Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 21724 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 18786 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42 тармақпен толықтырылсын:

      "

42

"Крупы Востока" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Спасская көшесі, 46 үй

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Спасская көшесі, 46 үй

  ".

      2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне а осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі