Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21943 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 144-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10014 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 наурызда жарияланды);

      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 280 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19513 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 28 қазанда жарияланды).

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 361 бұйрығымен
бекітілген

Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 144-бабы 1 - тармағына сәйкес әзірленді, спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету (оның ішінде спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде) мынадай нысандарда ұсынылады:

      1) жоспарлы - спортшының өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, оны көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру спортшының жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтын, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      2) кезек күттірмейтін - спортшы мен жаттықтырушының өміріне айқын қауіп төндірмейтін, кенеттен болған қатты аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      3) шұғыл - денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

      3. Спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-188/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21637 болып тіркелген) бекітілген клиникалық хаттамаларды әзірлеу және қайта қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету мынадай жағдайларда:

      1) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді көздемейтін амбулаториялық жағдайларда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде;

      2) тәулік бойы медициналық бақылауды және емдеуді талап етпейтін және төсек-орын ұсына отырып, медициналық бақылауды және күндізгі уақытта емдеуді көздейтін стационарды алмастыратын жағдайларда;

      3) медициналық ұйымнан тыс: жедел медициналық көмек бригадасын шақыру орны бойынша, тасымалдау кезінде санитариялық автокөлікпен және медициналық авиациямен, сондай-ақ медициналық поездарда, жылжымалы (далалық) медициналық кешендерде, далалық госпитальдарда, трассалық медициналық-құтқару пункттерінде және қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылады.

      5. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның және Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның халықаралық стандартының тыйым салынған тізіміне енгізілген спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді пайдалану қажет болған жағдайда, Ұлттық допингке қарсы ұйым 2015 жылғы 1 қаңтардағы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің терапевтік пайдалану жөніндегі халықаралық стандартына сәйкес терапевтік пайдалануға рұқсат ресімдейді.

2-тарау. Cпорттық іс-шараларды өткізу кезінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету тәртібі

      6. Спорттық жарыстарды өткізу кезінде спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық көмек көрсету үшін спорттық жарыстарды ұйымдастырушының еркін нысанда жасалған өтініші негізінде денсаулық сақтау ұйымы басшысының шешімімен медициналық бригада құрылады.

      Медициналық топтың құрамына спорттық медицина дәрігері және орта медициналық қызметкер кіреді. Медициналық бригадалардың саны спорттық жарыстарға қатысушылардың санына, жарыстардың деңгейіне, спорт түріне, спорттық жарыстарды өткізу ерекшелігіне, спорттық жарыстарды өткізу жағдайларына және медициналық көрсеткіштер (сырқаттанушылық және спорттық жарақаттар) бойынша болжанатын өтініштердің санына байланысты қалыптастырылады.

      Медициналық бригаданың құрамына кіретін медицина қызметкері медициналық көмек көрсету кезінде жинақтауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 "Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" бұйрығымен айқындалған дәрі қорабын пайдаланады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21399 болып тіркелген).

      7. Оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылауды, спорттық жұмыс қабілеттілігін арттыруды, спорттағы шұғыл нысандағы медициналық көмекті және спорт гигиенасын қамтиды.

      8. Спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спортшылар мен жаттықтырушыларға медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайлары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық № ҚР ДСМ-175/2020) бекітілген 035/у нысаны бойынша спорттық іс-шараларда көрсетілетін медициналық көмекті тіркеу журналында тіркеледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      9. Спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спортшыларға медициналық көмек көрсетудің барлық жағдайларын спорт медицинасы бойынша дәрігер № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысаны бойынша "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасында" тіркейді.

3-тарау. Cпортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету

      10. Медициналық қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету қарқынды дене жүктемелерінен, аурулар мен жарақаттардан кейін спортшылардың денсаулығы мен функционалдық жағдайын қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.

      11. Спортшыларды денеге аса күш түсіруінен, аурулар мен жарақаттардан кейін қалпына келтіруді іске асыру үшін жеке оңалту бағдарламасы жасалады, онда аурудың немесе жарақаттың клиникалық ағымы, спорт түрінің ерекшелігі, спортшының жасы, біліктілігі және жынысы ескеріледі.

      Денеге аса күш түсіруінен, аурулар мен жарақаттардан кейін спортшыларды оңалтудың жеке бағдарламалары денсаулыққа зиян келтірместен жаттығулар мен жарыстарға оралу және спорттық іс-шаралар процесінде аурулар мен жарақаттардың алдын алу үшін спортшылардың денсаулығы мен функционалды жағдайын қалпына келтіруді қамтиды.

      Спортшыны оңалтудың жеке бағдарламасын спорттық медицина бойынша дәрігер реабилитолог-дәрігермен, физиотерапевтпен, массажистпен және медициналық көрсеткіштер бойынша бейінді мамандармен бірлесіп жасайды.