"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 110-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйырыққа қосымшаға сәйкес отырған темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертулер бекітілсін.
2. "Темекі бұйымдарын сататын орындарда, қорабында және қаптамасында темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 442 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11538 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________Р. Даленов
2020 жылғы " " ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
_______________Б. Сұлтанов
2020 жылғы " " ____________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 28 қазаны № ҚР ДСМ-163/2020 бұйрығына қосымша |
Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды (бұдан әрі - темекі бұйымдары) сату жүзеге асырылатын орындарда жазу үшін темекі шегудің зияны туралы ескертулер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 110–бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдары туралы ескерту жазбамен (бұдан әрі- Ескерту жазбасы) беріледі.
2. Осы Ескертулерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) темекі бұйымдары - шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер;
2) қорқорға арналған темекі - қорқорды пайдалана отырып шегуге арналған және темекі емес шикізат пен өзге де ингредиенттер қосылған немесе қосылмаған, кесілген немесе жұлынған шикізат қоспасынан тұратын, шегілетін темекі бұйымының түрі;
3) қорқор қоспасы - темекі жапырағын шикізат материалы ретінде пайдаланбай дайындалған, қорқорды қолдана отырып тұтыну үшін пайдаланатындай етіп жасалған бұйым;
4) темекіні қыздыруға арналған жүйе - құрамында никотин бар аэрозоль түзілетін, темекіні қыздыру үшін пайдаланылатын құрылғы;
5) тұтынудың электрондық жүйелері - никотинді жеткізудің электрондық жүйелері және никотин болып табылмайтын өнімдерді жеткізудің электрондық жүйелері - құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, пайдаланушы жұтатын аэрозоль түзілетін хош иістендіргіштерді (картридждерде, резервуарларда және басқа да контейнерлерде) электрондық технологиялардың (аккумулятордың) көмегімен қыздыратын құрылғылар (оның ішінде электрондық сигареттер)
3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда көрінетін жерде мынадай мазмұндағы: "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады" деген жазба орналастырылуға тиіс.
2-тарау. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек сату орындарында орналасқан ескерту жазбаларының мәтіні
4. Темекі бұйымдарын сату орындарында темекі шегудің зияны туралы ескерту жазбалар орналастырылады және мынадай мәтіндерді қамтиды:
1) "Темекі шегу тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады";
2) "Темекі шегу теріні ерте қартайтады";
3) "Темекі шегу никотинге тәуелділікті тудырады";
4) "Темекі шегу бедеулікке және түсік тастауға себеп болады";
5) "Темекі шегу импотенцияға шалдықтырады";
6) "Жүктілік кезінде темекі шегу Сіздің сәбиіңізге зиян келтіреді".
3-тарау. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек саудада өткізу орындарына орналастырылатын ескерту жазбаларының параметрлері
5. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек саудасы орындарында орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту жазбалары келесі параметрлерге сәйкес болуы тиіс:
1) мынадай тәртіпте жазылады: сол жағында немесе жоғары жағында – мемлекеттік, оң жағында немесе төменгі жағында – орыс тілдерінде;
2) қаріптердің атауы – тілге сәйкес Helvetica kz және Helvetica;
3) бағыты – төменгі жиегіне қатарластыра, солдан оңға қарай;
4) қаріп өлшемі – 80 пункт және одан көп;
5) қағаз түсі – ақ, СMYK 255.255.255. спектрі.
6. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек саудасы орындарында орналастырылатын ескерту мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) орналасу алаңы – А4 форматы және одан үлкен;
2) еденнен кемінде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде орналасу;
3) сауда орнына тікелей жақын жерде орналасу.