Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 32/375 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 4249 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/18 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.04.2021 №2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 05-10-948 ұсынысының және 2020 жылғы 27 мамырдағы № 05-10-966 ақпараттық хатының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3190 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" және 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";

      мемлекеттік тіліндегі 3 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ақтау қаласы әкімінің шешімімен құрылған комиссия;";

      мемлекеттік тіліндегі 10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "10. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды үйде оқуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек өтініш бойынша, табыс есебінсіз, ай сайын, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";

      келесідей мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Әлеуметтік көмек адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға өтініш бойынша емделуге және қосымша тамақтандыруға,табысын есебінсіз, Қазақстан Республикасы бойынша кемінде 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      14-2 тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағиданың 3 қосымшасында:

      9 жол алынып тасталсын;

      келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 10 жолмен толықтырылсын:

      "

10

Әлеуметтік көмек адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға

Қазақстан Республикасы бойынша кемінде 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде

Ай сайын

      ".

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы. Көшербай).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы,
      қалалық мәслихат хатшысы С.Зәкенов