"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашасы № 1104 бұйрығына қосымша |
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының тәртібі мен мерзімдерін (бұдан әрі – Пилоттық жоба) айқындайды.
2. Осы Қағидалардың шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) акцизделетін тауарлар – этил спирті, алкоголь өнімі, бензин, дизель отыны, темекі бұйымдары;
2) алыс-беріс шикізаты – қайта өңдеуге арналған шикізат;
3) бастапқы тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат (бұдан әрі – ТІЖ) – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелген кезде ресімделетін ТІЖ;
4) бөлшек сауда – кәсіпкердің сатып алушыға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, жеке, отбасылық, үйде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарды сатуы;
5) виртуалды қойма – тауарлардың өткізілуін автоматты режимде бақылауға арналған электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ЭШФ АЖ) модулі;
6) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) алып қою тізбесінің тауарлары – тауарлар, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) коды және атауы Тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне сәйкес қатысушысы болып табылатын, халықаралық шартқа сәйкес бекітілген ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданады;
7) жеңіл автокөлік – жүргізушіні қоса, сыйымдылығы 9 адамға дейін, рұқсат етілген ең жоғары жүк көтеруі 3,5 тоннадан аспайтын, жолаушылар мен багаждарды тасымалдауға арнаған көлік құралы;
8) қойманың сәйкестендіру нөмірі (ІD) – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-ғы виртуалды қойманың тіркеу нөмірі;
9) құрамында алтыны бар өнім – электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын құрамында алтыны бар өнім;
10) таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісі – таңбаланатын тауарлардың айналымы кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалау ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ТТҚ АЖ) қалыптастырылатын электрондық құжат;
11) тауарларды әкелу туралы хабарлама – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ТТҚ АЖ-да қалыптастырылатын электрондық құжат;
12) тауарларға арналған декларация – тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжат;
13) тауардың ІD – виртуалды қоймадағы тауарлар үшін автоматты түрде жасалатын сәйкестендіргіш;
14) тауарларды өткізу – Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды өткізу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу және (немесе) бір адам шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
15) ТСН-код – акцизделетін өнім өндірушілерге, акцизделетін өнім импортын жүзеге асыратын көтерме жеткізушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін акцизделетін өнімнің әрбір атауына, түріне берілетін, тауарларға ілеспе жүкқұжатында акцизделетін өнімнің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті тұрақты сәйкестендіру нөмірі;
16) ТІЖ – тауарларға ілеспе жүкқұжаттар, оның ішінде салық төлеушіге тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын құжат;
17) ТІЖ ресімдеу – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес нысандарды толтыру және электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен, қағаз түрінде ТІЖ ресімдеген жағдайда уәкілетті жеке тұлғаның қол қоюы және мөрі (болған кезде);
18) ТІЖ тіркеу – ЭШФ АЖ-да бірегей тіркеу нөмірін беру, қағаз түрінде ТІЖ ресімдеген жағдайда – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу жүйесінен немесе қағаз түрінде ТІЖ тіркеу журналынан нөмірді беру рәсімі;
19) ТІЖ тіркеу нөмірі – оны тіркеу кезінде берілетін және жеткізушінің (әкелу кезінде – алушының) сәйкестендіру нөмірінің, ТІЖ тіркелген күні мен бірегей ретсіз нөмірінің негізінде автоматты түрде ЭШФ АЖ-да қалыптастырылатын ТІЖ бірегей нөмірі не қағаз түрінде ТІЖ тіркеу журналының негізінде берілетін ТІЖ бірегей нөмірі;
20) ТІЖ растау – тауарларды алған кезде алушының ТІЖ растауы;
21) ТІЖ бас тарту – тауарлардың сәйкессіздігі болған кезде алушының ТІЖ бас тартуы;
22) ТІЖ түзету – бұдан бұрын ресімделген ТІЖ жою жолымен тауарлардың жеткізушісін және (немесе) алушысын ауыстыруға әкеп соқтырмайтын қателерді түзету;
23) ТІЖ кері қайтару – бұдан бұрын ресімделген ТІЖ кері қайтару;
24) уәкілетті жеке тұлға – осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкер не жеке практикамен, айналысатын адамдардың атынан сенімхат негізінде ЭШФ АЖ-да құжат айналымы процесінде операцияларды жүзеге асыруға құқық берілген заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамдардың қызметкері немесе өкілі;
25) ілеспе пайдалы қазбалар - негізгі пайдалы қазбаларды игеру кезінде өндіру мен өңдеуі рентабельді және шаруашылықта пайдалануға экономикалық жағынан қолайлы болып табылатын негізгі пайдалы қазбалармен бірге өндірілетін және солармен ұласып жатқан минералдық кешендер, минералдар, металдар және басқа химиялық элементтер мен олардың қоспалары;
26) электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып берілетін тауарлар – "Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18603 болып тіркелген) сәйкес электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып берілетін тауарлар;
27) GTІN (Global Trade Іtem Number) – GS1 жүйесінің стандарттарымен белгіленген қағидаларға сәйкес оның әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнде сәйкестендірілуі мақсатында ұлттық (өңірлік) GS1 ұйымның тауарлар тобына берілетін жаһандық сәйкестендіру нөмірі, ТТҚ АЖ-ғы тауар коды ретінде пайдаланылады;
28) 328.00-нысан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген) бекітілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында:
акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 наурызға дейін;
виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын тауарлар бойынша электрондық шот-фактуралар 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 мамырға дейін;
ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары бойынша 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейін іске асырылады.
4. Пилоттық жобаның:
1) мыналар:
акциздік тауарларды өндіру және (немесе) өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкетуді жүзеге асыратын;
ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;
ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкетуді жүзеге асыратын;
ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
2) ЭШФ АЖ әзірлеуші – "Open Systems Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) тауарларды таңбалау операторы – "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы;
4) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы";
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) қатысушылары болып табылады.
5. Виртуалды қоймалардың түрлері:
1) "Қойма" – салық төлеушінің негізгі қоймасы, бірнеше қойманы тіркеуге болады;
2) "Бөлінбеген қойма" – ЭШФ АЖ пайдаланушылары үшін және бөлшек саудада, оның ішінде ЭШФ АЖ тіркелмеген тауарды өткізуді жүзеге асыратын алушылар үшін автоматты түрде құрылатын қойма;
3) "Сату нүктесі" – тауарды сату орны, сату нүктесі дүкеннің сауда алаңында болуы мүмкін;
4) "Мобильді қойма" – тауарларды өткізу мақсатында тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізуге арналған қойма.
6. Виртуалды қоймалардың белгілері:
1) "Басымды қойма" – ЭШФ АЖ қатысушысы автоматты түрде кіріске алу және тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығару үшін айқындаған қойма;
2) "Тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды кіріске алу қоймасы" – тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды автоматты түрде кіріске алуға арналған қойма;
3) "Жария қойма" – тауарларды өткізу және сату кезінде қойманы таңдау үшін жеткізушіге сатып алушы ұсынатын қойма;
4) "Бірлескен қызмет қатысушыларының қоймасы" – бірлескен қызмет қатысушылары пайдаланатын қойма (бұдан әрі – БҚҚ қоймасы);
5) "Лизингке арналған қойма" – белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі контрагенттермен (жеткізуші немесе алушы) бірлесіп пайдалануға арналған қойма;
6) "Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қойма" – шикізаттың алушы-берушілері және қайта өңдеушілері пайдаланатын қойма;
7) "Қайта ұйымдастырылатын тұлғаның қоймасы" – кәсіпорынды қайта ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын қойма.
7. ЭШФ АЖ әзірлеуші, тауарларды таңбалау жөніндегі оператор олардан сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пилоттық жобаның қатысушыларына техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асырады.
8. ҚР ҚМ МКК субъектілерден сұрау салу алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТІЖ ресімдеу және виртуалды қоймада жұмыс бөлігінде әдістемелік консультациялар береді.
9. Пилоттық жобаның қатысушылары "ТІЖ ресімдеу тәртібін пысықтау бойынша ұсыныстар" белгісімен esfsd@mgd.kz техникалық қолдаудың электрондық мекенжайына жолдау арқылы ТІЖ ресімдеу тәртібін пысықтау бойынша ұсыныстар енгізеді.
2-тарау. ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
10. ТІЖ қағаз жеткізгіште ресімдеуге жататын:
1) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі болмаған.
Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктер туралы ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында орналастырылады;
2) техникалық қателердің себебінен ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеудің мүмкін еместігі туралы ақпаратты ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында растаған жағдайларды қоспағанда, ТІЖ электрондық нысанда ресімделеді.
11. Егер:
1) ТІЖ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
2) ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ға электронды нысанда тіркеу нөмірі берілсе;
3) қағаз түріндегі ТІЖ қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналында тіркелген болса ТІЖ ресімделген болып саналады.
12. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген, аумағында жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері жоқ, олар бойынша ақпарат ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қағаз түріндегі ТІЖ-ны тіркеу журналын жүргізе отырып, ТІЖ-ны қағаз жеткізгіштерде ресімдейді.
13. ЭШФ АЖ-да қамтылған электрондық құжат, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда ресімделген қағаз жеткізгіштегі ТІЖ-ы ТІЖ-ның түпнұсқасы (төлнұсқасы) болып табылады.
14. Егер ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасында осындай:
1) "міндетті емес ашық жол";
2) "шартты-міндетті ашық жол" және толтыру міндеттілігі бойынша шарттар туындамайды,- деген ашық жолдардың белгілері болса, ТІЖ-ның жекелеген ашық жолдары толтыруға жатпайды.
ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасы ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында жарияланады және ЭШФ АЖ-да ТІЖ қабылдау және өңдеу кезінде ескеріледі.
15. ТІЖ:
1) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау және (немесе) өткізу кезінде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын өткізу кезінде;
3) тауарларды жеңіл автокөлікпен әкелуді қоспағанда, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
4) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды жеңіл автокөлікпен әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде;
6) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өткізу кезінде;
7) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде ресімдеуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көзделген ерекшеліктер, құрамында алтыны бар өнімге қолданылмайды.
16. ТІЖ:
1) осы Қағидалардың 72-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бөлшек саудада тауарларды өткізу кезінде;
2) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
3) ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына магистральды құбыржол жүйесі бойынша және (немесе) электр беру желілері бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде;
4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарларды бір тұлға шегінде және (немесе) бір тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде;
5) қайтарылатын ыдысты тиеу кезінде, мұндай ыдыс ДСҰ-ның алып қою тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда;
6) ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы тасымалдауды бастау орны болып табылатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
7) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан межелі елі ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы болып табылатын, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде ресімдеуге жатпайды.
17. ТІЖ мынадай мерзімдерде:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды тасымалдау, өткізу кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу басталғаннан кешіктірмей;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде:
ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды тасымалдау, өткізу басталғаннан кешіктірмей;
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу басталғаннан кешіктірмей;
4) құрамында алтыны бар өнімді құбыржол өткізу кезінде – ай сайын, өткізу айынан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей ресімделеді.
18. ТІЖ алушы ТІЖ-ны ЭШФ АЖ-да тіркелген күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ арқылы ТІЖ-ны растайды немесе бас тартады.
19. Пилоттық жоба кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушы осы Қағидаларда белгіленген ТІЖ-ны ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібін және мерзімдерін бұзған жағдайда ҚР ҚМ МКК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатты ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібі мен мерзімдерінің бұзылуы туралы" хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) қалыптастырады.
Хабарлама Пилоттық жобаға қатысушыға электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жолданады.
Хабарламаны алу, сондай-ақ онымен танысу алушыны ТІЖ ресімдеуден, алуды растаудан немесе бас тартудан босатпайды.
20. ТІЖ жеткізуші (әкелу кезінде – алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша виртуалды қойма арқылы қазақ немесе орыс тілдерінде ресімдейді, ЭЦҚ қояды.
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде тауарларды алушы бастапқы ТІЖ ресімдейді, ол арқылы тауарлар оның виртуалды қоймасына түседі.
21. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды тасымалдау, өткізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету кезінде:
1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (жасалынған) тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
2) Салық кодексінің 386, 446 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын тауарларды экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
3) Салық кодексінің 393-бабы 3-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасында ресімделген жағдайларды қоспағанда, ТІЖ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ресімделеді.
22. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде ТІЖ ұлттық валютада немесе шот-фактурада (инвойста) көрсетілген валютада жазып беріледі.
23. Алушының ТІЖ растауы мынадай жағдайларда:
1) тауарларды экспортқа өткізу кезінде;
2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде;
3) акцизделетін тауарларды өткізуді, шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағына тауарларды өткізуді қоспағанда, бөлшек саудада тауарларды өткізуді жүзеге асыратын алушыға тауарларды өткізу кезінде;
4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаға тауарларды өткізу кезінде;
5) аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген алушылардың атына ТІЖ ресімдеу кезінде талап етілмейді.
24. Бұрын ресімделген ТІЖ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, жеткізушіні және (немесе) тауарларды алушыны ауыстыруға әкеп соқтырмайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда, бұрын ресімделген ТІЖ-ны жою арқылы түзетілген ТІЖ ресімделеді.
25. Тауар қайтарылған жағдайда:
1) алушы бас тартқан ТІЖ бойынша – жеткізуші "бас тарту" мәртебесі бар ТІЖ бойынша тауарларды тиеп-жөнелту қоймасына тауарларды тасымалдауды жүзеге асырады;
2) алушы ТІЖ расталғанға немесе бас тартқанға дейін ТІЖ кері қайтарып алынған кезде – жеткізуші "кері қайтарып алу" мәртебесі бар ТІЖ бойынша тауарларды тиеп-жөнелту қоймасына тасымалдауды жүзеге асырады;
3) алушы бұрын растаған ТІЖ бойынша – алушы қайтаруға ТІЖ ресімдейді, бұл ретте ЭШФ АЖ-да бұрын ресімделген ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
26. Толық емес және (немесе) анық емес деректерді көрсете отырып ресімделген ТІЖ мынадай мерзімдерде:
1) акцизделетін тауарлар бойынша – егер алушы ТІЖ растамаған немесе бас тартпаған жағдайда, ТІЖ ресімделген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары және (немесе) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар бойынша – егер алушы ТІЖ растамаған немесе бас тартпаған жағдайда, ТІЖ ресімделген күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жоюға немесе жеткізуші (әкелу кезінде – алушы) қайтарып алуға жатады.
27. Бастапқы ТІЖ бойынша виртуалды қоймаға кіріске алынған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша алушы, қажет болған жағдайда, өткізуге ТІЖ ресімделетін мынадай:
1) ДСҰ алып қою тізбесінің тауарларын;
2) акцизделетін тауарларды;
3) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды қоспағанда, көрсетілген тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығаруды жүргізеді.
28. Осы Қағидалардың 27-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тауарлар өндірісте көрсетілген тауарларды пайдалану, өз мұқтаждары үшін пайдалану кезінде, бүлінген, жоғалған, ұрланған, кәдеге жарату кезінде ТІЖ ресімдеусіз виртуалды қоймадан есептен шығарылуы мүмкін.
29. ЭШФ АЖ-да тіркелген ТІЖ Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес талап қою мерзімі ішінде ЭШФ АЖ-да сақталады.
Қағаз жеткізгіштерде тіркелген және қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналындағы ТІЖ Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес талап қою мерзімі ішінде сақталуға жатады.
Лизингке берілген тауарлар бойынша ТІЖ лизинг шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін есептелетін, Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағына сәйкес талап қою мерзімі ішінде ЭШФ АЖ-да сақталады.
30. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген), "Қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат" 3-2-нысанды жасау (ресімдеу) ТІЖ ресімделген жағдайда талап етілмейді.
3-тарау. Пилоттық жобада ТІЖ толтыру тәртібі
31. "Жалпы бөлім" деген А бөлімінде мынадай деректер:
1) есепке алу жүйесінің ТІЖ нөмірі – салық төлеушінің салық есебінде берілетін және тауарларды жеткізуші дербес айқындайтын ТІЖ реттік нөмірі. Бұл ашық жолды толтыру міндетті емес;
2) тауарды тиеп-жөнелту күні – қолмен толтырылады.
Бұл ретте, түзетілген ТІЖ тауарды тиеп-жөнелту күні, кейін жойылатын, түзетілетін ТІЖ көрсетілген тауарды тиеп-жөнелту күні бойынша айқындалады.
3) түзетілген ТІЖ – ЭШФ АЖ-да түзетілетін ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі. Жойылғанның орнына ТІЖ ресімделген жағдайда толтырылады;
4) тауарды қайтару – тауар қайтарылған жағдайда белгі қойылады. Бұл ретте В бөлімінде алушының деректемелері, ал С бөлімінде – жеткізушінің деректемелері, ал 6.1-жолда бұдан бұрын ресімделген ЭШФ АЖ-ғы ТІЖ тіркеу нөмірі көрсетіледі;
5) Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу – қажет болған жағдайда:
"Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу (импорт)";
"қайта өңдеуге әкелу";
"уақытша әкелу";
"уақытша әкетілген тауарды әкелу";
"АЭА аумағына әкелу" ұяшығына тиісті белгі қойылады;
6) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету – қажет болған жағдайда:
"Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету (экспорт)";
"қайта өңдеуге әкету";
"уақытша әкету";
"уақытша әкелінген тауарды әкету";
"АЭА аумағынан әкету";
"әуе кемесіне май құю" ұяшығына тиісті белгі қойылады;
7) тауарларды өткізу – қажет болған жағдайда:
"Қазақстан Республикасының аумағында бір тұлға шегінде". Бұл ашық жол тек акцизделетін тауарлар бойынша ғана толтырылады;
"ЕАЭО шеңберінде бір тұлға шегінде";
"өзге де өткізулер" ұяшығына тиісті белгі қойылады;
8) акцизделетін және басқа да тауарлар (цифрлық таңбалауды қоспағанда) – қажет болған жағдайда:
"этил спирті";
"шарап материалы";
"сыра және сыра сусыны";
"алкоголь өнімі (сыра және сыра сусынынан басқа)";
"мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері";
"биоотын";
"темекі бұйымдары" ұяшығына тиісті белгі қойылады.
9) экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) – экспорттық бақылауға (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) жататын тауарлармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда белгі қойылады;
10) цифрлық таңбалау – қажет болған кезде ұяшыққа тиісті белгі қойылады.
11) ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ның тіркеу нөмірі – ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ны тіркеген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде толытырады. ЭШФ АЖ қатысушысының толтыруына және (немесе) түзетуіне арналмаған;
12) ЭШФ АЖ-да ТІЖ-ны тіркеген күні мен уақыты. Бұл ашық жол ЭШФ АЖ автоматты түрде толтырылады және ресімдеудің нақты уақытына сәйкес келеді;
13) ТТҚ АЖ-да тауарларды қабылдау/беру актісінің немесе әкелу туралы хабарлама – тауарларды қабылдау/беру актісінің немесе әкелу туралы хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні толтырылады.
32. "Жеткізушінің деректемелері" деген В бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) – жеткізуші енгізеді, импорт кезінде алушы енгізеді. Егер тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" торкөзі белгіленеді". Бұл ретте ашық жолды толтыру міндетті емес;
2) жеткізушінің (жөнелтушінің) атауы;
3) құрылымдық бөлімшенің БСН;
4) қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН;
5) жеткізушінің санаты;
6) жеткізуші тіркелген елдің коды – "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 22-қосымшаға (бұдан әрі – Жіктеуіштің 22-қосымшасы) сәйкес Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) елдің әріптік коды көрсетіледі;
7) жөнелту (тиеп жөнелту) елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды жеткізуші (жөнелтуші) елінің әріптік коды көрсетіледі;
8) жөнелтудің (тиеп-жөнелтудің) іс жүзіндегі мекенжайы. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы кезінде автоматты түрде толтырылады;
9) жөнелту (тиеп-жөнелту) қоймасының (ІD) сәйкестендіру нөмірі – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-дағы виртуалды қоймасының тіркеу нөмірі көрсетіледі. Тауарлардың импорты кезінде деректер толтырылмайды.
33. "Алушының деректемелері" деген С бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
1) ЖСН/БСН. Егер тауарлар алушы бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" деген ұяшық белгіленеді;
2) алушының атауы;
3) құрылымдық бөлімшенің БСН;
4) қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН;
5) алушының санаты;
6) алушының тіркелген елінің коды – тауарларды алушы елдің әріптік коды көрсетіледі, әуежайлар Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес әуе борты тиесілі елдің әріптік кодын көрсетеді;
7) жеткізу (жеткізіп беру) елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес тауарларды алушы елдің әріптік коды көрсетіледі.
Әуежайлар авиациялық отынды өткізген кезде әуе бортының жүру маршруты елінің әріптік коды көрсетіледі;
8) нақты жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайы. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы кезінде автоматты түрде толтырылады;
9) жеткізу (жеткізіп беру) қоймасының сәйкестендіру нөмірі (ІD). Бұл ашық жол экспортқа ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
34. "Жүк жөнелтушінің және жүк алушының деректемелері" деген D бөлімінде мынадай деректер:
"Жүк жөнелтуші" – оның атынан жүк жөнелту ресімделетін тұлға:
1) ЖСН/БСН. Егер жүк жөнелтуші бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" деген ұяшық белгіленеді;
2) жүк жөнелтушінің атауы;
3) жөнелту елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес жүк жөнелтуші елдің әріптік коды көрсетіледі;
"Жүк алушы" – шарттың негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті тұлға:
1) ЖСН/БСН. Егер жүк алушы бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" деген ұяшық белгіленеді;
2) жүк алушының атауы;
3) жеткізу елінің коды – Жіктеуіштің 22-қосымшасына сәйкес жүк алушы елінің әріптік коды көрсетіледі.
35. "Тасымалдау жөніндегі мәліметтер" деген Е бөлімінде – мынадай деректер:
1) тасымалдаушы. Егер тасымалдаушы бейрезидент болып табылса, онда "бейрезидент" торкөзі белгіленеді;
2) ЖСН / БСН;
3) жоспарланған көлік туралы мәліметтер – көлік түрі көрсетіледі (көрсетілген тізімнен таңдалады).
36. "Әуе кемесіне жанармай құю" деген Е1 бөлімінде мынадай деректер:
1) әуе кемесінің типі;
2) борттың тіркеу нөмірі;
3) рейс нөмірі;
4) шығыс ордерінің немесе әуе бортына жанармай құюға талаптың нөмірі көрсетіледі.
37. "Шарт (келісімшарт)" деген F бөлімінде мынадай деректер:
1) шарттың (келісімшарттың) нөмірі;
2) шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.
38. "БҚҚ (бірлескен қызметке қатысушылар)/ӨБК (Өнімді бөлу туралы келісім) шеңберіндегі шарт (келісімшарт)" F1-бөлімінде мынадай деректер:
"Жеткізушінің":
1) нөмірі (шарттың/келісімшарттың нөмірі көрсетіледі);
2) шарттың/келісімшарттың күні (күні, айы, жылы форматында);
"Алушының":
1) нөмірі (шарттың/келісімшарттың нөмірі көрсетіледі);
2) шарттың/келісімшарттың күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі.
39. "Валюта коды" – анықтамалықтан таңдап алынады;
40. "Валюта бағамы" – ТІЖ ресімдеу күніне валюта бағамы көрсетіледі.
41. "Тауарлар бойынша деректер" деген G1 бөлімінде мынадай деректер:
1) тауарлардың әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі;
2) тауардың шығарылған жерінің белгісі (анықтамалықтан таңдап алынады);
3) тауарлар атауы;
4) тауар коды (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы) – ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі;
5) өлшем бірлігі;
6) саны (көлемі);
7) тауар бірлігі үшін баға – шарт (келісімшарт) бойынша өлшем бірлігі үшін тауардың бағасы көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыруға міндетті емес;
8) жанама салықтарсыз тауардың құны – жанама салықтарды есепке алусыз тауарлардың барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыру міндетті емес;
9) акциз сомасы – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акциз сомасы көрсетіледі. Толтыру міндетті емес;
10) ҚҚС сомасы – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген ҚҚС көрсетіледі. Толтыру міндетті емес;
11) жанама салықтармен тауардың құны – жанама салықтарды есепке ала отырып, тауарлардың барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу жағдайларын қоспағанда, толтыру міндетті емес;
12) тауарларға арналған декларацияның жиырма мәнді тіркеу нөмірі, ТІЖ қырық екі мәнді тіркеу нөмірі, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің он сегіз мәнді тіркеу нөмірі, тауардың шығарылған жері туралы сертификатың он үш мәнді тіркеу нөмірі (СТ-1). Тауардың шығарылған жері туралы сертификатының он бір мәнді тіркеу нөмірі (СТ-KZ);
13) тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін Тауарларды шығару туралы өтініштен, тауарларға арналған декларациялардан, ТІЖ немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен, СТ-1 немесе СТ-KZ – салық төлеуші тауарларға арналған декларацияларды бергенге дейін Тауарларды шығару туралы өтініште, тауарларға арналған декларацияларда, ТІЖ немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште, СТ-1 немесе СТ-KZ пайдаланатын тауарлардың атауына сәйкес келетін тауар позициясының нөмірі көрсетіледі;
14) ЭШФ АЖ-дағы тауардың сәйкестендіргіші;
15) GTІN;
16) қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Әуе кемесіне жанар-жағар май құю кезінде қосымша мәліметтерде жанар-жағар май материалдарын алушы-авиакомпания, "литр" өлшем бірлігінен "килограмм/тонна" өлшем бірлігіне ауыстырылған жанар-жағар май материалдарының құйылған көлемі, жанар-жағар май материалдарының тығыздығы, Цельсий бойынша ауа температурасы, бақылау талонының нөмірі, май құю құралының нөмірі туралы ақпарат және әуе кемесіне жанар-жағар май құю кезінде қажетті өзге ақпарат көрсетіледі.
42. "Алкоголь өнімі бойынша деректер" деген бөлімде мынадай мәліметтер:
1) жеткізушінің лицензия нөмірі (В бөлімнің "ЖСН/БСН" деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
2) лицензия бойынша жеткізушінің мекенжайы (В бөлімнің "ЖСН/БСН" деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
3) алушының лицензия нөмірі (С бөлімнің "ЖСН/БСН" деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады);
4) лицензия бойынша алушының мекенжайы (С бөлімнің "ЖСН/БСН" деген ашық жолда көрсетілген деректерді енгізген кезде қалыптастырылған тізімнен таңдап алынады) көрсетіледі.
43. "Этил спирті" деген G2 бөлімінде мынадай деректер:
1) операция коды (ЭШФ АЖ анықтамалығынан таңдап алынады);
2) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдап алынады);
3) этил спиртінің түрі, атауы;
4) мөлшері (литрмен);
5) литр үшін баға – теңгемен, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша, олар болмаған кезде – сыртқы экономикалық мәміле жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі.
44. "Шарап материалы" деген G3 бөлімінде мынадай деректер:
1) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдап алынады);
2) шарап материалының түрі, атауы;
3) мөлшері (литрмен);
4) литр үшін баға – теңгемен, импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша, олар болмаған кезде – сыртқы экономикалық мәмілені жасауды растайтын құжат бойынша көрсетіледі.
45. "Сыра және сыра сусындары" деген G4 бөлімінде мынадай мәліметтер:
1) операция коды (анықтамалықтан таңдап алынады):
2) сыра және сыра сусындарының атауы;
3) өнім түрі;
4) өлшем бірлігі;
5) ыдыстың сыйымдылығы (литрмен);
6) саны (шөлмектердің, банкілердің, кегтердің, орамның данада);
7) орамдағы (шөлмектердің, банкілердің) саны;
8) мөлшері (литрмен);
9) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
46. "Алкоголь өнімі (сыра және сыра сусындарынан басқа)" деген G5 бөлімінде мынадай мәліметтер:
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
2) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
3) тауарлардың атауы;
4) өнімдердің түрі (ПИН-код енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қояды);
5) ыдыстың сыйымдылығы (литрмен) (ПИН-код енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қояды);
6) саны (шөлмек);
7) мөлшері (литрмен);
8) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
47. "Мұнай өнімдері бойынша деректер" деген G6 бөлімінде мынадай деректер:
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
2) жеткізушінің типі (көрсетілген тізімнен жеткізуші типінің бірі таңдалады);
3) жөнелту (тиеп жөнелту) мекенжайындағы мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) коды;
4) жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайындағы МКО коды;
5) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
6) мұнай өнімінің түрі, маркасы ПИН-кодты енгізген кезде ЭШФ АЖ автоматты түрде қойылады;
7) тауардың өлшем бірлігі (тонна, литр);
8) тауардың өлшем бірлігінің бағасы;
9) тоннадағы тауар мөлшері (бөлшек сауда үшін литрмен) көрсетіледі.
48. "Биоотын бойынша деректер" деген G7 бөлімінде мынадай деректер:
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
2) жеткізушінің типі (көрсетілген тізімнен жеткізуші типінің бірі таңдалады);
3) жөнелту (тиеп-жөнелту) мекенжайындағы МКО коды;
4) жеткізу (жеткііп беру) мекенжайындағы МКО коды;
5) биоотынның атауы;
6) тауардың өлшем бірлігі (тонна, литр);
7) мөлшері (тоннада, бөлшек сауда үшін литрмен);
8) тауардың өлшем бірлігі үшін бағасы көрсетіледі.
49. "Темекі өнімдері бойынша деректер (цифрлық таңбалауды қоспағанда)" деген G8 бөлімінде мынадай деректер:
1) операция коды (анықтамалықтан таңдалады);
2) жөнелту (тиеп-жөнелту) мекенжайындағы МКО коды;
3) жеткізу (жеткізіп беру) мекенжайындағы МКО коды;
4) ПИН-код (ПИН-кодтар анықтамалығынан таңдалады);
5) темекі өнімінің атауы;
6) өлшем бірлігі (қорап, блок, пачуа, дана, килограмм, миллилитр, капсула, картридж);
7) темекі өнімінің қорап, блок, пачкадағы саны;
8) саны (қорап, блок, пачка, дана, килограмм, миллилитр, капсула, картридж);
9) темекі өнімінің дана, килограмм, миллилитрдегі саны;
10) тауардың өлшем бірлігі үшін бағасы – шарт валютасында көрсетіледі.
50. "Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар бойынша деректер (цифрлық таңбалау)" деген G9 бөлімінде мынадай деректер:
1) тауар коды (GTІN);
2) тауардың атауы;
3) тауарлардың тұтыну орамының саны;
4) тауар бірлігі үшін баға көрсетіледі.
51. "Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша деректер" деген G10 бөлімінде мынадай деректер:
1) құжаттың нөмірі (лицензия/рұқсат);
2) берілген күні (лицензия/рұқсат);
3) аяқталған күні (лицензияның/рұқсаттың аяқталу мерзімі);
4) өлшем бірлігі;
5) саны (көлемі);
6) тауар бірлігі үшін баға – шарт валютасында көрсетіледі;
52. "Тауарды жіберу бойынша мәліметтер" деген L бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
1) тауарды жіберуді жүргізген тұлға;
2) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның ЭЦҚ/ТІЖ қол қоюға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ;
3) ТІЖ ресімдеген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) тауарды жіберу сенімхат бойынша жүзеге асырылады – нөмірі мен күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі.
Осы бөлім Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
53. "Тауарды қабылдау туралы мәліметтер" деген М бөлімінде мынадай мәліметтер:
1) тауарды қабылдауды/бас тартуды жүргізген тұлға;
2) тауар қабылданған/бас тартылған күн (күні, айы, жылы форматында);
3) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның ЭЦҚ/ТІЖ растауға/бас тартуға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ;
4) ТІЖ растаған/бас тартқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
5) тауарды қабылдау сенімхат бойынша жүзеге асырылады – нөмірі мен күні (күні, айы, жылы форматында) көрсетіледі.
Осы бөлім Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге ТІЖ ресімдеу кезінде толтырылмайды.
54. "МКО/уәкілетті органның (ұйымның) белгілері" деген N бөлімінде мынадай мәліметтер:
1) автомобиль өткізу пункті/бақылау-өткізу пункті;
2) МКО қызметкерінің/уәкілетті органның (ұйымның) қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
3) Мемлекеттік шекараны/АЭА аумағын кесіп өту күні мен уақыты/Әуе кемесінің ұшу күні;
4) іс жүзіндегі көлік туралы деректер:
автомобиль көлік құралының маркасы;
автомобиль көлік құралының мемлекеттік нөмірі;
жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
жүргізушінің ЖСН көрсетіледі.
55. "Анықтама үшін мәлемет" деген O бөлімінде мынадай мәліметтер:
1) жеткізушінің/жөнелтушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша МКО коды;
2) алушының орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша МКО коды көрсетіледі.
4-тарау. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде ТІЖ ресімдеу
56. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде лизинг беруші лизинг үшін қойма жасайды.
57. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде лизинг беруші лизингке арналған қоймаға өткізу үшін ТІЖ ресімдейді, бұл ретте алушының ТІЖ растауы талап етілмейді.
58. Лизинг нысанасы лизинг алушының лизинг нысанасына меншік құқығын бергенге дейін лизинг алушының лизингке арналған қоймада болуы тиіс.
59. Лизинг алушының лизинг нысанасына меншік құқығын бергеннен кейін лизинг беруші лизинг нысанасын лизингке арналған қоймадан лизинг алушының виртуалды қоймасына көшіру үшін ТІЖ ресімдейді.
60. Лизинг нысанасын қайтарған немесе алып қойған жағдайда лизинг беруші лизинг нысанасын лизингке арналған қоймадан лизинг берушінің виртуалды қоймасына көшіру үшін ТІЖ ресімдейді. Бұл ретте қайтару/алып қою кезінде ТІЖ-де көрсетілетін лизинг нысанасының құны ТІЖ-да көрсетілген лизинг нысанасының құнынан лизингті берген кезде (соманы көрсетпеуі мүмкін) ерекшеленуі мүмкін.
5-тарау. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде ТІЖ ресімдеу
61. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде алыс-беріс шикізатының қайта өңдеушісі қайта өңдеушінің сәйкестендіру деректерін және алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу қоймасының нақты мекенжайын көрсете отырып алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қойманы жасайды.
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан алыс-беріс шикізатын әкелген кезде қайта өңдеуші бастапқы ТІЖ ресімдейді, оның негізінде алыс-беріс шикізаты алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі қоймаға келіп түседі.
62. Жеткізуші алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге тапсырған кезде, алыс-беріс шикізатын жеткізушінің қоймасынан алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қоймаға беру үшін ТІЖ ресімдейді.
63. Алыс-беріс шикізатының қайта өңдеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қоймадан өндіріске алыс-беріс шикізатын есептен шығарады.
64. Дайын өнімді жеткізушіге берген кезде қайта өңдеуші дайын өнімді алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу қоймасына "Өндіріс" виртуалды қойма нысаны бойынша енгізеді.
65. Қайта өңдеуші алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу қоймасынан тиеп-жөнелту үшін ТІЖ ресімдейді.
6-тарау. Көлік құралын пайдалана отырып, тауарларды өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
66. Көлік құралын пайдалана отырып тауарларды, оның ішінде таңбалауға жататын тауарларды өткізу кезінде жеткізуші мемлекеттік нөмірін көрсете отырып әр көлік құралына арналған мобильді қойма жасайды.
67. Таңбалауға жататын тауарларды өткізу кезінде жеткізуші ТТҚ АЖ-да Таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісін ресімдейді.
68. Жеткізуші мобильді қоймадан алушының виртуалды қоймасына өткізілген тауарлар бойынша өткізу күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей ТІЖ-ны ресімдейді.
69. Жеткізуші мобильді қоймадан алушының виртуалды қоймасына таңбалануға жататын өткізілген тауарлар бойынша өткізу күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісінің тіркеу нөмірін көрсете отырып ТІЖ-ны ресімдейді.
70. Таңбалануға жататын тауарлар бойынша ТІЖ-ны ТТҚ АЖ-да таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісі бойынша алушы растайды.
7-тарау. Бөлшек сауда кезінде ТІЖ ресімдеу
71. Жеткізуші бір мезгілде мынадай:
1) кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке, отбасылық, үй немесе өзге де пайдалануға арналған тауарды сатып алушыға өткізуі;
2) ЭҚЖЖ (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкес бөлшек сауданың қызмет түріне сәйкес келуі;
3) деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының бар болуы өлшемшарттарына сәйкес келген кезде бөлшек сауда субъектісі болып табылады.
72. Бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеткізуші тауарды өткізген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мынадай жағдайларда:
1) сатып алушының талабы бойынша;
2) қажет болған жағдайда алушыны сәйкестендіру немесе сәйкестендірмей ТІЖ ресімдейді.
73. Тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеткізуші өткізген тауар деректерді беру функциясы бар бақылау касса машинасы чегінің негізінде тауарды өткізген күннен бастап күнтізбелік 16 (он алты) күн ішінде виртуалды қоймадан автоматты түрде есептен шығарылады.
74. ТІЖ ресімдеу үшін бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеткізушіге:
1) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеуді жүргізу;
2) виртуалды қоймада тауарды бөлінбеген қоймадан негізгі қоймаға ауыстыру;
3) осы Қағидаларға сәйкес ТІЖ ресімдеу қажет.
75. Бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын алушы алкоголь өнімін, темекі өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін және биоотынды өткізуді қоспағанда, ТІЖ-ны растамайды.
Бұл ретте, бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын алушы 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тауарлар ТІЖ-да көрсетілген тауарлармен сәйкес келмеген кезде ТІЖ-дан бас тартады.
76. Бөлінбеген қойма виртуалды қойма модулінде, оның ішінде ЭШФ АЖ-да тіркелмеген және бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеткізушілерде автоматты түрде құрылады.
77. Бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын алушыға ТІЖ ресімдейтін жеткізуші, алушының санатын таңдаған кезде "бөлшек саудада өткізуші" деген санатты көрсетеді.
78. Бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын алушыға ТІЖ ресімдейтін жеткізуші, тауарды бөлшек саудада өткізуге жататын сол өлшем бірлікте сатады.
79. Бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын алушыға ТІЖ ресімдейтін жеткізуші, тауарларды GTІN көрсете отырып сатады.
80. Бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеткізуші талондар және отын картасы бойынша өткізілген тауарлар бойынша виртуалды қоймадан тауарлардың қалдығын өткізген күннен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей бір күн бұрын есептен шығарады.
81. Бөлшек сауда субъектісі болып табылатын және тауарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеткізуші электрондық шот-фактураны жазып берген кезде ТІЖ нөмірін және (немесе) деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегін көрсетеді.
8-тарау. Өткізу бағасы өнімнің сапалық сипаттамасына байланысты шарттар бойынша ТІЖ ресімдеу
82. Өткізу бағасы өнімнің сапалық сипаттамасына байланысты шарттар бойынша (метрикалық тоннадағы пайдалы заттардың пайыздық қамтылуы), ТІЖ-да:
1) тауарды тиеп-жөнелту күніне айқындалған баға көрсетіледі;
2) "Мөлшері (көлемі)" деген ашық жолда тиеп жөнелтілген тауардың іс жүзіндегі мөлшері көрсетіледі.
9-тарау. Мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлік бойынша ТІЖ ресімдеу
83. ТІЖ аукцион арқылы сатылуға жататын мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлік бойынша ресімделуге жатады.
84. Бұл ретте ТІЖ-ны мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган ресімдейді.
85. Аукцион арқылы сатылуға жататын мүлік "Қалдықтар" деген типтің "Нысандар журналы" арқылы виртуалды қоймаға енгізілуге жатады.
10-тарау. ҚҚС төлеуші ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезде ТІЖ ресімдеу
86. Тауарларды өткізу кезінде бақылау шоттарын пайдалану жолымен ҚҚС төлеушілер арасында ҚҚС сомасы бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын ҚҚС төлеушілері ТІЖ ресімдейді.
87. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде ресімделетін ТІЖ-да мыналар:
1) ЕАЭО және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау көзделген әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылуын растайтын кеден органының белгісі;
2) ЕАЭО және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау көзделмеген әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылуын растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшісінің белгісі қамтылуы тиіс.
88. Әуе кемесіне май құюды жүзеге асыратын жеткізуші ТІЖ-ны өткізген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ресімдейді.
89. АЭА аумағына тауарларды өткізу кезінде ресімделетін ТІЖ еркін кеден аймағы кедендік рәсімі бойынша тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгісін қамтуы тиіс.
11-тарау. Қағаз тасығышта ТІЖ ресімдеу
90. Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген жеткізушілердің ТІЖ, егер:
1) ТІЖ осы Қағидаларға сәйкес ресімделген;
2) ТІЖ қағаз түріндегі ТІЖ тіркеу журналында тіркелген;
3) ТІЖ уәкілетті жеке тұлға қол қойған және мөрмен куәландырған (болған кезде) болса, ресімделген деп саналады.
91. Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген жеткізушілердің ТІЖ талап қою мерзімінің өтуі ішінде сақталуға жатады.
Техникалық қателердің себебі бойынша ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеу мүмкін еместігі туралы ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында ақпаратты растау себебі бойынша қағаз тасығышта ресімделген ТІЖ:
техникалық ақаулар туындаған кезеңде қағаз тасығышта ТІЖ ресімделген жағдайда – ЭШФ АЖ-да техникалық қателерді жойған күннен бастап;
техникалық қателер кезеңінде алушы тауарларды сатып алған жағдайда – ТІЖ жеткізушісі ЭШФ АЖ-ға қағаз түріндегі ТІЖ-ны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуге жатады.
12-тарау. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелген кезде ТІЖ ресімдеу
92. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан тауарды жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелген кезде тауар алушы әкелінетін тауардың құрауыш бөліктеріне (құрамдастарына) бастапқы ТІЖ ресімдейді.
Бұл ретте бір көлік құралында бірнеше құрауыш бөліктері (құрамдастары) әкелінген жағдайда тауар алушысы бір бастапқы ТІЖ-да құрауыш бөліктерін (құрамдастарын) жолма жол көрсете отырып ресімдейді.
93. Бастапқы (бастапқы) ТІЖ ресімдеген кезде шарт (келісімшарт) талаптарында көзделген әкелінетін тауардың жалпы құны бірінші мәлімделген құрауыш бөліктері (құрамдастары) бойынша көрсетіледі, ал басқа құрауыш бөліктері (құрамдастары) бойынша құн жөніндегі мәлімет көрсетілмейді.
94. Виртуалды қоймаға әкелінген тауардың құрауыш бөліктері (құрамдастары) келіп түскен кезде алушы әкелінген тауар туралы мәліметтерді көрсете отырып "Жиынтықтау" деген нысан арқылы оларды өңдеуді жүзеге асырады.
13-тарау. Таңбалауға жататын тауарлар бойынша ТІЖ ресімдеу
95. Қазақстан Республикасының аумағында таңбаланатын тауарларды өткізген кезде таңбалау кодтарын қабылдап алу/беру актісін ресімдеу ТІЖ ресімдегенге дейін жүзеге асырылады.
96. ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеу үшін таңбалауға жататын тауарлар бойынша виртуалды қоймада тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында таңбалау жөніндегі оператор ТТҚ АЖ-да мынадай мәліметтерді:
1) Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні;
2) жөнелтушінің/алушының ЖСН/БСН;
3) тауар коды – GTІN;
4) тұтыну орамының саны;
5) тауардың өлшем бірлігінің санын (қажет болған кезде) қамтитын тіркелген құжаттар бойынша ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді.
Таңбаланатын және таңбаланбайтын тауарлар бойынша ТІЖ жеке жазып беріледі.
Бір тұлға шеңберінде өткізілетін таңбаланатын тауарлар бойынша ТІЖ ТТҚ АЖ-де қабылдап алу/беру актісіз ресімделеді.
97. Таңбалануға жататын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ТТҚ АЖ-да Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламаны ресімдеу мен тіркеу импортқа ТІЖ ресімдегенге дейін жүзеге асырылады.
98. Техникалық қателер бойынша ТТҚ АЖ қолжетімсіз болған жағдайда, ТІЖ Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы ТТҚ АЖ қағаз түріндегі қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның негізінде қағаз тасығышта ресімделеді.
Қағаз тасығышта ресімделген ТІЖ ТТҚ АЖ-да Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның нөмірін көрсете отырып ТТҚ АЖ-да қағаз тасығышта ресімделген қабылдап алу/беру актісін немесе хабарламаны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуге жатады.
14-тарау. Құрамында алтыны бар өнімді өткізу, өткізу кезінде ТІЖ ресімдеу
99. ТІЖ ресімдеу бойынша Пилоттық жобаның қатысушылары Пилоттық жоба басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей виртуалды қоймада құрамында алтыны бар өнім бойынша кіріс сальдосын (қалдығын) көрсетеді.
100. ТІЖ ресімдеген кезде жеткізуші (әкелген кезде – алушы) құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы шығарылған жері туралы ақпаратты (жер қойнауын пайдаланушының атауы, кедендік декларацияның деректемелері немесе 328.00-нысан) қамтитын қосымша мәліметтерді көрсетеді, бұл ретте құрамында алтыны бар өнімнің қабылдауын және (немесе) өткізуін жүзеге асыратын тұлғалар, оның ішінде ломбардтар, құрамында алтыны бар өнім алынған тұлғалардың деректемелерін (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН, атауы, БСН) қосымша көрсетеді.
101. ҚР ҚМ МКК:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімге жатқызу және ҚҚС бойынша шығыстарды есепке жатқызу үшін негіздер ретінде мыналарды:
құрамында алтыны бар өнімнің шығарылған жері туралы мәліметтер толық қамтылмаған, жазып берілген ТІЖ-ны;
құрамында алтыны бар өнімнің шығарылған жері туралы мәліметтер қамтылмаған, жазып берілген ТІЖ-ны;
ресімдеу фактісі болмаған ТІЖ-ны қабылдамайды;
2) ТІЖ-да құрамында алтыны бар өнімнің бастапқы шығарылған жері немесе оның өндірушісі көрсетілмеген құрамында алтыны бар өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді шектейді.
Осы тармақтың ережесі аффинажды зауыттар болып табылатын жеткізушілерге қолданылмайды.
15-тарау. Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша ТІЖ ресімдеу
102. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілді.
103. Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша ТІЖ ресімделеді:
ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде;
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркін экономикалық аймақ аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде ресімделеді.
104. G10 бөлімде ТІЖ ресімдеген кезде ЭШФ АЖ орналастырылған рұқсат беру құжаттардың журналынан жүктелетін рұқсат беру құжаты туралы мәліметті көрсету қажет.
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша |
|
нысан |
Тауарларға арналған қағаз түріндегі ілеспе жүкқұжаттарды тіркеу және есепке алу журналы
ТІЖ тіркеу нөмірі | ТІЖ ресімделген күн | Жеткізушінің ЖСН/БСН | Жеткізушінің атауы | Жөнелтудің/тиеудің іс жүзіндегі мекенжайы | Алушының ЖСН/БСН | Алушының атауы | Жеткізіп берудің/жеткізудің іс жүзіндегі мекенжайы |
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
ТІЖ – тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат
ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес–сәйкестендіру нөмірі
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша |
|
нысан |
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша |
|
нысан |
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібінің және (немесе) мерзімдерінің бұзылуы туралы хабарлама
20__ жылғы "____" ____________.
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20___ жылғы "____" ____________ № ___
бұйрығымен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерінің
19-тармағына сәйкес Сізді
__________________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе оның атауы)
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(нөмірі және ұсынылған кезеңі)
тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібінің және (немесе)
мерзімдерінің бұзылуы туралы хабардар етеді.
Ескертпе: Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы
жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау,
бас тарту) тәртібінің және (немесе) мерзімдерінің бұзылуы фактісі бойынша тіркеу орнындағы
мемлекеттік кірістер органына келген кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы
тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (растау, бас тарту) тәртібі мен мерзімдері
бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.