Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-201/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 қарашада № 21677 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 210-бабының 3- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 24 қарашасы
№ ҚР ДСМ-201/2020
бұйрыққа қосымша

Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 210-бабының 3- тармағына сәйкес әзірленді және ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезіндегі донорының жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өту тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағза – организмнің белгілі бір функциясын атқаратын бөлігі;

      2) донор - донорлық қанды, оның компоненттерін, өзге де донорлық материалды (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, репродуктивтік ағзалардың, жыныс жасушаларының, эмбриондардың тіндері) алу, сондай-ақ реципиентке трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

      3) тірі кезіндегі донор – кейінгі трансплантаттау мақсатында ағзаларды (ағзаның бөлігін) немесе тіндерді (тіннің бөлігін) алуға нотариаттық куәландырылған жазбаша келісімін білдірген, реципиентпен генетикалық байланыстағы және (немесе) онымен тіні үйлесетін, он сегіз жастағы және одан үлкен, әрекетке қабілетті адам;

      4) тін – құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттың жиынтығы;

      5) тіндік типтеу зертханалары (HLA-зертханалары) - донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік медициналық ұйымдардың жанындағы құрылымдық бөлімше;

      6) тіндік үйлесімділік – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау кезінде донор мен реципиенттің үйлесімділігін айқындайтын HLA-жүйесінің өзіндік ерекшелікті антигендері бойынша донор мен ықтимал реципиент тіндерінің ұқсастығы.

2-тарау. Тірі кезіндегі донорларды зерттеп-қарау тәртібі

      3. Тірі кезіндегі донор болуға ерік білдірген адам трансплантаттау бойынша қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымына одан әрі трансплантаттау үшін ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін ұсынады.

      4. Арнайы бейін дәрігерінің қабылдауы кезінде тірі кезіндегі донор ағзаларының (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерінің (тін бөлігінің) донорлығы алдында медициналық зерттеп-қараулар тағайындайды.

      5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде зерттеп-қарау үшін бекітілген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

      6. Осы қағидаларға қосымшаға сәйкес трансплантаттау алдында тірі кезіндегі донорды жан-жақты медициналық зерттеп-қарау жүргізіледі.

      7. Жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өткеннен кейін бекітілген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы тірі кезіндегі донорды ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) трансплантаттауды жүзеге асыратын медицина ұйымына мамандандырылған медициналық көмекті және жоғары технологиялық медициналық қызметті ұсыну үшін жоспарлы емдеуге жатқызуға жібереді.

  Ағзаның (ағза бөлігінің) және
(немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
тірі кезіндегі донорының жан-
жақты медициналық зерттеп-
қараудан өту қағидаларына
қосымша

Трансплантаттау алдында тірі кезіндегі донорды медициналық зерттеп-қарау

1 - бөлім. Бүйректің тірі кезіндегі донорын зерттеп-қарау

Зерттеулер нәтижесінің қолданылу мерзімі Зерттеу әдісі Зерттеу түрі

үнемі

Секвенирлеу

HLA-типтеу

48 сағат

Серологиялық

Жеке үйлесімділікке айқас сынамасын жүргізу - кросс-матч

1 ай

Иммуноферменттік талдау (бұдан әрі – ИФТ-әдісі)

Қан тобы;
HbsAg;
Anti HCV;
мерез;
Райта – Хеддельсон реакциясы;
цитомегаловирус IgM, IgG;
вирус Эпштейн-Барра IgM, IgG;
қарапайым герпес вирусы 1,2 типа IgM, IgG;
кандида IgM, IgG

күнтізбелік 10 күн

ИФТ-әдісі

АИТВ

күнтізбелік 14 күн

Қан талдау

Жалпы қан талдау

күнтізбелік 14 күн

Қан биохимиясы

Жалпы ақуыз, электролиттер, жалпы билирубин, тура билирубин, аспартатаминотрансфераза (бұдан әрі - АСаТ), аланинаминотрансфераза (бұдан әрі – АЛаТ), амилаза, глюкоза, креатинин, несепнәр, фосфор, С-реактивті ақуыз (бұдан әрі – СРА)

күнтізбелік 14 күн

Коагулограмма

Протромбин уақыты, АЧТВ, МНО, фибриноген

күнтізбелік 14 күн

Несеп талдау

Жалпы несеп талдамасы

1 ай

Онкомаркерлер

СА 19-9, АФП, РЭА;
(жалпы ПСА, еркін – ер адамдар үшін);
(СА 125, НЕ4 – әйелдер үшін)

3 ай

Ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі - УДЗ)

Бүйректі УДЗ;
Ішперде қуысы ағзасын УДЗ;
Қуықты УДЗ;
Әйелдердің кіші жамбас ағзаларын УДЗ,
Ер адамдардың қуықасты безін УДЗ;
Құрсақтық қолқаны, бүйрек тамырларын УДДГ

1 ай

Гемодинамика

1 тәулік ішінде артериялық қан қысымын тәулік бойы мониторинглеу (50 жастан асқан)

күнтізбелік 14 күн

Аспапты зерттеу әдістері

Электрокардиография (бұдан әрі - ЭКГ)

 
3 ай

Аспапты зерттеу әдістері

Эхокардиография;
фиброэзофагогастродуоденоскопия (бұдан әрі – ФЭГДС);
кеуде рентгенографиясы

1 ай

Мамандардың консультациясы

Стоматолог;
ЛОР-дәрігер;
кардиолог;
гинеколог (әйелдер үшін);
көрсеткіштер бойынша инфекционист

2- бөлім. Бауырдың тірі кезіндегі донорын зерттеп-қарау

Зерттеулер нәтижесінің қолданылу мерзімі Зерттеу әдісі Зерттеу түрі

өмір бойы

Секвенирлеу

HLA-типтеу

48 сағат

Серологиялық

Жеке үйлесімділікке айқас сынамасын жүргізу - кросс-матч

1 ай

ИФТ-әдісі

Қан тобы;
HbsAg;
Anti HCV;
мерез;
цитомегаловирус IgM, IgG;
Эпштейн-Барра IgM, IgG вирусы;
1,2типті IgM, IgG қарапайым герпес вирусы;
кандида IgM, IgG

күнтізбелік 10 күн

ИФТ-әдісі

АИТВ

күнтізбелік 14 күн

Қан талдау

Жалпы қан талдау

күнтізбелік 14 күн

Қан биохимиясы

АЛаТ, АСаТ, билирубин, креатинин, несепнәр, жалпы ақуыз, альбумин, СРБ, калий, магний, натрий, глюкоза, өт фосфотазасы

күнтізбелік 14 күн

Коагулограмма

ПВ, АЧТВ, ПТИ, фибриноген, антитромбин-III мен D- димер

күнтізбелік 14 күн

Несеп талдау

Жалпы несеп талдау

1 ай

Онкомаркерлер

CA 19-9, CA 72, CA 125, АФП, РЭА

1 ай

Бактериологиялық зерттеу

Аңқадан, мұрын мен қынаптан, сонымен қатар несептен, нәжістен, қақырықтан алынатын себінділер

3 ай

Антинуклеарлы аутоантиденелерді анықтау

AMA, ANA, ANCA

3 ай

Ультрадыбыстық зерттеу

Бүйректі УДЗ;
Ішперде қуысы ағзаларын УДЗ;
Қуықты УДЗ;
Әйелдердің кіші жамбас ағзаларын УДЗ,
Ер адамдардың қуықасты безін УДЗ;
Құрсақтық қолқа тамырларының доплерографиясы

1 ай

Гемодинамика

1 тәулік ішінде артериялық қан қысымын тәулік бойы мониторинглеу (50 жастан асқан)

күнтізбелік 14 күн

Аспапты зерттеу әдістері

ЭКГ

 
3 ай

Аспапты зерттеу әдістері

Эхокардиография;
ФЭГДС;
Кеуде рентгенографиясы;
спирография;
ангиографиямен қуықтың компьютерлік томографиясы;
МРХПГ

3 ай

Мамандардың консультациясы

Стоматолог;
ЛОР-дәрігер;
кардиолог;
гинеколог;
гепатолог;
инфекционист

3- бөлім. Гемопоэздік дің жасушаларының тірі кезіндегі донорын зерттеп-қарау тізбесі

Зерттеулер нәтижесінің қолданылу мерзімі Зерттеу әдісі Зерттеу түрі

үнемі

Секвенирлеу

HLA-типтеу

1 ай

ИФТ-әдісі

Қан тобы;
HbsAg;
Anti HCV;
микрореакция;
цитомегаловирус IgM, IgG

күнтізбелік 10 күн

ИФТ-әдісі

АИТВ

күнтізбелік 14 күн

Қан талдау

Жалпы қан талдау

күнтізбелік 14 күн

Ультрадыбыстық зерттеу

Әйелдердің кіші жамбас ағзаларын УДЗ

күнтізбелік 14 күн

Аспапты зерттеу әдісі

ЭКГ

1 ай

Мамандардың консультациясы

Көрсеткіштер бойынша