Сырқаттанушылық пен өлімді кодтау жөніндегі нұсқаулықты, халықаралық сыныптауды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-250/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 21769 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабы 90)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сырқаттанушылық пен өлімді кодтау жөніндегі нұсқаулық;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халықаралық сыныптауды пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-250/2020 Бұйрыққа
1-қосымша

Сырқаттанушылық пен өлімді кодтау жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы сырқаттанушылық пен өлімді кодтау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабы 90)-тармағына сәйкес әзірленді және сырқаттанушылық пен өлімді кодтау тәртібін нақтылайды.

      2. Халықаралық сыныптауыш бойынша сырқаттанушылық пен өлімді кодтауға арналған негізгі анықтамалар:

      1) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың 10-шы қайта қараудағы халықаралық статистикалық сыныптамасы (бұдан әрі – АХЖ-10) - сырқаттанушылық пен өлімді есепке алу жүйесін қалыптастыруға арналған бірыңғай құжат;

      2) айдар – үш таңбалы код, ол үш таңбадан – әріп пен екі цифрдан тұрады және біреуін білдіреді, пайда болу жиілігіне немесе денсаулық сақтау үшін маңыздылығына байланысты іріктелген ауру;

      3) диагноз – ауру (жарақат), тексерілушінің денсаулық жағдайында ауытқуы немесе қайтыс болу себебі туралы медициналық қорытынды;

      4) класс – барлық белгілі аурулар мен жай-күйлерді қамту үшін айдарлардың жеткілікті саны бар, жалпы белгілері бар аурулардың топтастырылған тізбесі;

      5) негізгі аурудың асқынулары – бұл негізгі аурумен байланысты патологиялық процестер мен жағдайлар, бірақ оның негізгі көріністерінен сапалы ерекшеленетін клиникалық синдромдар, анатомиялық және функционалдық өзгерістер;

      6) негізгі диагноз – бір немесе бірнеше нозологиялық нысандар (аурулар, жарақаттар), оның ішінде медициналық көмекке жүгінуге, емдеуге жатқызуға және (немесе) өлімге себеп болған олармен байланысты асқынулар;

      7) нозология – ауру туралы жалпы ілімді, сондай-ақ жекелеген аурулардың себептерін, даму тетіктерін және клиникалық ерекшеліктерін зерделеуді, аурулардың сыныптамасы мен номенклатурасын қамтитын патологияның бөлімі;

      8) өлімнің бастапқы себебі – өлімге тікелей әкеп соққан оқиғалар тізбегін туғызған ауру немесе жарақат, сондай-ақ өлімге әкеп соққан жазатайым оқиғаның немесе зорлық-зомбылық актісінің мән-жайлары.

      9) ілеспелі аурулар – негізгі аурумен байланысты емес және АХЖ-10 өзге номенклатуралық айдары бар ауру.

      3. Медициналық ұйымдардың дәрігерлері медициналық құжаттама үшін ауру және өлім жағдайларын кодтаудың сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Сырқаттанушылық пен өлімді кодтау алгоритмі

      4. Сырқаттанушылық пен өлімді кодтау:

      1) сырқаттанушылықтың негізгі себебі ретінде бір ғана нақты нозология кодталады, ол қажет болған жағдайда осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес қосарланған кодтау қағидаты бойынша көрсетіледі;

      2) өлімнің себебін кодтау кезінде дәрігер қандай ауыр жағдайдың және (немесе) аурудың тікелей өлімге әкелгенін анықтайды және осы себептің пайда болуына ықпал ететін алдыңғы жағдайларды анықтайды;

      3) емдеуге жатқызу үшін негізгі ауру ретінде біреуден артық себеп болған кезде медициналық көмек көрсету кезінде ресурстардың ең көп мөлшерін талап ететін емдеуге жатқызу себебі негізгі ауру ретінде көрсетіледі;

      4) қосымша және ілеспе ауруларды кодтау кезінде бірінші болып неғұрлым айрықша мәнді екінші аурулар көрсетіледі. Бұл ретте, ремиссия кезінде емдеуді талап етпейтін және диагностика көлеміне әсер етпейтін ілеспе созылмалы аурулар кодталмайды;

      5) синдромдар мен симптомдарды кодтау:

      синдромдардың біреуінің немесе бірнешеуінің көріністерін емдеу кезінде, онда бұндай білінулер бірінші кодталуы тиіс, олардан соң синдромның өзі кодталады;

      дәрігерлер белгілерді емдеген жағдайда, бұл ретте науқасты тіркеу сәтінде ілеспе ауру белгілі болса, белгі негізгі диагноз ретінде, ал ілеспе аурулар – қосымша диагноз ретінде кодталады;

      егер дәрігер, ауруханаға жатқызу аяқталғанша нақты ауруды белгілей алмаса, белгілердің кодтары негізгі ауру ретінде қолданылады;

      егер белгі ілеспе аурудың тікелей салдары болып табылса, онда ол ілеспе (қосымша) ауру ретінде кодталмайды;

      медициналық көмек көрсету үшін тиісті шарттар туындаған кезде белгі ілеспе (қосымша) ауру ретінде кодталады;

      егер ауруханада болудың соңында аурудың күдігі расталмаса, белгіні негізгі жағдай ретінде таңдалады.

      6) егер медициналық көмек көрсету нәтижесінде нақты ауру белгіленбесе, оған байланысты емдеу немесе зерттеп-тексеру жүргізілген жағдай туралы неғұрлым дұрыс түсінік жасауға мүмкіндік беретін ақпарат тіркеледі;

      7) ауруға күдік болған кезде кодтау:

      XVIII және XXI сыныптардың ауруларын, болжамды патологиялық жағдайлар сияқты, дәрігерлер патологиялық жағдайды нақтылау мүмкін болмаған кезде ғана қолданылады;

      егер болжалды жағдай нақтыланбаса және диагнозды нақтылау туралы қосымша мәліметтер болмаса, онда болжамды ауру кодталады;

      тексеру барысында алынып тасталынған болжамды патологиялық жағдайы бар пациент келіп түскен кезде "Медициналық бақылау және ауру мен паталогиялық жағдайларға күдіктенуге баға беруді" ( Z03 айдары) кодталады;

      қалдық құбылыс (алыстан әсер ету) кодтары, сыртқы себеп (жарақаттың шығу тегі) кодтары, ауру қоздырғышын сәйкестендіру бастапқы ауру қою үшін өрісте пайдаланылмайды.

      5. Ауытқуды, жіті созылмалы жағдайларды және аурудың асқынуларын, көптеген жағдайларды кодтау:

      1) зертханалық, рентген, клиникалық және диагностикалық нәтижелер қосымша диагнозды анықтауға сәйкес келмегенше кодталмайды;

      2) егер жағдай асқынған (немесе асқынуға жақын) және созылмалы деп сипатталса және бұл ретте код құрамдастары болмаса, ал жеке суб-терминдер алфавитті көрсеткіште (АХЖ-10 3 томы) сол деңгейде орналасса, онда екі код та қолданылуы керек және асқынған жағдай бірінші кодталады, одан кейін созылмалы жағдайға код беріледі;

      3) егер қауіпті аурулар құжатталып, бірақ емдеу кезінде білінбесе, (АХЖ-10 сәйкес) анықтау қажет және бұл жағдай қауіпті ауру ретінде болып көрсетілген, көрсетілмегенін тексеру керек;

      4) асқынған сатыдағы аурулардың кодын қолдану үшін уақыт бойынша жалпы шектеу жоқ. Патологиялық процестің басында асқыну сатыларын анықтауға мүмкін болады;

      5) аурудың асқынуын және салдарын кодтауда екі кодтау цифрлары қажет: біреуі асқыну (ағымдағы жағдай) үшін және код нөмірі осы жағдай алдынғы аурудың нәтижесі болып саналады;

      6) егер диагностикалық тұжырым көптеген жағдайлармен ұсынылса және кіретін жағдайлардың бірде-бірі "негізгі" болып белгіленбесе, көптеген жағдайлардың (көптеген жарақаттар, алдынғы аурулардың көптеген зардаптары, ауру салдарынан көптеген жағдайлары және басқалар) коды қолданылады;

      7) негізгі ретінде аса ауыр аурулар белгіленеді. Айтылған нақты жағдайлар үшін кодтар нақтылаушыретінде қосылады.

      6. Аурушаңдықты қос кодтау:

      1) қосымша медициналық проблемаларды тудыратын басқа ағзалар мен дене учаскелерінде пайда болатын медициналық жағдайды анықтау үшін "Жұлдызша және айқаршық жүйесі" қолданылады, мұнда:

      "айқаршық" (

) – этиологияны немесе ауру негізінде жатқан себепті көрсетеді;

      "жұлдызша" (*) – аурудың әсерін және білінуін ұсынады.

      2) символдың астындағы кодтар "айқаршық" және "жұлдызша" бастапқы диагноздың анықтамасына сйкес реттелген. Негізгі емделетін немесе зерттелетін жағдай бастапқы код ретінде таңдалады;

      3) ең бастысы - "айқаршықпен" (

) белгісімен белгіленген негігі аурудың коды, ол қажет болған жағдайда қосымша кодсыз дербес қолданылады;

      4) "жұлдызшамен" (*) белгіленген, ауру білінуіне қатысты кодтар қосымша болып таылады және негізгі диагноз ретінде қолданылмайды. Айқаршық белгісі коды ешқашан жұлдызша символы кодынсыз қолданылмайды;

      5) инфекциялық агенттерді нақтылау, уытты заттарды сәйкестендіру үшін, егер олар айдар атында көрсетілмегенде қолданылады;

      6) жарақаттануда және улануда ХIХ класындағы – жарақат сипаты коды қолданылады және сыртқы себептерді сәйкестендіру үшін XX қосымша кодтары қолданылады. Бұндай жағдайларда жарақат алу, улану немесе басқа сыртқы себептердің әсер етуін және жағдай табиғатын (бастапқы диагнозды) және бұл жағдайға алып келген мән-жайды толық сипаттау маңызды;

      7) қосымша кодтар негізгі ауру ретінде пайданылмайды;

      8) екінші үдеріс негізгі бір кодпен ұсынылуы мүмкін, байланысты жағдайларды құрама айдарлармен кодтау үшін АХЖ-10 арнайы айдарлар бар.

      7. Медициналық емшаралардан кейінгі аурулар мен бұзылуларды кодтау:

      1) XIX АХЖ-10 сыныбында хирургиялық және басқа рәсімдерге байланысты асқынулар үшін айдарлары (Т80-Т88) қарастырылған. Ағзалар жүйесіне қатысты көптеген сыныптарда арнайы рәсімдер және әдістер салдары ретінде немесе ағзаны алып тастау нәтижесі ретінде жағдайды кодтау үшін айдарлар бар;

      2) медициналық емшаралардың салдары болып саналатын ауруларды немесе бұзылуларды арнайы кодтаудың кодтары АХЖ-10 айдарларында бар;

      3) басқа медициналық ұйымға әрі қарай емдеуге бағытталған пациент бірінші медициналық ұйымда қойылған негізгі диагнозды алады. Қабылдаған медициналық ұйым қосымша код нөмірін береді;

      4) медициналық көмекпен және басқа да ауруларды күту түрлерімен және күтумен байланысты проблемалар негізгі ауру болып саналады және Z75 – "Медициналық қамтамасыздандырумен және басқа медициналық көмекпен байланысты проблемалар" деп кодталады;

      5) бастапқы және кейінгі жарақат алған немесе күйік алу кезінде код негізгі ауру болады.

      6) Z03.0–Z03.9 сериялы кодтар патологиялық жағдайдың негізі бар болғанда пациенттің жағдайын медициналық ұйымға түскенде бағалау үшін көрсетіледі.

      8. Негізгі ауру дұрыс жазылмаған жағдайда қайта таңдаудың тәртібі:

      1) "негізгі" ауруды қайта таңдау келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

      егер жеңіл ауру "негізгі" ауру ретінде жазылса, ал ауыр жағдай "басқа" ауру ретінде жазылса;

      егер "негізгі" ауру тек жалпы түрде сипатталса, бірақ бұл ретте медициналық құжаттың басқа бөлігінде жазылған "негізгі" аурудың нақты тұжырымы болса;

      2) егер бір немесе басқа жағдайдың көрінісі болған белгі немесе белгі "негізгі" ауру ретінде көрсетілсе, онда бұл симптом "негізгі" ауру ретінде таңдалады.

      3) егер бірнеше күй "негізгі" күй ретінде жазылса:

      бірнеше күйден бір "негізгі" жағдайды таңдауға мүмкіндік беретін жағдайлар болған кезде осы ауру таңдалады;

      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер болмаған кезде бірінші аталған ауру таңдалады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-250/2020 Бұйрыққа
2-қосымша

Халықаралық сыныптауларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық сыныптауларды пайдалану нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 90)-тармағына сәйкес әзірленді және халықаралық сыныптауларды пайдалану тәртібін нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың 10-шы қайта қараудағы халықаралық статистикалық сыныптамасы (бұдан әрі – АХЖ-10) - сырқаттанушылық пен өлімді есепке алу жүйесін қалыптастыруға арналған бірыңғай құжат;

      2) басты термин – пациенттің ағымдағы жағдайын немесе медициналық көмекке жүгіну себебін сипаттайды;

      3) негізгі аурудың асқынулары – бұл негізгі аурумен байланысты патологиялық процестер мен жағдайлар, бірақ оның негізгі көріністерінен сапалы ерекшеленетін клиникалық синдромдар, анатомиялық және функционалдық өзгерістер;

      4) өлімнің бастапқы себебі – өлімге тікелей әкеп соққан оқиғалар тізбегін туғызған бір немесе бірнеше нозологиялық нысандардың (аурулар, жарақаттар), сондай-ақ өлімге әкеп соққан жазатайым оқиғаның немесе зорлық-зомбылық актісінің мән-жайлары.

      5) түрлендіргіштер – олар пайда болудың себептерін немесе жағдайдың өзгерісін немесе ары қарай сипаттау үшін пайдаланылатын сипаттау сөздері;

      6) ілеспелі аурулар – негізгі аурумен байланысты емес және АХЖ-10 өзге номенклатуралық айдары бар;

2-тарау. Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың 10-шы қайта қараудағы халықаралық статистикалық сыныптамасын пайдалану алгоритмі

      3. Клиникалық ақпаратты талдау:

      1) ауру мен өлімнің себебін анықтау;

      2) басты терминді (басты терминдерді) және түрлендіргіштерді анықтау.

      3) негізгі терминдерді алфавитті тізімде орналастыру.

      4. Алдын ала берілген кодты тағайындау кезінде:

      1) АХЖ-10 сейкес барлық ережелер мен стандарттарды ескере отырып, алфавиттік тізім қолданылады: түрлендіргіштер, "ББК" (басқа бөлімдерде көрсетілмеген), "ББЖ" (басқа бөлімдерде жіктелмеген) аббревиатуралары. Маңызды емес түрлендіргіштер жақшада көрсетілген және кодты тағайындауға әсер етпейді. Маңызды түрлендіргіштер субтерминдер ретінде көрсетілген және кодты тағайындауға әсер етеді;

      2) "ББК" аббревиатурасы дәрігер медициналық ұйымға түрлендіргіштері жоқ бір термин ретінде қабылдау үшін диагноз қойған жағдайда қолданылады;

      3) "ББЖ" аббревиатурасы ескерту ретінде қолданылады, мұндай жағдайлардың нақты формалары басқа бөлімдерде жіктеледі.

      5. Кестедегі тізімді пайдалана отырып, кодты тексеру (1-Том АХЖ-10).

      6. Госпиталдық сырқаттанушылықты қалыптастыру үшін тек негізгі ауру (негізгі аурудың асқынуы, негізгі, бәсекелес және қосарлас аурулар кодталмайды), бастапқы сырқаттанушылық үшін негізгі аурудың асқынуынан басқа барлық басқа аурулар кодталады.

      7. Өлім статистикасы үшін өлімнің бастапқы себебі кодталады.