электрмен жылыту бойынша шығындарды өтеуге осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      4-2) 5-тармақтың 1-1), 1-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде дәрі-дәрмек сатып алуға 1 (бір) АЕК мөлшерінде, телефон үшін абоненттік төлемге 1 (бір) АЕК мөлшерінде;

      4-3) 5-тармақтың 1-1), 1-2), 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 3-2), 4-1), 4-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге уәкілетті органның тізімі негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      4-4) 5-тармақтың 1-1), 1-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге уәкілетті органның тізімі негізінде 1,3 (бір бүтін оннан үш) АЕК мөлшерінде;

      4-5) 5-тармақтың 8-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін амбулаториялық емделуден өту кезеңінде тамақтануға Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының поликлиникасы" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      4-6) 5-тармақтың 7-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және медициналық мекеменің емделу курсын алғаны туралы растама-анықтамасын қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      4-7) 5-тармақтың 12-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін нақты шығындар бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды іске асыратын ұйымдардың тізімдері негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың ақытөлеу сомасын өтеуге;

      4-8) 5-тармақтың 8-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

      5) табысын ескере отырып біржолғы әлеуметтік көмек:

      5-1) 5-тармақтың 12-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін жеке ауланы дамытуға осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК дейінгі мөлшерде;

      5-2) 5-тармақтың 12-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      5-3) 5-тармақтың 13-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      6) 5-тармақтың 9-1), 9-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін табыстарын есепке алмай әлеуметтік көмек:

      6-1) біржолғы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Павлодар қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеуге (білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстан өтпеген жалпы білім беретін мектептердің ағымдағы жылғы түлектеріне) оқу жылы үшін нақты оқу құны мөлшерінде;

      6-2) ай сайын оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне бару үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы мен өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсету туралы үшжақты келісім-шартты қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде көрсетіледі.

      7) 5-тармақтың 9-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін табыстарын ескере отырып әлеуметтік көмек:

      7-1) біржолғы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Павлодар қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеуге (білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстан өтпеген жалпы білім беретін мектептердің ағымдағы жылғы түлектеріне) оқу жылы үшін нақты оқу құны мөлшерінде;

      7-2) ай сайын оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне бару үшін 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы мен өтініш беруші қол қойған білім беру қызметтерін көрсету туралы үшжақты келісім-шартты қоса отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде көрсетіледі.

      8) табысын ескере отырып ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      8-1) 5-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санат үшін нақты шығындар бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды іске асыратын ұйымдардың тізімдері негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың ақытөлеу сомасын өтеуге.

      7. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне екінші деңгейдегі банктерден немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы дербес шотының нөмірін көрсете отырып, өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжатты ұсынады.

      11. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      12. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Павлодар ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару
үшін негіздемелер

      13. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Павлодар ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      14. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      15. Әлеуметтік көмек мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Павлодар аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
15 мамырдағы № 71/315
шешіміне қосымша

Павлодар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3734 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 39/270 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4049 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 ақпандағы "Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 42/328 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4366 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 наурызда аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      4. Павлодар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі "Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 4/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдеде аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      5. Павлодар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы "Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" № 23/127 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5683 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы "Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 28/150 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5874 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы "Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 36/189 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6055 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы "Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 53/240 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6365 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 мамырда аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).