Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21699 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 27 бабының 1-тармақтың іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 қарашасы
№ ҚР ДСМ-218/2020
Бұйрыққа қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесі

1-тарау. Жоғары және жоғары оқудан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары:

      1. Авиациялық және ғарыштық медицина;

      2. Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың;

      3. Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың;

      4. Ангиохирургия ересектердің, балалардың;

      5. Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың;

      6. Гастроэнтерология ересектердің, балалардың;

      7. Гематология;

      8. Гериатрия;

      9. Дерматовенерология ересектердің, балалардың;

      10. Балалар хирургиясы;

      11. Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың;

      12. Кардиология ересектердің, балалардың;

      13. Кардиохирургия ересектердің, балалардың;

      14. Кинезиотерапия;

      15. Клиникалық фармакология;

      16. Еңбек медицинасы (Кәсіби патология);

      17. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы;

      18. Медициналық генетика;

      19. Неврология ересектердің, балалардың;

      20. Нейрохирургия ересектердің, балалардың;

      21. Неонатология;

      22. Шұғыл медицина ересектердің, балалардың;

      23. Нефрология ересектердің, балалардың;

      24. Жалпы дәрігерлік практика;

      25. Жалпы хирургия;

      26. Онкология;

      27. Онкология және гематология балалардың;

      28. Онкология радиациялық;

      29. Онкология химиотерапевтік;

      30. Оториноларингология ересектердің, балалардың;

      31. Офтальмология ересектердің, балалардың;

      32. Патологиялық анатомия;

      33. Педиатрия;

      34. Пластикалық хирургия ересектердің, балалардың;

      35. Психиатрия ересектердің, балалардың;

      36. Пульмонология ересектердің, балалардың;

      37. Радиология;

      38. Ревматология ересектердің, балалардың;

      39. Отбасылық медицина;

      40. Мейіргер ісі;

      41. Стоматология;

      42. Сот-медициналық сараптама;

      43. Терапия;

      44. Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың;

      45. Урология ересектердің, балалардың;

      46. Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың;

      47. Фтизиатрия ересектердің, балалардың;

      48. Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың;

      49. Эндокринология ересектердің, балалардың;

      50. Эрготерапия;

      51. Ядролық медицина

2-тарау. Жоғары және жоғары оқудан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандандырулары:

      1. Андрология;

      2. Аритмология;

      3. Бариатикалық және метаболикалық хирургия;

      4. Гепатология;

      5. Балалар гинекологиясы;

      6. Балалар гематологиясы;

      7. Дерматокосметология;

      8. Балалар кардиохирургиясы;

      9. Балалар нейрохирургиясы;

      10. Балалар ортопедиясы;

      11. Балалар психиатриясы;

      12. Балалар травматологиясы;

      13. Диабетология;

      14. Диетология (Нутрициология);

      15. Интенсивтік терапия балалардың;

      16. Интенсивтік терапия және неонаталдық реанимация;

      17. Интервенциялық радиология;

      18. Интервенциялық кардиология;

      19. Клиникалық зертханалық диагностика;

      20. Клиникалық нейрофизиология;

      21. Колопроктология;

      22. Комбустиология;

      23. Маммология;

      24. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы;

      25. Наркология;

      26. Репродуктивтік медицина;

      27. Радиациялық фармация;

      28. Спорт медицинасы;

      29. Сот-медициналық сараптама (сот-биологиялық зерттеу);

      30. Сот-медициналық сараптама (химиялық-токсикологиялық зерттеу);

      31. Сот-медициналық сараптама (сот-гистологиялық зерттеу);

      32. Сот-медициналық сараптама (медициналық-криминалистикалық зерттеу);

      33. Сот-медициналық сараптама (молекулярлық-генетикалық зерттеу);

      34. Сот-наркологиялық сарапатама ересектердің, балалардың;

      35. Сот-психиатриялық сараптама ересектердің, балалардың;

      36. Сурдология;

      37. Токсикология;

      38. Дәстүрлі медицина;

      39. Трансплантология;

      40. Трансфузиология;

      41. Трансплантациялық координация;

      42. Терапиялық стоматология;

      43. Хирургиялық стоматология;

      44. Ортопедиялық стоматология

      45. Балалар стоматологиясы

      46. Ортодонтия;

      47. Перфузиология;

      48. Физиотерапия;

      49. Функционалдық диагностика;

      50. Негізгі мамандық бейіні бойынша функционалдық диагностика;

      51. Негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика;

      52. Хоспис және паллиативтік медицина;

      53. Абдоминальды хирургия;

      54. Онкологиялық хирургия;

      55. Торакальды хирургия;

      56. Цитопатология;

      57. Акушерия және гинекологиядағы эндокринология;

      58. Негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия;

      59. Эпилептология.

3-тарау. Орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      1. Мейіргер ісі

4-тарау. Техникалық және кәсіби медициналық және фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      1. Мейіргер ісі;

      2. Емдеу ісі;

      3. Акушерия ісі;

      4. Стоматология;

      5. Зертханалық іс;

      6. Медициналық оптика;

      7. Ортопедиялық стоматология.

5-тарау. Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандандырулары

      1. Анестезия және интенсивтік терапиядағы мейіргер ісі;

      2. Хирургиядағы мейіргер ісі;

      3. Педиатриядағы мейіргер ісі;

      4. Физиотерапиядағы мейіргер ісі;

      5. Рентгенологиядағы мейіргер ісі;

      6. Физикалық медицина және реабилитациядағы мейіргер ісі;

      7. Қан қызметіндегі мейіргер ісі;

      8. Стоматологиядағы мейіргер ісі;

      9. Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі;

      10. Инфекциялық бақылаудағы мейіргер ісі;

      11. Косметологиядағы мейіргер ісі;

      12. Диетологиядағы мейіргер ісі;

      13. Функционалды диагностикадағы мейіргер ісі;

      14. Мейіргер ісіндегі патронаж;

      15. Емдік дене шынықтыру;

      16. Классикалық және емдік уқалау;

      17. Медициналық статистика;

      18. Клиникалық зертханалық диагностика;

      19. Патологиялық анатомиялық бюросындағы зертханалық ісі;

      20. Бактериологиялық зертханадағы зертханалық ісі;

      21. Психиатриядағы мейіргер ісі;

      22. Стоматологиялық гигиенашы;

      23. Дантист;

      24. Дәрігер-стоматолог көмекшісі;

      25. Тіс технигі;

      26. Фельдшер;

      27. Оптикометрист.

6-тарау. Қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау менеджменті және басқа денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер

      1. Денсаулық сақтаудағы менеджмент (Қоғамдық денсаулық сақтау);

      2. Қоғамдық денсаулық сақтау (медициналық-профилактикалық ісі, биомедицина, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс, гигиена, эпидемиология).

7 тарау. Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлердің мамандануы:

      1. Медициналық биотехнология;

      2. Клиникалық нейропсихология;

      3. Клиникалық психология;

      4. Еңбек гигиенасы;

      5. Балалар және жасөспірімдер гигиенасы;

      6. Тамақтану гигиенасы;

      7. Коммуналдық гигиена;

      8. Радиациялық гигиена;

      9. Паразитология;

      10. Бактериология;

      11. Микробиология;

      12. Вирусология;

      13. Геронтология;

      14. Денсаулық сақтаудағы медиация;

      15. Клиникалық биохимия;

      16. Клиникалық микробиология;

      17. Клиникалық цитогенетика;

      18. Клиникалық молекулярлық биология және генетика.

8-тарау.Техникалық және кәсіби білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      1. Гигиена және эпидемиология (маман);

      2. Күтім бойынша әлеуметтік жұмыс

      3. Парамедицина.

9-тарау. Техникалық және кәсіби білімі бар қызметкерлердің мамандандырулары

      1. Жалпы гигиена (маман);

      2. Еңбек гигиенасы (маман);

      3. Балалар және жасөспірімдер гигиенасы (маман);

      4. Тамақтану гигиенасы (маман);

      5. Коммуналдық гигиена (маман);

      6. Радиациялық гигиена (маман);

      7. Токсикология (маман);

      8. Зертханалық іс (маман);

      9. Эпидемиология (маман);

      10. Паразитология (маман);

      11. Бактериология (маман);

      12. Микробиология (маман);

      13. Қоршаған орта гигиенасы (маман).

10- тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары:

      1. Фармация.

11- тарау. Жоғары және жоғары оқудан кейінгі фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандандырулары

      1. Фармациядағы менеджмент

      2. Клиникалық фармация

      3. Фармациядағы сапаны басқару

12-тарау Техникалық және кәсіби фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары

      1. Фармация (маман)