"Қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынатын ақпарат нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 542 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 1222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 21921 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қарыз алушылар, сенім білдірілгендер (агенттер), түпкі қарыз алушылар ұсынатын ақпарат нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 542 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10059 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы