"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 1062 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21591 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 013 бюджеттік бағдарламасымен 325 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "325 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық даму басқармасы

      013 Республикалық маңызы бар қала, астана Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 075 бюджеттік бағдарламасымен 752 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "752 Облыстың қоғамдық даму басқармасы

      075 Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      2 "Халықтың денсаулығын қорғау" функционалдық кіші тобында:

      253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      050 "Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеу" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "050 Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша лизинг төлемдерін өтеу";

      322 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      005 "Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеу" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "005 Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша лизинг төлемдерін өтеу";

      339 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      017 "Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеу" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "017 Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша лизинг төлемдерін өтеу";

      353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      047 "Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеу" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "047 Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша лизинг төлемдерін өтеу";

      754 "Облыстың қоғамдық денсаулық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      015 "Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеу" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "015 Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша лизинг төлемдерін өтеу";

      9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" және 754 "Облыстың қоғамдық денсаулық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      023 "Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "023 Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау";

      06 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      9 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 071 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:

      "071 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікке оқыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      271 "Облыстың құрылыс басқармасы", 288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы", 314 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жайлы қалалық орта басқармасы", 340 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қалалық ортаны регенерациялау басқармасы", 341 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" және 373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      013 "Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен" және 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" бюджеттік кіші бағдарларымен 066 "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға тұрғын үй салуға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;

      809 "Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" және 810 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономиканың нақты секторы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      011 "Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен", 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" және 028 "Облыстық бюджеттен берілген трансферттер есебінен" бюджеттік кіші бағдарларымен 054 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;

      12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында:

      5 "Темір жол көлігі" функционалдық кіші тобында:

      348 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      011 "Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен" және 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" бюджеттік кіші бағдарларымен 019 "Метрополитен салуға заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;

      9 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      317 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қалалық мобилділік басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      011 "Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен" және 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" бюджеттік кіші бағдарларымен 015 "Жаңа көлік жүйесі" жобасын іске асыру үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      318 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік активтер басқармасы" және 356 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      013 "Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен" және 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен" бюджеттік кіші бағдарларымен 020 "Алматы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу үшін кредит беру" және 021 "Алматы қаласында "Медеу" БТСК" КМК "Медеу" биік таулы спорт кешенін энергия үнемдеу технологиясы жүйесін енгізу үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев