"Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 22023 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Іргелес аумақтағы жасыл желектер жойылған жағдайда, қарамағында осы аумақ бар заңды немесе жеке тұлға өтемдік отырғызуды он есе мөлшерде жүргізеді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады және жиырма есе мөлшерде ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген ағаштар заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштарды өтемдік отырғызу отыз есе мөлшерде жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі