Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 маусымда № 9264 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ардагерлерге және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға санаторий-курорттық емделуді ұсыну түрінде әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара облыстық бюджетте көзделген сома шегінде белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы В. Семейкин
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов