Өлшем құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-260/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 21799 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 256 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған, өлшем құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесі бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Өлшеу құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5891 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында № 1 жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18582 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 14 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-260/2020
бұйрығымен бекітілген

Өлшем құралы болып табылатын медициналық техниканың тізбесі

№ р/с

Медициналық техниканың атауы

1.

Торқабықтың қалыңдығын анализаторы

2.

Электролитті, қан электролиттерінің анализаторы

3.

Аудиометр, диагностикалық аудиометр, импедансты аудиометр, клиникалық, туындаған ықтималдылықты тіркеудің аудиометриялық модулі

4.

Медициналық динамометр

5.

Антропометриялық өлшеуіш

6.

Электроэнцефалограф, цифрлы-электроэнцефалография жүйесі аппараттық-бағдарламалық электроэнцефалографиялық кешен, электроэнцефалограф-анализатор, телеметриялық және автономды режимде электр-энцефалографияның киілетін тәуліктік тіркеуі, компьютерлендірілген, портативті тіркеуші.

7.

Кардиомонитор, кереует жанындағы кардиомонитор, компьютерлік электрокардиоанализатор, телеметриялық электрокардиограф (телефон желісі немесе радиоарна бойынша сигнал беретін)

8.

Бір және көп арналы электрокардиограф, электрокардиографиялық кешен, оның ішінде жүктемелік сынамаларға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен, алып жүретін электрокардиография тіркеуіштер

9.

Реограф, қан айналымы параметрлерін кешенді зерттеуге арналған аппараттық-бағдарламалық реографиялық реограф-полианализатор, реоплетизмограф, реоэнцефалограф

10.

Фотоплетизмограф

11.

Фонокардиограф

12.

Электромиограф, нейромиограф және электромиографияны өлшеу жүйесі (мидың потенциалынан туындаған), нейромиоанализатор

13.

Дозиметр, клиникалық дозиметр

14.

Компьютерлендірілген диагностикалық электрретиноанализатор кешені

15.

Бірқатар физиологиялық параметрлерді бақылауға арналған реанимациялық және анестезиологиялық монитор

16.

Артериялық қысымды және пульс тәуліктік жиілігі, оның ішінде киілетін, компьютерлендірілген автоматты өлшеу мониторы

17.

Пульсоксиметр

18.

Сынамалық көзілдірік линзаларының жиынтығы

19.

Спирограф, портативті микропроцессорлық спирограф, спирографиялық кешен, волюметр, оксикарбоспирограф, оксиспирограф

20.

Пневмотахограф

21.

Медициналық термометрлер

22.

Артериялық қысымды өлшеуге арналған, оның ішінде артериялық қысымды, пульсті өлшеуге және артериялық қысымды тәуліктік бақылауға арналған жартылай автоматты, автоматты, цифрлық тонометрлер.

23.

Өкпені жасанды желдету аппараттары

24.

Жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар

25.

Төмен жиілікті терапия аппараттары, ультражоғары жиілікті терапия аппараттары, ультрадыбыстық терапия аппараттары

26.

Ультрадыбыстық диагностикалық (сканерлер) аппараттар (УДЗ аппараттары)

27.

Планшетті иммуноферменттік талдағыш

28.

Жарық сүзгілермен калибрленетін биохимиялық анализаторлар

29.

Шығарылатын ауаның газ анализаторы

30.

Колориметриялық және фотометриялық медициналық аспаптар

31.

Медициналық поляриметр

32.

Медициналық нефелометр

33.

Люминометр және хемилюминометр

34.

Вискозиметр

35.

Гемоглобинометр

36.

Шприцті, инфузиялық, волюметриялық сорғылар

37.

Медициналық таразылар