Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын және уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-233/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 21726 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 178-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мынадай:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидалары бекітілсін.

      2. "Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтары қызметінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6757 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 наурыздағы № 94-97 (26499) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 4 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-233/2020
Бұйрыққа
1-қосымша

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 178-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) детоксикация – адам организмiнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;

      2) мас болу (уыттану) – алкогольді тұтыну салдарынан туындайтын, психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулар кешенімен сипатталатын жай-күй;

      3) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

      4) уақытша бейімдеу – адамды мас күйінен айықтыру және оны мекендеу ортасы жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;

      5) уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы (бұдан әрі – УБДО) – алкогольдік масаң күйдегі (уыттанған) адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын орталық.

      3. УБДО жеткізу кезінде орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйдегі адамдарға медициналық көмек көрсету үшін өзінің қызметін тәулік бойы жүзеге асырады.

2-тарау. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі

      4. Адамдарды УБДО-ға жеткізуді ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады. Адамды жеткізу кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері:

      1) адамдарды куәландыруды, УБДО-ға орналастыруды жүзеге асыру кезінде медициналық персоналға жәрдемдесу;

      2) атыс қаруын, суық қаруды, жарылғыш, уландырғыш және улы заттарды, Қазақстан Республикасында айналысқа тыйым салынған өзге де заттарды алып қоюды жүзеге асырады.

      5. Жеткізілген адамның жеке басын ішкі істер органдарының қызметкерлері анықтайды және УБДО-ның медициналық персоналына хабарланады.

      Жеткізілген пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауы оны УБДО-ға орналастырудан бас тартуға негіз болмайды.

      6. Алкогольдік масаң күйіне күдікті адамды жеткізген кезде оны осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емдеуге жатқызуды қабылдау мен одан бас тартуды есепке алу журналында тіркеу жүзеге асырылады.

      7. Жеткізілген адамды тіркегеннен кейін психиатр-дәрігер (нарколог) УБДО-ға орналастыруға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтау үшін оған медициналық куәландыру жүргізеді.

      8. Алкогольдік масаң күйге күдікті адамды қабылдауды УБДО медициналық персоналы жүзеге асырады.

      9. Медициналық куәландыру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында жүргізілген медициналық куәландыру туралы қорытындыда (бұдан әрі - қорытынды) ресімделеді.

      10. Қорытындыда мынадай қорытындылары бар пациенттің клиникалық жай-күйі нақты сипатталуы тиіс:

      УБДО-ға орналастыруға жатады;

      УБДО-ға орналастырудан бас тартылды.

      11. Қорытынды екі данада жасалады, ол психиатр дәрігердің (наркологтың) қолымен расталады. Осы қорытындының бір данасы адамды жеткізуді жүзеге асырған ішкі істер органдарының қызметкеріне беріледі, екінші данасы УБДО-да сақталады.

      Қорытынды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығындағы пациенттің картасына қоса тіркеледі.

      12. Пациенттің заттарын жеке тексеруді УБДО-ға орналастыру кезінде медициналық персонал жүзеге асырады.

      13. УБДО-ға адамдарды орналастыру үшін қарсы көрсетілімдер:

      1) кәмелетке толмаған жас;

      2) алкогольден мас болудың (уыттанудың) жеңіл немесе ауыр дәрежедегі жай-күйі;

      3) басқа психикалық белсенді заттардан мас болудың (уыттанудың) жай-күйі;

      4) шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін психикалық және (немесе) соматикалық патологияның болуы;

      5) эпидемиологиялық қауіп кезеңінде инфекциялық аурудың белгілері бар адамдар.

      14. УБДО-ға жеткізілген кәмелетке толмағандар Кодекстің 118-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес олардың заңды өкілдерінің келісімімен тиісті медициналық ұйымның бейінді бөлімшелеріне емдеуге жатқызылады.

      15. УБДО-да пациенттердің жеке заттары арасында заттар мен заттарды алып өтуге және болуына жол берілмейді:

      1) психикаға белсенді әсер ететін заттар;

      2) ақша, құнды заттар (зергерлік бұйымдар, алтын сағаттар және басқалар);

      3) ұялы телефондар, фото-бейнетүсірілімге арналған аппараттар;

      4) жарылғыш, уландырғыш және улы заттар;

      5) атыс қаруы, суық қару;

      6) ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған, құрамында зорлық-зомбылықты насихаттайтын әдебиет, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы материалдар;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған басқа да нәрселер жатады.

      1, 4, 5, 6, 7-тармақшаларда көрсетілген заттар мен заттарды ішкі істер органдарының қызметкерлері алып қоюына жатады.

  Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталықтарының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 1-қосымша

Емдеуге жатқызуға қабылдауларды және одан бас тартуларды есепке алу журналы Журнал учета приемов и отказов в госпитализации

Күні
Дата

Уақыты
Время

ТАӘ (болған жағдайда)
ФИО (при наличии)

ЖСН
ИИН

Тұрғылықты мекен-жайы
Адрес места жительства

Жеткізушінің ТАӘ (болған жағдайда), лауазымы
ФИО (при наличии), должность доставившего

1

2

3

4

5

6

7









Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығындағы пациент картасының №
Номер карты пациента, находящегося в центре временной адаптации и детоксикации

Емдеуге жатқызу күні мен уақыты
Дата и время госпитализации

Келіп түскен кезде қойылған диагноз
Диагноз при поступлении

Шығарылған күні мен уақыты
Дата и время выписки

Қабылдаудан бас тарту себептері (ұсынымдар)
Причины отказа в приеме (рекомендации)

Дәрігердің ТАӘ (болған жағдайда), қолы
ФИО (при наличии), подпись врача

8

9

10

11

12

13







      Ескертпе:

      Журналдың беттері нөмірленеді, журнал жіппен тігіледі және ұйымның мөрімен расталады.

      Примечание:

      Страницы журнала нумеруются, журнал прошнуровывается и заверяется печатью организации.

  Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталықтарының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына 2-қосымша

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығындағы жүргізілген медициналық куәландыру туралы қорытынды Заключение о медицинском освидетельствовании, проведенном в центре временной адаптации и детоксикации

      1. Паспорттық деректер:

      Паспортные данные:

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Фамилия, имя, отчество (при наличии) ______________________________________

      __________________________________________________________________________

      2) Жасы (туған күні, айы, жылы)

      Возраст (число, месяц, год рождения) _______________________________________

      3) Жеке басын куәландыратын құжат (құжат түрі, нөмір)

      Документ, удостоверяющий личность (вид документа, номер) __________________

      _________________________________________________________________________

      4) Жұмыс орны, лауазымы

      Место работы, должность _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Жеткізу негіздері және уәждемелері

      Основания и мотивы доставления ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      1) Жеткізілген адамды анықтау жағдайлары

      Обстоятельства выявления доставленного лица _______________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2) Жеткізген адамның лауазымы, Т. А. Ә, (болған жағдайда) (нақты уақыты, күні)

      Должность, Ф.И.О. (при наличии) доставившего лица (точное время, дата) доставки

      __________________________________________________________________________

      3. Зерттеп-қарау күні мен нақты уақыты

      Дата и точное время обследования ___________________________________________

      4. Кім зерттеп-қарады (дәрігер)

      Кем обследован (врач) _____________________________________________________

      5. Жеткізілген адамның сыртқы түрі (киімінің, терісінің жай-күйі, жарақаттардың, зақымдардың, соққылардың және тағы басқаларының болуы):

      Внешний вид доставленного лица (состояние одежды, кожи, наличие повреждений, ранения, ушибы и другое): _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      6. Жеткізілген адамның мінез-құлқы: ашулы, тұйық, қызба, қозу күйінде, агрессивті, эйфориялық, көп сөйлейді, абыржығыш, ұйқышыл, тежелген, өзінің жай-күйіне шағымдар білдіреді

      Поведение доставленного лица: напряжен, замкнут, раздражен, возбужден, агрессивен, эйфоричен, болтлив, суетлив, сонлив, заторможен, жалобы на свое состояние:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Сана күйі, орынды, уақытты, жағдайды және өз тұлғасын бағдарлауы

      Состояние сознания, ориентировка в месте, времени, ситуации и собственной личности:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Сөйлеу қабілеті: баяндаудың байланыстылығы, артикуляцияның бұзылуы, сөйлеу тілінің шұбарлануы және тағы басқалары.

      Речевая способность: связанность изложения, нарушения артикуляции, смазанность речи и другое

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Вегетативтік-тамырлық реакциялар (тері тіндерінің күйі, көздің шырышты қабығы, тіл, тершілдік, сілекей ағу)

      Вегетативно-сосудистые реакции (состояние кожных покровов, слизистых оболочек глаз, языка, потливость, слюнотечение) _________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      1) тыныс алу: жиіленген, баяу

      дыхание: учащенное, замедленное _________________________________________

      тамыр соғуы _______________ артериялық қан қысымы _______________________

      пульс _____________________артериальное давление ________________________

      көздің қарашықтары: тарылған, кеңейген, жарыққа реакция

      зрачки: сужены, расширены, реакция на свет _________________________________

      жан-жағына қарағандағы нистагм

      нистагм при взгляде в сторону _____________________________________________

      10. Қозғалыс аясы

      Двигательная сфера _______________________________________________________

      1) ым: солғын, қызу

      мимика: вялая, оживленная ________________________________________________

      2) жүріс-тұрысы (теңселіп жүру, жүргенде аяқтарын оңды-солды сілтеп жүру), бұрылыстармен жүру (бұрылғанда теңселу)

      походка (шатающаяся, разбрасывание ног при ходьбе), ходьба поворотами (пошатывание при поворотах)

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3) Ромберг күйінде тұру

      стояние в позе Ромберга __________________________________________________

      4) нақты қимылдар (еденнен тиынды алу, саусақтан-мұрыннан сынама)

      точные движения (поднять монету с пола, пальце-носовая проба) _______________

      __________________________________________________________________________

      5) қабақтардың, тілдің, қол саусақтарының дірілдеуі

      дрожание век, языка, пальцев рук _________________________________________

      __________________________________________________________________________

      11. Нервтік-психикалық аурулардың, мидың органикалық зақымдануының, физикалық қалжыраудың белгілері, бастан өткерген жарақаттар (жеткізілген адамның өз сөздерінен)

      Признаки нервно-психических заболеваний, органического поражения головного мозга, физического истощения, перенесенные травмы (со слов доставленного лица)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      12. Алкогольді соңғы рет тұтынғаны туралы мәліметтер: субъективті, объективті

      Сведения о последнем употреблении алкоголя: субъективные, объективные

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      13. Ауыздан алкоголь иісінің шығуы

      Запах алкоголя изо рта _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      14. Зертханалық, жабдықтық зерттеп-қарау деректері (жүргізген жағдайда)

      Данные лабораторных, инструментальных обследований (в случае их проведения)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      15. Диагноз, жай-күйі

      Диагноз, состояние _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      16. Қорытындылар (көрсете отырып: УБДО-ға орналастырылуға жатады немесе УБДО-ға орналастырудан бас тартылды):

      Заключение (с указанием: подлежит помещению в ЦВАД или отказано в помещении в ЦВАД):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Психиатр (нарколог) дәрігер                        Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Врач-психиатр (нарколог) _________________________ Ф.И.О. (при наличии)

      қолы роспись

      Күні дата

      Уақыты, время

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 4 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-233/2020
Бұйрыққа
2-қосымша

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ішкі тәртібі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 178-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының (бұдан әрі - УБДО) ішкі тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар медициналық персонал мен пациенттерге, ҰБДО-ға қаралған және орналастырылған адамдарға қолданылады.

2-тарау. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының пациенттерін орналастыру және шығару тәртібі

      3. УБДО-ға орналастыруға Кодекстің 178-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібіне сәйкес қарсы көрсетілімдері жоқ, алкогольден орташа дәрежедегі мас болу (уыттану) жай-күйіндегі адамдар жатады.

      4. Шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін психикалық және (немесе) соматикалық патологиясы бар адамдарды УБДО психиатр дәрігерінің (наркологының) жолдамасы бойынша жедел медициналық көмек бригадасы тиісті медициналық ұйымның бейінді бөлімшесіне жеткізеді.

      5. Алкогольдік мас болу (уыттану) жай-күйіндегі пациенттерді УБДО-ға орналастыру туралы хабарлама Кодекстің 180-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады:

      тұрғылықты жері бойынша жақын туыстарға (олар болған және байланыс болған жағдайда) орналастырылған сәттен бастап 1 (сағат) ішінде хабарланады;

      Кодекстің 180-бабының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар шетелдікті УБДО-ға орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) сағаттан кешіктірілмей телефон арқылы хабарланады;

      Уақыты көрсетілген хабарлама туралы тиісті жазба медициналық құжаттамаға енгізіледі.

      6. Пациентті УБДО-ға орналастырар алдында медицина персоналы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациенттердің жеке заттарын, құжаттарын, ақшаларын және басқа да құндылықтарын тіркеу журналына тіркейді.

      7. УБДО-ға орналастырылған адамдардың киімі жеке шкафтарда сақталады. Құжаттар, ақшалар және басқа құндылықтар тиісті ыдыста металл шкафтарда (сейфте) сақталады. Киімге арналған шкаф пен жеке ыдыстың реттік нөмірі бірдей болады.

      8. УБДО-ға орналастырылған пациент міндетті тәртіппен санитариялық-гигиеналық тазартудан өтеді. Инфекциялық-паразиттік аурулар анықталған жағдайда тиісті санитариялық-эпидмиологиялық іс-шаралар жүргізіледі.

      9. УБДО-ға орналастырылған әрбір пациентке бір мезгілде статистикалық карта болып табылатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша бейімдеу және детоксикация орталығындағы пациенттің картасы (бұдан әрі-пациенттің картасы) жүргізіледі.

      10. УБДО-даға орналастырылған ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады.

      11. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын адамдарды ҰБДО-ға орналастырылған басқа адамдармен ұстауға болмайды.

      12. Медицина персоналы ҰБДО-ға орналастырылған пациенттердің мінез-құлқы мен денсаулығының жай-күйіне тұрақты түрде бақылау жүргізеді.

      Медициналық көрсетілімдер болған кезде емдеу тағайындалады. Дәрігердің тағайындаулары пациенттің картасына енгізіледі. Медициналық тексерулердің жиілігі науқастың жағдайына байланысты.

      13. Психикалық моторлық қозу және өзіне мен айналасындағыларға жоғары қауіп ықтималдығы кезінде физикалық қысым жасау шаралары Кодекстің 175-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Пациенттің соматикалық және (немесе) психикалық жай-күйі нашарлаған кезде оны жедел медициналық көмек бригадасы басқа мамандандырылған медициналық ұйымдарға ауыстыруды жүзеге асырады.

      15. Пациентті шығаруды психиатр дәрігер (нарколог) келіп түскен сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде одан әрі байқауды және УБДО жағдайында емдеуді талап етпейтін жай-күйіді жақсартуға қол жеткізу кезінде жоспарлы тәртіппен жүзеге асырады. Шығару кезінде пациенттің картасына және емдеуге жатқызуды қабылдау мен бас тартуды есепке алу журналына тиісті жазба жасалады.

      16. Өз құжаттары мен жеке заттарын алған кезде пациент жазбаша түрде пациенттердің құжаттары мен жеке заттарын тіркеу журналындағы жазбаға сәйкес сақтау заңсыз болып табылатын заттардан басқа, барлық құжаттары мен жеке заттарын алғанын растайды.

      17. Шығару кезінде пациенттің қалауы бойынша УБДО-да болғаны туралы анықтама беріледі.

      18. Шығарғанға дейін бір сағат бұрын медицина персоналы УБДО-ға ішкі істер органдарының қызметкерлері жеткізген адамның шығарылатыны туралы хабарлайды.

3-тарау. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы пациенттерінің мінез-құлқы тәртібі

      19. УБДО-ға орналастырылған пациенттер:

      1) белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын сақтайды;

      2) тағайындалған емді қабылдайды;

      20. Күтуге арналған үй-жайларды қоспағанда, УБДО-ға кіруге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек ұйым персоналына, күзет ұйымының қызметкерлеріне, өзге де адамдарға ғана рұқсат етіледі.

      УБДО-ға орналастырылған адамдардың Кодекстің 182-бабының 1-тармағында көзделген құқықтары бар.

      УБДО-ға орналастырылған пациенттердің Кодекстің 182-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері бар.

  Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталығының
ішкі тәртібі қағидаларына
1-қосымша

Пациенттердің құжаттарын және жеке заттарын тіркеу журналы Журнал регистрации документов и личных вещей пациентов

Орналастырылған күні мен уақыты
Дата и время помещения

Пациенттің ТАӘ (болған жағдайда)
Ф.И.О. (при наличии) пациента

Пациенттің құжаттары
Документы пациента

Пациенттің жеке заттары*
Личные вещи пациента*

Пациенттің ақшасы**
Деньги пациента**

Тізімдемені растайтын адамдардың Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы, қолы
Ф.И.О.(при наличии) , должность, роспись лиц, заверяющих опись

Құжаттар мен жеке заттарды алғаны туралы пациенттің қолы
Подпись пациента о получении документов и личных вещей


п/п

1

2

3

4

5

6

7

8









      Ескертпе:

      Журналдың беттері нөмірленеді, журнал жіппен тігіледі және ұйымның мөрімен бекітіледі.

      * Орталыққа орналастырылған пациенттің жеке заттарының сипаттамасы айрықша сыртқы сипаттамаларды (түсі, мөлшері, тозуы, ақаулардың (зақымдардың) болуы және т.б.) қамтуы тиіс.

      ** Ақшаны сипаттаған кезде валютаның түрін, купюралардың құндылығын, олардың саны мен жалпы сомасын көрсету қажет.

      Примечание:

      Страницы журнала нумеруются, журнал прошнуровывается и заверяется печатью организации.

      * Описание личных вещей помещенного в центр пациента должно включать отличительные внешние характеристики (цвет, размер, изношенность, наличие изъянов (повреждений) и т.д.).

      ** При описании денег необходимо указать вид валюты, достоинство купюр, их количество и общую сумму.

  Уақытша бейімдеу және
детоксикация орталығының
ішкі тәртібі қағидаларына
2-қосымша

Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығындағы пациенттің №_____ картасы Карта пациента, находящегося в центре временной адаптации и детоксикации №_____

      1. Тегі

      Фамилия ___________________________________________________

      Аты

      Имя _______________________________________________________

      Әкесінің аты (болған жағдайда)

      Отчество (при наличии) ______________________________________

      2. Туған күні

      Дата рождения /_____/______/__________/

      3. Жынысы: ер - 1, әйел – 2

      Пол: муж - 1, жен - 2

      4. Ұлты

      Национальность _____________________________________________

      5. Тұрғын: қала – 1, ауыл – 2

      Житель: города – 1, села – 2

      6. ЖСН

      ИИН___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|

      7. Медициналық тіркеу нөмірі

      Регистрационный медицинский номер |___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|

      8. Тұрғылықты мекенжайы

      Место жительства:

      1) Ел, облыс, аудан

      Страна, область, район ________________________________________

      ____________________________________________________________

      2) елдімекен, көше, үй, пәтер

      населенный пункт, улица, дом, квартира _________________________

      ____________________________________________________________

      9. Әлеуметтік мәртебесі:

      Социальный статус: __________________________________________

      10. Жатқызу күні мен уақыты

      Дата и время помещения ______/______/______ ______/______

      11. Бақылау деректері: Данные наблюдения:

Күні, уақыты
Дата, время

Объективтік мәртебе деректері
Данные объективного статуса

Тағайындаулар
Назначения

1

2

3




      12. Шығару (қайтыс болған) күні мен уақыты

      Дата и время выписки (смерти)) _____/____/______ ____/____

      13. Төсек-күндерінің саны __________________________________

      Проведено койко-дней __________________________________

      14. Диагнозы: Диагноз:


Диагноз

АХЖ-10 бойынша код
Код по
МКБ-10

Қорытынды клиникалық диагноз
Заключительный клинический диагноз



Асқынулар
Осложнения



Қосалқы аурулар
Сопутствующие заболевания



Патологоанатомиялық диагноз (қайтыс болу себебі)
Патологоанатомический диагноз (причина смерти)



      15. Болу нәтижесі:

      Исход пребывания:

      Шығарылды (выписан) – 1, ауыстырылды (переведен) – 2, қайтыс болды (умер) – 3, өз еркімен кетіп қалды (самовольный уход) – 4.

      16. Дәрігер Врач:

      ТАӘ (Ф.И.О.) _______________________ Код ______________

      Қолы (Подпись) ______________________________________

      17. Орталық меңгерушісі (зав. центром):

      ТАӘ (Ф.И.О.) _______________________ Код ______________

      Қолы (Подпись) ______________________________________