Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 341 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 тамызда № 9353 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы П. Князев
      Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С. Кстаубаева

  Мәслихаттың
2020 жылғы 28 шілдедегі
№ 341 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының (бұдан әрі – Алтынсарин ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Алтынсарин ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Алтынсарин ауылының тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Алтынсарин ауылының әкімі шақырады.

      Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Алтынсарин ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Алтынсарин ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Алтынсарин ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Алтынсарин ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Алтынсарин ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Алтынсарин ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Алтынсарин ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Алтынсарин ауылы әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2020 жылғы 28 шілдедегі
№ 341 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдердің саны (адам)

1

Алтынсарин ауылы

19