Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 57/518 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 4293 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 05-10-972 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/76 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3199 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 13 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Мұнайлы аудандық мәслихаты
      хатшысының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы С. Битан

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 57/518 шешіміне 1 қосымша

Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын

      Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын: Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің жанындағы "Жастар" алаңы.

      Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: Маңғыстау ауылындағы "Айгул" дүкеніне қарама-қарсы реттелмеген қиылыстан Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимаратына дейінгі автомобиль жолы.

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 57/518 шешіміне 2 қосымша

Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Осы Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Мұнайлы ауданының әкімдігі бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды бейнебақылау камераларымен, оның ішінде бейнетіркеу мобильді кешендерімен, орындықтармен, жарықтандырумен, санитарлық-гигиеналық тораптармен, турникетпен және қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етеді.

      3. Бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы мың адамнан аспайды.

      4. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      5. Мұнайлы ауданы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға тыйым салынады.

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 15 қыркүйектегі
  № 57/518 шешіміне 3 қосымша

Мұнайлы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының 5 тармағында көрсетілген орындарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерінің, сонымен қатар Заңның 9 бабының 5 тармағында көрсетілген нысандарының қызметіне кедергі келтірмеу мақсатында, көрсетілген нысандардың 500 метр радиусында пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.