Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдер сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 394 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 9120 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдер сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Айткужинов
      Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы А. Кабиев

  Мәслихаттың
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 394 шешіміне
1-қосымша

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің (бұдан әрі – Мүктікөл ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және ауылдық округ тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Мүктікөл ауылдық округтің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Мүктікөл ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Мүктікөл ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Мүктікөл ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Мүктікөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Мүктікөл ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Мүктікөл ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Мүктікөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Мүктікөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 394 шешіміне
2-қосымша

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдер сандық құрамы

Елді мекенінің, көшенің атауы

Өкілдер саны (адам)

1

Мүктікөл ауылы

15


Животноводческая көшесі

2


Торговая көшесі

3


Ленина көшесі

1


Урожайная көшесі

2


Семенюка көшесі

3


Новая көшесі

2


Набережная көшесі

1


Клубная көшесі

1

2

Тимирязев ауылы

3


Джамбула көшесі

1


Чехова көшесі

1


Садовая көшесі

1

3

Волгоград ауылы

1


Советская көшесі

1


Барлығы:

19