Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 54/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 маусымда № 5856 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2938 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылдың 4 ақпанында № 3 "Вести Темиртау" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасындағы:

      1) 6-тармақ келесі мазмұндағы 1-2) тармақшасымен толықтырылсын:

      "1-2) Астана күні – 6 шілде;";

      2) 8-тармақ келесі мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "8-1) Адам иммуны тапшылығының вирусы бар балалар;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Урываев
      Қалалық мәслихат хатшысы А. Ломакин