Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 35-166 "Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 58-244 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 2 шілдеде № 5554 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 3-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 35-166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4966 тіркелген, 2019 жылдың 03 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы Е. Турумбетов
      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова