"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 27-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-254/2020 Бұйрықпен бекітілген |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 27-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) басқарушылық қызметке даярлықты растау жөніндегі аккредиттелген ұйым (бұдан әрі – аккредиттелген ұйым) – денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау жөніндегі басқарушылық қызметке даярлығын растауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) денсаулық сақтау саласындағы менеджер - мемлекеттік медициналық ұйымды басқаруды жүзеге асыратын бірінші басшы;
3) денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты (бұдан әрі – сертификат) - мемлекеттік медициналық ұйымды басқару жөніндегі қызметпен айналысуға белгіленген үлгідегі құжат;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және саларалық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау-оқыту кезеңіне сәйкес білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және білімнің, машықтар мен дағдылардың қалыптасуын бағалау;
6) сертификаттау курсы - негізгі мамандық шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;
7) үздіксіз кәсіптік дамыту-қосымша және формальды емес білім беру, кәсіптік білім мен іскерлікті жетілдіруге, Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша құзыреттерін игеруге бағытталған кәсіптік дамыту, құзыреттілік деңгейі, практикалық жұмыс өтілі жөніндегі өзге де іс-шаралар;
8) үміткер – осы Қағидаларға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алуға немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растауға үміткер маман.
3. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді сертификаттау денсаулық сақтау және (немесе) бизнес, басқару және құқық даярлау бағыты бойынша жоғары кәсіптік білімі және денсаулық сақтау, бизнес және басқару даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарушылық қызметті жүзеге асыруға сәйкестігін растау үшін жүргізіледі.
4. Кодекстің 27 бабының 7 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді сертификаттауды медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) жүргізеді.
5. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты бес жыл мерзімге беріледі және әр бес жыл сайын расталады.
2 тарау. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу тәртібі
6. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау үшін үміткер мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары кәсіптік білім туралы диплом;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжат;
5) басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарды "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес айқындалған тәртіппен берілген тану туралы құжат;
6) Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілін растайтын құжат;
7) үміткердің білімін бағалаудың оң нәтижесі;
8) даярлығын растау туралы аккредиттелген ұйымның қорытындысы.
7. Шет тілінде берілген құжаттарға қосымша қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аударманың электрондық көшірмесі ұсынылады.
8. Қарау қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде мемлекеттік орган құжаттарды қараудан бас тартады.
9. Құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда мемлекеттік орган 10 (он) жұмыс күні ішінде:
Кодекстің 7-бабының 42) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына үміткердің сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
Кодекстің 7-бабының 41) тармақшасына сәйкес үздіксіз кәсіби даму бойынша деректерді салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
10. Ұсынылған құжаттарды қарау, үміткердің 9-тармақта көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификат беріледі.
11. Үміткер 9-тармақта көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ үздіксіз кәсіптік дамуын растайтын деректер болмаған кезде бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
12. Сертификатты беру өтініш беруші сұрау салған кезде қолма-қол жүзеге асырылады не өтініш беруші ұсынған мекенжайға жіберіледі.
2 тарау. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау тәртібі
13. Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне даярлығын растауды аккредиттелген ұйым жүргізеді.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын растау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар қолда бар сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей беріледі.
Сертификаттың қолданылуын растау рәсімі үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
14. Сертификаттың қолданылуын растау рәсімін аккредиттелген ұйым екі кезеңде жүргізеді:
1) бірінші кезең-үміткердің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау;
2) екінші кезең – үміткердің білімін бағалау.
15. Сертификаттың қолданылуын растау рәсімінен өту үшін үміткер аккредиттелген ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
16. Үміткердің өтінішін аккредиттелген ұйым тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
17. Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе үміткер біліктілікке қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда аккредиттелген ұйым өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды үміткердің электрондық поштасына туралы жолдайды.
18. Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және үміткер 9-тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, үміткер сертификаттың қолданылуын растауға жіберіледі.
19. Үміткердің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растайтын құжаттарды қарауды аккредиттелген ұйым үміткердің өтініші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
20. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растайтын құжаттарды қарау кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес соңғы 5 (бес) жылдағы кәсіби даму жөніндегі іс-шаралар ескеріледі.
21. Мамандық бейіні бойынша емес үздіксіз кәсіптік дамудан өткен жағдайда үздіксіз кәсіптік даму нәтижелері расталмайды және аккредиттелген ұйым үміткердің электрондық поштасына өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.
22. Үміткердің үздіксіз кәсіби дамуының нәтижелері расталған кезде аккредиттелген ұйым үміткердің электрондық поштасына білімді бағалауды өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарлама жібереді.
23. Үміткер білімді бағалау рәсіміне тіркеу туралы хабарламаны және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.
24. Білімді бағалау ахуалдық міндеттерді шешуді (кейс-тестинг), нормативтік-құқықтық актілерді білуді, жеке қасиеттерін бағалауды көздейтін тестілеу нысанында өткізіледі.
25. Білімді бағалауды жүргізу регламентін уәкілетті органмен келісім бойынша аккредиттелген ұйым бекітеді және аккредиттелген ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
26. Аккредиттелген ұйым сертификаттың қолданылуын растау рәсімінің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне сертификаттың қолданылуын растау туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) береді.
4 тарау. Мемлекеттік органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
27. Сертификаттау рәсімі мәселелері бойынша шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік орган басшысының атына, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға беріледі.
28. Тікелей мемлекеттік органның атына келіп түскен үміткердің шағымы тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралуға жатады.
29. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келіп түскен үміткердің шағымы шағым тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады.
30. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалады.
31. Сертификаттың қолданылуын растау жөніндегі даулы мәселелерді шешу мақсатында аккредиттелген ұйым басшысының шешімімен мүшелерінің тақ санынан тұрақты жұмыс істейтін апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
32. Комиссияның құрамын Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аккредиттелген ұйым қалыптастырады.
33. Аккредиттелген ұйымның бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда үміткер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде комиссияға апелляциялық өтініш береді.
34. Комиссия аккредиттелген ұйым өтінішті тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтінішті қарау бойынша отырыс өткізеді және бағалау нәтижелерін растау не бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім шығарады.
35. Комиссияның шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде көпшілік дауыспен қабылданады және Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Өтініш
Сізден мені сертификаттау немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданылуын (қажеттісінің астын сызу)растау рәсіміне жіберуіңізді сұраймын.
___________________ ___________________
Күні үміткердің қолы
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларына 2-қосымша |
Мәліметтер нысаны
I. Жалпы мәліметтер
Тегі | |||||||||||||||||||||||
Аты | |||||||||||||||||||||||
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |||||||||||||||||||||||
Туған күні | жылы | айы | күні | ||||||||||||||||||||
Жасы | |||||||||||||||||||||||
Ұлты | |||||||||||||||||||||||
Жынысы | ер | әйел | |||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||
Ұялы телефоны | |||||||||||||||||||||||
Жұмыс телефоны | |||||||||||||||||||||||
Электронды пошта | |||||||||||||||||||||||
Жеке куәлік мәліметтері | № | берген мекеме, күні |
II. Білімі
№ | Оқу орнының атауы мен орналасқан жері | Түскен жылы | Бітірген жылы | Мамандық | Біліктілігі (дипломның немесе куәліктің №) |
1 | |||||
2 |
Интернатура, резидентура, клиникалық ординатура өткендігі туралы мәлімет (медициналық білімі болған жағдайда)
№ | Оқу орнының атауы мен орналасқан жері | Түскен жылы | Бітірген жылы | Мамандық | Біліктілігі (куәліктің №) |
1 | |||||
2 |
Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсы
№ | Курс атауы | Өткен жылы | Сағат саны | Өткен орны, сертификат № |
1 | ||||
2 |
III. Еңбек қызметі
№ | Жұмыс орны | Лауазымы | Лауазымда болған уақыты |
1 | |||
2 |
" Денсаулық сақтау саласындағы Менеджер" сертификаттауды бағалау рәсімінен өту | Алғаш рет | Қайта |
Қосымша мәліметтер ______________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларына 3-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің кәсіби дамуы бойынша іс шараларына талаптар
Кәсіби дамудың іс шаралары | Есептей бірлік | Саны (ең төменгі деңгей) | Растайтын құжаттар |
1 | 2 | 3 | 4 |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер бастапқы сертификатын алу бойынша | |||
Сертификаттау курсы | сағ | 216 | Куәліктің көшірмесі қоса берілген куәлікке (транскрипт) |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаттың қолданылу расталған жағдайда | |||
Сертификаттау курсы | сағ | 216 | Куәліктің көшірмесі қоса берілген куәлікке (транскрипт) |
Салалық біліктілік шеңберінде қызметкердің біліктілік деңгейіне сәйкес оқыту циклінде мамандық бейіні бойынша тиісті біліктілігін арттыру | сағ | 216 | Куәліктің көшірмесі қоса берілген куәлікке (транскрипт) |
Съезд, конгресс, конференция жұмыстарына қатысу: | қатысу | 2 | Қатысушы сертификаты және (немесе) конференция бағдарламасына баяндамашының тегі, аты, әкесінің аты, тақырыбы, өткізу орны, ұйымдастырушының өткізу күнін көрсету , |
Мамандық бейіні бойынша күндізгі оқыту семинарларына, тренингтерге, мастер-класстарға қатысу | қатысу | 5 | Оқудан өткені туралы Сертификаттың көшірмесі |
Мамандық бейіні бойынша Вебинарларға қатысу, курстар (онлайн форматында болуы мүмкін), қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, өзге де оқытып-үйрету іс-шараларға қатысу | қатысу | 5 | Оқудан өткені туралы сертификаттың көшірмесі |
Мамандық бейіні бойынша жариялау (бірінші автордың немесе авторлық бірлестікте): | жариялым | 5 |
Электрондық көшірмесі жарияланған басылымдар: |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
"Денсаулық сақтау саласындағы менеджер" сертификаты
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік медициналық ұйымды басқаруды жүзеге асыру үшін оның кәсіби дайындығын сипаттайтын сертификат алғанын растайды
Шешім шығарған аккредителген орган басшысының бұйрығы
беру "_____" ____________20 ____ № _____
Сертификат дейін жарамды "____" ___________ 20____ жыл
Тіркеу № ____
Берілген күні "____" ___________ 20 ___ жыл
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау Қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды
СУРЕТІ
СУРЕТІ
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
Өтініш берілген мамандық
____________________________________________
1-кезең. Үздіксіз кәсіби дамыту нәтижелерін растау: расталған немесе
расталмаған (қажеттісін астын сызу)
2-кезең. Білімін бағалау
2.1 тестілеу, ситуациялық есептерді шешу (кейс-тестинг)
Тестілеу нәтижесі _____ дұрыс жауаптардың саны (____).
2.2 нормативтік-құқықтық актілерді білу
Тестілеу нәтижесі _____ дұрыс жауаптардың саны (____) балл.
2.3 жеке қасиеттерін бағалау
Тестілеу нәтижесі _____(____%).
Бағалау нәтижесі: расталған /расталмаған (қажеттісін астын сызу)
Күні: _________________________________
Төраға_________________ _______________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
М.О.
Апелляциялық өтініш
Бағалау нәтижесімен (тестілеу, ситуациялық есептерді шешу (кейс-тестинг, нормативтік-құқықтық актілерді білу, жеке қасиеттерін бағалау),
(қажеттісін сызу)
келіспеймін, себебі:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Осыған байланысты менің өтінішімді Апелляциялық комиссия отырысында
қарап, осы мәселе бойынша шешім қабылдауыңызды сұраймын.
Күні____________________
Үміткердің қолы___________________________