"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22011 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, сондай-ақ "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бөлігі;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын сырғалар (аспалы, радиожиілік таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;

      6) процессингтік орталық – функцияларын Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарлар басының саны осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі символдарының санынан асқан жағдайда, осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі символдарының санын ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірін бір символға ұлғайту жолымен ұлғайтуға жол беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне мыналар кіреді:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беру;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес мәліметтерді дерекқорға енгізу;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт беру.";

      19, 20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындайды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган):

      1) ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін – ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;

      2) ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін – келесі жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;

      3) осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктің туындауына қарай ақпарат береді.

      20. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік туралы ақпаратты айқындайды және процессингтік орталыққа:

      1) ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін – ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;

      2) ағымдағы жылғы 15 наурызға дейін – келесі жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;

      3) осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктің туындауына қарай ақпарат береді.

      21. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізеді:

      1) жеке нөмірлердің жүргізілген эмиссиясының нәтижелерін жергілікті атқарушы органдарға жеткізеді;

      2) ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдауды (жеткізуді) және жергілікті атқарушы органдарға беруді жүзеге асырады.

      22. Облыстың жергілікті атқарушы органы:

      1) процессингтік орталықтан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың алынуына қарай ветеринариялық ұйымдарға олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды бөледі;

      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;

      3) тұрақты негізде дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.

      23. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) процессингтік орталықтан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың алынуына қарай ветеринариялық ұйымға олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды береді;

      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;

      3) тұрақты негізде дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ветеринариялық ұйым:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу уақыты мен орнын айқындайды;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;

      3) жануарға осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген сәйкестендіру тәсілдерімен жеке нөмір береді;

      4) дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады (дерекқорға деректерді енгізу);

      5) жануар иесіне осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес ветеринариялық паспорт береді.";

      28-тармақ алып тасталсын;

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бүлінген немесе жоғалған кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) жануар иесі басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ветеринариялық паспорттармен және дерекқормен салыстырып тексергенге дейін жануарды оқшаулайды.

      Егер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бірнеше ауыл шаруашылығы жануарларынан жоғалған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін анықтау ветеринариялық паспортта (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, қосымша белгілері) көрсетілетін қосымша деректер бойынша жүргізіледі.

      Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін белгілеу ауыл шаруашылығы жануарларының иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Осы тармақта көрсетілген себептер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын қайта бірдейлендіру жануар иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір бере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір беру кезінде дерекқорда және ветеринариялық паспортта ауыл шаруашылығы жануарын қайта бірдейлендіру себептерін көрсете отырып және осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген шараларды қабылдай отырып, ауыл шаруашылығы жануарының алдыңғы жеке нөміріне байланыстыра отырып, тиісті ақпарат (қайта бірдейлендірілді) көрсетіледі.

      30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлін бірдейлендіру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.

      Ауыл шаруашылығы құралымдары мен шаруа қожалықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесіне және ветеринариялық ұйымға басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік қызметті ветеринариялық ұйымдар көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді ветеринариялық ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2 және 31-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "31-1. Ветеринариялық ұйымның жұмыскері өтініш түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады және оны жауапты ветеринариялық дәрігерді тағайындайтын ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ветеринариялық ұйымда қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қою болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      31-2. Жауапты ветеринариялық дәрігер өтініш тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жауапты ветеринариялық дәрігер өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      31-3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты ветеринариялық дәрігер дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

      Ветеринариялық паспорт қағаз нысанында ресімделеді. Ветеринариялық паспортқа мәліметтерді ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері енгізеді, ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігерінің қолымен және мөрімен бекемделеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ветеринариялық паспортты алу орны, күні және уақыты туралы ақпарат не ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық дауалау және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерекқорға енгізіледі.";

      38, 39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жануар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде ветеринариялық паспорттарды және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдарды) жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне тиісті ақпаратты жолдай отырып, ветеринариялық ұйымдар жояды.

      39. Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру ол жоғалған немесе бүлінген кезде жүргізіледі.

      Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Жоғалған, бүлінген ветеринариялық паспорттар ауыл шаруашылығы жануарларының иелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.

      Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алуға өтініш келіп түскен кезде ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді, жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазумен және ветеринариялық паспорттың бастапқы берілген күні мен оны қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, ветеринариялық паспорттың телнұсқасын ресімдейді не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.

      40. Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме алу қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері отыз минут ішінде өтінішті қарайды және ветеринариялық паспорттан үзінді көшірмені береді не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 40-1 және 40-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "40-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ветеринариялық паспорт алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық паспорт алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      40-2. Ветеринариялық ұйым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ветеринариялық ұйымдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      41. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ветеринариялық ұйымның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ветеринариялық ұйым, жергілікті атқарушы орган басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      42. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      ветеринариялық ұйым, жергілікті атқарушы орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      43. Ветеринариялық ұйымның, жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      44. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 6-1 және 6-2-қосымшалармен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығына
1-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  (1-бет)/(страница 1)

Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт

      _____________________ село/аудан/район (қала/город)

      _____________________ облыс/область

  (2-бет)/(страница 2)

      Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: ____*

      Жануар туралы деректер / Данные о животном:

      Tүpi / Вид __________________________________________________________

      Жынысы / Пол ______________________________________________________

      Аты / Кличка ________________________________________________________

      Жасы (туған күні) / Возраст (дата рождения) _____________________________

      Бiрдейлендiру әдici / Способ идентификации ____________________________

      Малдың ата-енелері туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін) /

      Данные о родителях (для племенного животного) ________________________

Ауыл шаруашылығы жануарлары тиесілі иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы/ фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца или наименование юридического лица, которому принадлежат сельскохозяйственные животные

Иесiнiң немесе заңды тұлғаның мекенжайы /Адрес владельца или юридического лица

Топқа (отарға) паспорт берген кезде ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру нөмірі / Идентификационный номер сельскохозяйственных животных при выдаче паспорта на группу (отару)

Ауыл шаруашылығы жануарларының иесi ауыстырылған күн/ Дата смены владельца сельскохозяйственных животных

Ауыл шаруашылығы жануарлары иесiнiң ауыстырылуын растайтын, жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігерінің қолы мен мөpi/ Подпись и печать ветеринарного врача государственной ветеринарной организации, созданной местным исполнительным органом, подтверждающего смену владельца сельскохозяйственных животных




































      Берiлген күнi 20 __ жылғы __ ________ / Дата выдачи __ ________ 20 __ год

      (ветеринариялық паспорт берген,

      жергілікті атқарушы орган

      құрған мемлекеттік ветеринариялық

      ұйымның ветеринариялық дәрігерінің мөpi/

      печать ветеринарного врача государственной ветеринарной

      организации, созданной местным

      исполнительным органом, выдавшей

      ветеринарный паспорт) __________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы / фамилия, имя,

      отчество (при наличии), подпись)

      Ескертпе: *ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрiне сәйкес келедi. Паспортты ауыл шаруашылығы жануарларының тобына (отарына) берген кезде төртінші жеті сан (бірдейлендіру нөмipiнiң жеке тасымалдаушысы) көрсетілмейді. Бұл сандар жануарлар паспорты кecтeciнiң 3-бағанында көрсетіледі/Примечание: *номер ветеринарного паспорта соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственных животных. При выдаче паспорта на группу (отару) сельскохозяйственных животных четвертые семь цифр (индивидуальный носитель идентификационного номера) не указывается. Эти цифры указываются в 3 графе таблицы паспорта животного.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығына
2-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы
құрған ветеринариялық
ұйымның атауы)
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы _________________
_______________________

Өтініш

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу нәтижелері бойынша ветеринариялық паспорт беруді сұраймын.

      Жануардың түрі _____________________________________________

      Жануардың саны _______________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________

      Бірдейлендіру тәсілі (сырғалау, таңба басу, чип салу, татуировка) (керегінің астын сызу).

      Байланыс телефондары _________ Электронды мекенжайы _________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Қолы/ Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      _______________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні __________________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығына
3-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
6-1-қосымша

"Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) ветеринариялық паспорт беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
3) ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беру кезінде – 30 (отыз) минут ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ветеринариялық паспортты, ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Ветеринариялық паспорт қағаз нысанында беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық паспортты алу орны, күні және уақыты туралы ақпарат жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақытынан тыс құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақытының кестесіне сәйкес белгілейді;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған: www. gov. kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Ветеринариялық ұйымға жүгінген кезде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталда:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының ветеринариялық паспорт алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық паспорт алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығына
4-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
6-2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту ________________________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы)

      Сіздің 20 ___ жылғы ________ № __________ өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (бас тартуға негіздеме)

      __________________________________________________________________________

      (қол қоюшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы / электрондық цифрлық қолтаңба)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығына
5-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы
құрған ветеринариялық
ұйымның атауы)
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты( бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы _________________

Өтініш

      Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруді сұраймын.

      Себебі _____________________________________________

      Жануардың түрі _____________________________________________

      Жануардың саны _______________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________

      Байланыс телефондары _________ Электронды мекенжайы _________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Қолы/Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні __________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 412 бұйрығына
6-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы
құрған ветеринариялық
ұйымның атауы)
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты( бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы ________________

Өтініш

      Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беруді сұраймын.

      Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________

      Байланыс телефондары ____________ Электрондық мекенжайы_________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Қолы/ Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      ____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні ___________________