Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-191/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қарашада № 21647 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 231-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қарашадағы № 670 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5872 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің №1 жинағында 2010 жылғы 20 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 13 қарашасы
№ ҚР ДСМ-191/2020
бұйрығымен бекітілген

Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі

Код

Қазақ тіліндегі атауы

Ағылшын тіліндегі атауы

Дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған бояуыштар

Е121

Цитрус Қызыл 2

Citrus Red 2

Е123

Амарант

Amaranth

Е154

Қоңыр FK

Brown FK

Балаларға арналған дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған бояуыштар

Е102

Тартразин

Tartrazine

Е104

Сары хинолин

Quinoline Yellow

Е107

Сары 2 G

Yellow 2 G

Е110

Сары "Күннің батуы" FCF, қызғылт сары S

Sunset Yellow FCF, Orange Yellow S

Е120

Кошениль, Кармин қышқылы, Карминдер

Cochineal, Carminic acid, Carmines

Е122

Азорубин, Кармоизин

Azorubine, Carmoisine

Е127

Эритрозин

Erythrosine

Е128

Қызыл 2G

Red 2G

Е131

Көк патенттелген V

Patent Blue V

Е132

Индиготин, Индигокармин

Indigotine, Indigo Carmine

Е133

Көк жылтыр FCF

Brilliant Blue FCF

Е155

Қоңыр НТ

Brown HT

Е162

Қызылшадай қызыл, Бетанин

Beetroot Red, Betanin

р/с №

Дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған қосалқы заттар

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясына енгізілмеген

2

Қазақстан Республикасында қолданыстағы деп танылған фармакопеяларға енгізілмеген

3

Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарды өндіруге және дайындауға арналған қосалқы заттар жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне енгізілмеген