Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21847 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "____"________________2020 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына
1 қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бағалау жөніндегі ұйым - денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;

      2) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;

      3) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

      4) білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесі - осымша білім берудің барлық бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;

      5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

      6) денсаулық сақтау саласындағы маман - кәсіптік медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімі бар және медициналық және (немесе) фармацевтикалық практиканы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      7) оқу нәтижелерін тану – мемлекеттік органның қосымша және формальды емес білім беру нәтижелерінің оның иесін кәсіби қызметте пайдалану мақсатында маңыздылығын растауы;

      8) оқыту нәтижелері - қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламасы шеңберінде меңгерілген кәсіптік құзыреттердің білімі мен дағдыларын оң бағалаумен расталған;

      9) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;

      10) сертификаттау курсы – негізгі мамандық шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;

      11) тағылымдама – теориялық дайындық нәтижесінде алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны практикада қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ одан әрі кәсіптік қызмет үшін жұмыстың өзіндік ерекшелігін, озық тәжірибені зерделеуге бағытталған бейресми білім беру нысаны;

      12) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға оқуға қабылданған тұлға;

      13) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.

      Кодекстің 221-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді және медицина қызметкерлеріне формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, университеттік ауруханалардың базасында жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.28.12.2021 № ҚР ДСМ -136 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Қосымша білім беру бюджет, жұмыс беруші қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен шетелдік ұйымдарға қосымша білім беруге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар жіберіледі.

      5. Қосымша білім беру бағдарламаларын игеру тыңдаушының жұмыстан қол үзіп немесе жартылай қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі. Жұмыстан жартылай қол үзіп игеру жағдайында кадрлар жұмысын толық емес жұмыс уақытында орындай алады және сонымен қатар қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) қашықтықтан білім беру оқытуды бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте қашықтықтан білім беру оқытуды қолдана отырып, оқиды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру тәртібі

      6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – каталог) жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Каталогты сараптама ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырады, жариялайды және өзектендіреді.

      Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) каталогқа енгізу және жариялау төрт кезеңде жүргізіледі:

      1) каталогтың ақпараттық жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан өтінім беру;

      2) өтінімді қарау және бағдарламаға сараптама тағайындау;

      3) бағдарламаны сараптау;

      4) каталогта бағдарламаны жариялау және өзектендіру

      7. Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:

      1) біліктілікті арттыру бағдарламалары салалық біліктілік шеңберіне және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған;

      2) сертификаттау курсы негізгі мамандық бағыты бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған.

      8. Біліктілікті арттыру бағдарламалары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес төрт деңгейге бөлінеді.

      9. Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 сағат) 9 кредитке (270 сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 10 (300 сағат) және одан да көп кредитті құрайды. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қосымша білім беру бағдарламалары тыңдаушыларының бастапқы (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базистік, оқыту кезінде - ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейін - қорытынды бақылау жүргізіледі.

      Тыңдаушыларды базистік және ағымдағы бақылауды Білім беру ұйымдары жүргізеді. Тыңдаушыларды қорытынды бақылауды Кодекстің 223-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен сертификаттау курстарының бағдарламалары бойынша бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүргізеді.

      11. Бағдарламаны меңгерген тыңдаушыларға қорытынды бақылаудың оң нәтижесі бойынша (шекті балдан жоғары) :

      1) біліктілікті арттыру – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;

      2) сертификаттау курстарында – осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі.

      Қосымшасыз сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт), оның ішінде шетелде алынғандар да жарамды емес.

      3) шекті балдан төмен қорытынды бақылау нәтижесі бар тыңдаушыларға қайталама қорытынды бақылау тағайындалады. Қорытынды бақылаудың шекті балдан төмен нәтижесін қайта алған кезде тыңдаушыларға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша игерілген бағдарламаның көлемін көрсете отырып, қосымша білім алғандығы туралы анықтама беріледі.

      12. Шетелде қосымша білім беру бағдарламаларынан өткен денсаулық сақтау саласындағы мамандар қосымша білім туралы құжатты қосымшасымен (транскрипт) ұсынады.

      Шет тілінде берілген құжатқа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қосымша ұсынылады.

      13. Тыңдаушыны біліктілігін арттыру циклдеріне қабылдауға өтініштерді қабылдауды, сондай-ақ біліктілікті арттырудан өту туралы құжаттарды беруді қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырады

      14. "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну жолымен не көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуы негізінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.28.12.2021 № ҚР ДСМ -136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады стандарттың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша қызмет.

      16. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      16-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында мониторингтің ақпараттық жүйесіне "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 2-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.28.12.2021 № ҚР ДСМ -136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.28.12.2021 № ҚР ДСМ -136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға формальды емес білім беру тәртібі

      18. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.28.12.2021 № ҚР ДСМ -136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Формальды емес білім беру келесі нысандарда жүзеге асырылады: семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, тағылымдамалар, вебинарлар, онлайн курстар.

      20. Тағылымдаманың, семинардың, тренингтің, мастер-класстың, вебинардың, онлайн курстың ұзақтығын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы дербес айқындайды.

      21. Бейресми білім алуды аяқтаған денсаулық сақтау саласындағы мамандарға бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

4-тарау. Қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидалары

      22. Денсаулық сақтау саласындағы маманның қосымша және бейресми білім беру арқылы алған оқу нәтижесі:

      1) қосымша білім беру:

      біліктілікті арттыру туралы куәлік;

      қосымшасы бар сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт);

      2) формальды емес білім беру:

      тағылымдаманың жеке жоспарының орындалуы туралы есеп, тағылымдама барысында алған білімі, іскерлігі мен дағдылары туралы ақпарат, тағылымдама қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімше басшысының денсаулық сақтау саласындағы маманға пікірі;

      семинар, тренинг, мастер-класс, вебинар, онлайн курстан өткені туралы куәлік;

      аккредиттелген бағалау ұйымының өзін-өзі бағалауының оң нәтижесі.

      23. Қосымша білім беру құжаты біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын және (немесе) сертификаттық курсты қорытынды бақылаудың оң нәтижесі (шекті балдан жоғары) негізінде беріледі.

      24. Шетелдік қосымша және бейресми білім беру ұйымы берген қосымша және формальды емес білім туралы құжат мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:

      Қосымша білім беру үшін:

      1) қосымша білім беру атауының мәлімделген мамандыққа сәйкестігі;

      2) қосымша білім беру бағдарламалары ұзақтығының денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес келуі;

      3) игерілген бағдарламаның кредиттерін (сағаттарын) және құзыреттер тізбесін көрсете отырып, қосымша білім беру куәлігіне (транскрипт) қосымшаның болуы.

      Формальды емес білім беру үшін:

      1) тағылымдама қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманға құрылымдық бөлімше басшысының сертификаты немесе пікірі.

      25. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 41) тармақшасына сәйкес қосымша және формальды емес білім беруді оқытудың расталған нәтижелерін таниды.

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
1-қосымша

Қосымша білім беру бағдарламаларының каталогы

Ұйымның атауы

Бағдарламаның атауы

Бағдарламаның мақсаты

Бағдарламаның ұзақтығы (кредитпен)

Нысаналы топ

Бағдарлама сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі

Бағдарлама сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі.

1








2








3








  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
2-қосымша

Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері


Мамандығы бойынша жұмыс өтілі, жылдармен

0-1

1-2

2-3

3-5


5-7

7-10


10-13

13-15


15-16

16-20


20-25


25-тен жоғары,
әрі қарай әр 5 жыл сайын

Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері (базалық, орта, жоғары, мамандандырылған)

Базалық деңгей:
кәсіптік қызметтің жалпы мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру циклдері

 
Орташа деңгей:
кәсіби қызметтің тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 
Жоғары деңгейі:
кәсіптік қызметтің инновациялық, озық технологияларының тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 
Жоғары деңгейі:
кәсіптік қызметтің инновациялық, озық технологияларының тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 
Мамандандырылған деңгей: халықаралық немесе шетелдік оқыту
кәсіптік қызметтің инновациялық, озық жоғары технологиялық медициналық қызметтеріне

 
Мамандандырылған деңгей:
халықаралық немесе шетелдік оқыту
кәсіптік қызметтің инновациялық, озық жоғары технологиялық медициналық қызметтеріне

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Біліктілікті арттыру туралы куәлік № ______

      Осымен _________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 ___ жылғы "____" __________ бастап "____" ____________ дейін

      _________________________________________________ мамандығы бойынша

      ______________________________________________________ циклі бойынша

      _____________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады

      біліктілік деңгейі _____________________________________________________

      (бірінші,екінші,үшінші - көрсету)

      ___________________________________________________________________

      (оқытқан ұйымның атауы)

      ___________________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Біліктілікті арттыру бағдарламасы сәйкес келетін Салалық біліктілік шеңберіндегі

      біліктілік деңгейі _____________

      Мөрдің орны Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Сертификаттау курсы туралы куәлік № ______

      Осымен _________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 ___ жылғы "____" __________ бастап "____" ____________ дейін

      сертификаттау курсынан өтті

      _________________________________________________ мамандығы

      бойынша

      көлемінде ____________ сағат

      ___________________________________________________________________

                        (оқытқан ұйымның атауы)

      ___________________________________________________________________

                        (басшының Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Біліктілікті арттыру бағдарламасы сәйкес келетін Салалық біліктілік шеңберіндегі

      біліктілік деңгейі _____________

      Мөрдің орны

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________

  Куәлікке қосымша
сертификаттау курсы туралы

Оқытқан ұйымының атауы_________________________________________________ ________________________________________________________________________

ТРАНСКРИПТ

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________

      Оқу күні ___________________________________________________________

      Цикл атауы ________________________________________________________

      Мамандығы _______________________________________________________

      Мамандандыру ____________________________________________________

      Кредиттер саны (сағат)______________________________________________

Шифр

Пәннің атауы

Кредиттер саны

Бағалау

Қорытынды баға

Әріптер.

Балл

























      Тіркеуші __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________

      (қолы)

      Тіркеу нөмірі № ________________

      Берілген күні ________________

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Қосымша білім алу туралы анықтама № ______

      Осымен _________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20 ___ жылғы "____" __________ бастап "____" ____________ дейін

      _________________________________________________ мамандығы бойынша

      ______________________________________________________ циклі бойынша

      _____________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады

      _____________________________________ қосымша білім беру бағдарламасы

      ___________________________________________________________________

      (біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы-көрсету)

      ___________________________________________________________________

      (оқытқан ұйымның атауы)

      ___________________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Біліктілікті арттыру бағдарламасы сәйкес келетін Салалық біліктілік шеңберіндегі

      біліктілік деңгейі ________________________________________

      Мөрдің орны

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім
беру қағидаларына
6-қосымша

"Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а.28.12.2021 № ҚР ДСМ -136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде);

2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) білім беру бағдарламасын толық игерген сәттен бастап, біліктілікті арттыру және сертификаттау курстарының ұзақтығына қарамастан, оқуды аяқтағаннан кейін біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беру - 1 (бір) жұмыс күні (білім беру бағдарламасын толық меңгерген жағдайда);
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

1) біліктілікті арттырудан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік;
2) сертификаттық курстан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық курс туралы куәлік немесе сертификаттық курстан өткені туралы анықтама.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

жеке тұлғаларға - тегін


7

Жұмыс кестесі

көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); 2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (немесе сенімхат бойынша оның өкілі)

1) көрсетілетін қызметті берушіге: тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) порталға: электрондық түрдегі сұрату.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық емес тізбесін белгілеу жатады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал бір реттік пароль беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильдік қосымшада авторизациялаудан, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайлары мен байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына
2 қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

      2) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

      3) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, Симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар және т.б.).

      4) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.

2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

      3. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің болуы;

      2) кадрлық қамтамасыз етуге:

      қосымша білім беруді (оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып және көшпелі циклдерде) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар адамдар өткізеді. Практикалық сабақтарды өткізу үшін профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы санының 50% - ынан аспайтын ғылыми дәрежесі жоқ, практикалық денсаулық сақтау мамандары оқутышыларды тарту рұқсат етіледі.

      денсаулық сақтау саласындағы қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқытушылардың мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық тәжірибесі, оқытылатын бейіні бойынша соңғы 5 жыл ішінде кемінде 4 кредит (120 сағат) біліктілігін арттыру бар;

      3) оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге:

      біліктілікті арттыру бағдарламасының болуы;

      бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық дерекқорларға, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділіктің болуы;

      оқытудың инновациялық, симуляциялық технологиялары мен интерактивті әдістерінің болуы;

      базистік, ағымдағы және қорытынды бақылауды бағалаудың бақылау-өлшеу құралдарының болуы;

      4) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге:

      меншік құқығында не жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау туралы шарттар бойынша аудиториялық қордың, тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитарлық-техникалық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін сыныптардың, зертханалардың болуы;

      меншік құқығында қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылар контингентінің көлеміне, интернет желісіне қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейне-материалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтың (манекендердің, муляждардың, тренажерлердің) санитариялық - техникалық нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы;

      5) денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларын басқаруға:

      қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылардың контингентіне сәйкес қосымша білім беру процесін басқаруды қамтамасыз ететін қажетті әкімшілік құрылымның және әкімшілік-басқару персоналының штатының болуы.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Денсаулық сақтау саласындағы бейресми білім беру ұйымдарына білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыруға институционалдық аккредиттеу немесе аккредиттеу туралы куәліктің болуы талап етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына
3 қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндет атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды, 2010 жылғы № 2).

      2. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 433 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11448 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      3. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14954 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17436 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-57/2020 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20733 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).