ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларында рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашасы № ҚР ДСМ-206/2020 бұйрыққа қосымша |
Азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларында рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі
Реттік саны | Аурулардың атауы | АХЖ-10 коды бойынша |
Психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулар) | ||
1 | Симптоматикалық, психикалықты қоса алғанда органикалық бұзылулар | F00-F09 |
2 | Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары | F10-F19 |
3 | Шизофрения, шизотиптік жағдайлар және сандырақты бұзыллары | F20-F29 |
4 | Көңіл-күйдің бұзылулары (аффективті бұзылулар) | F30-F39 |
5 | Невротикалық, стресске байланысты және соматоформалық бұзылулар | F40-F48 |
6 | Физиологиялық бұзылулармен және физикалық факторлармен байланысты мінез-құлық синдромдары | F50-F59 |
7 | Ересектердегі тұлғаның және мінез-құлықтың бұзылуы | F60-F69 |
8 | Ақыл-ой кемістігі | F70-F79 |
9 | Психологиялық дамудың бұзылулар | F80-F89 |
10 | Әдетте балалық шақта және жасөспірім кезде басталатын эмоционалды бұзылушылықтар мен мінез-құлық бұзылушылар | F90-F98 |
11 | Қосымша анықтауларсыз психологиялық бұзылулар | F99 |
Соқырлықты (бинокулярлық немесе монокулярлық) қоса алғанда, көрудің бұзылуы) | ||
12 | Бинокулярлық соқырлық | H54.0 |
13 | Екі көз көруінің 3, 4, 5- санатта бұзылуы | H54.1 |
14 |
Бинокулярлық көрудің ауыр бұзылуы | H54.2 |
15 |
Бинокулярлық көрудің орташа бұзылуы | H54.3 |
16 |
Монокулярлық соқырлық | H54.4 |
17 | Монокулярлық көрудің ауыр бұзылуы және басқа көздің көруінің 0, 1 немесе 9-санаттағы бұзылуы | H54.5 |
18 |
Монокулярлық көрудің орташа бұзылуы | H54.6 |
Көру қабілетінің белгісіз жоғалуы | ||
19 |
Көру қабілетінің анықталмаған жоғалуы | H54.7 |
20 | Көруді анықталмаған бұзылыстары (бинокулярлық) көру қабілетінің 9-санаттағы бұзылуы | H54.9 |
Кондуктивтік және нейросенсорлық естмей қалу | ||
21 | Туа біткен саңыраулық | H90 |
22 | Ототоксикалық саңыраулық | H91.0 |
23 | Кенеттен болған (идиопатиялық) саңыраулық | H91.2 |
24 | Мутациялық саңыраулық | H91.3 |
25 | Өтпелі ишемиялық саңыраулық | H93.0 |
26 | Естуді қабылдау аномалиясы | H93.2 |
27 | Шудан туындаған естмей қалу | H83.3 |
28 | Психогендік саңыраулық | F44.6 |
Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің бұзылуы | ||
29 | Жүре пайда болған саусақтардың болмауы | Z89 |
30 | Қол саусақтарының жүре пайда болған қисаюы | M20. |
31 | Қол саусақтарының қисаюы және даму аномалиясы | Q66-Q68 |
32 | Қол саусақтарының болмауы | Q71.3 |