Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/21 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қаңтарда № 7662 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 20 қаңтар
№ А-/21 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № А-7/293 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4914 болып тіркелген, 2015 жылғы 06 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № А-7/293 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/570 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6286 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).

      3. "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № А-8/391 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7338 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған).