"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 21938 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 21 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықтың "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары" (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасында:

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру туралы өтінішті осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып береді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Анықтамада сауалнамалық деректер (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні (күні, айы, жылы) және жері) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.";

      6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендіргіші бойынша сәйкес келуі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ААЖ-ның деректері, оның ішінде соттылықты өтеу мерзімін есептеуді тексереді (өңдейді), одан кейін қызметті алушыға сұрау салуға жауап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберілетіні туралы хабарланатын аралық жауапты бір уақытта жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ресімделеді.";

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықтың "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары" атты 4-қосымшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүделлі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 161 бұйрығына
қосымша
  "Соттылықтың болуы
не болмауы туралы анықтама
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
  Форма

Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о наличии либо отсутствии судимости

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      __________________________________________________________________________

      (туған жылы / дата рождения)

      __________________________________________________________________________

      (туған жері / место рождения)

20__ жылғы "__" ____________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар. По состоянию на "__" _________ 20_____года судимости не имеет / имеет. Осы анықтама шетелге шығу үшін беріледі. Настоящая справка выдается для выезда за рубеж.

      Басқарма бастығы __________________________________________________________

      Начальник управления ______________________________________________________

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-анықтама есептерінің мәліметтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдаланылады.
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтер қылмыстық істер бойынша процестік шешімді қабылдау кезінде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты арнайы тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ заңнамалық актілермен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулер қойылған адамдарға қатысты қолдануға жатпайды.
ВНИМАНИЕ!!!
Сведения информационно-справочных учетов Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан используются в соответствии с действующим законодательством.
Указанные в настоящей справке сведения не подлежат использованию при принятии процессуальных решений по уголовным делам, при производстве специальных проверок в отношении лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц приравненных к ним, а также в отношении лиц, подпадающих под ограничения, связанные с привлечением их к уголовной ответственности, предусмотренные законодательными актами.

      (форматтың мөлшері А 4)

      (размер формата А 4)