"Ақмола облысы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекараларын өзгерту туралы" бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № А-4/194 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 8 мамырдағы № 5С-13-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № А-6/316 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 маусымда № 7909 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заныңа сәйкес, "Ақмола облысы Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округінің Степногорское ауылын қайта атау туралы" бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-11/509 қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-11 шешімінің негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7449 болып тіркелген), Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекараларын өзгерту туралы" бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № А-4/194 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 8 мамырдағы № 5С-13-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3754 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 маусымда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакциясында жазылсын:

      "1. Ақкөл ауданы Бөгенбай ауылдық округінің жалпы көлемі 10711 гектар жерлерін, оның ішінде Бөгенбай ауылының 5363 гектар жерлері, Байқоныс ауылының 5348 гектар жерлері, сонымен қатар Бөгенбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларындағы Ақкөл ауданының басқа санаттағы жалпы көлемі 112289 гектар жерлерін Степногорск қаласының шекарасына беру арқылы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекаралары қосымшаға сәйкес өзгертілсін.";

      көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасында:

      "Степногорское" сөзі "Байқоныс" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев
      Сессияның төрағасы,
Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
С.Аяганов