ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 Бұйрыққа қосымша |
"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушіге (бұдан әрі - Портал) жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қызметкері көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
Өтінім Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға рұқсат беруді сұраймын.
Жануарлар санын реттеу мақсаты және негізі | Алып қою тәсілдері (жою, олжалау, аулау, атып алу, жинау, соғып алу) | Аңшылық куәлігінің және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге, тасымалдауға арналған рұқсаттың нөмірін, берілген күнін және қолданылу мерзімін көрсете отырып, рұқсатты пайдалануға жауапты тұлға. Шетелдік үшін шетелдіктің тұрғылықты аумағында берілген аң аулауға және аң аулау кезінде қаруды пайдалануға құқық беретін құжаттардың нөмірін және берілген күнін көрсету. Балықтың санын реттеу жағдайында, балықшы куәлігінің нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі көрсетіледі. Шетелдік үшін шетелдіктің тұрғылықты аумағында берілген балық аулауға құқық беретін құжаттардың нөмірін және берілген күнін көрсету | Аң мен балық аулау объектілері болып табылмайтын жануарлардың атауы және алу көлемі (дарақ, тонна) (бір аңшыға қасқыр мен шибөріні үш дарақтан артық алмауға шектеу белгіленед) | Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, аңшылық шаруашылығы субъектісімен келісім бойынша аңшылық шаруашылығы аумағында) | Жануарлар-ды алу мерзімдері (күнтізбелік бір жылдан аспайды). Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою саны авиа -, автомото -, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолдана отырып реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттың негізінде жүргізіледі. | Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда) |
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы "__"___________
__________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық бөлімшелері |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары) | "электронды үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2017 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтінім. |
9 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен көрсетуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Саны реттелуі тиіс жануарлар түрлерiн алуға арналған № ____ рұқсат
Аңшылық куәлігінің және азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге, тасымалдауға арналған рұқсаттың нөмірін, берілген күнін және қолданылу мерзімін көрсете отырып, берілді (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі. | Жануарлар санын реттеу мақсаты және негізі | Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, аңшылық шаруашылығы субъектісімен келісім бойынша аңшылық шаруашылығы аумағында) | Алу тәсілдері (олжалау, аулау, атып алу, жинау, соғып алу) | Жануарлар түрлері және жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда) | Жануар-лардыалумерзімі | Аумақтық бөлімшеге рұқсаттың пайдаланылуы туралы есеп ұсыну мерзімі (рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде) | Бақылау (аумақтықбөлімшеніңатауы) жүктеледі |
Берілген күні 20___жылғы "___" ___________.
Берген:______________________________________________________________
(уәкілетті лауазымды адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)