"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 465 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21566 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 19.07.2021 № 352 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 наурыздағы № 43 (1443) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында:

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8. Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса). Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.
3) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен). Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;
4) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
Осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келтіру мақсатында көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсаты, практикалық тәжірибесі туралы құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда).
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы аталған құжаттардың көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттартуралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінен алады. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қолхат береді. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
- Порталға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аударманың (егер құжат толығымен шет тілінде болса) электрондық көшірмесі. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оның қосымшасының электрондық көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған сканерленген аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады.
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған электрондық көшірмелері және нотариалды куәландырылған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады;
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оның қосымшасының электрондық көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған сканерленген аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады.
3) Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжатының электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).
4) төлем туралы мәліметтер (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және мөрдің аудармасын қоса алғанда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді.
3) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен). Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;
4) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда).
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы аталған құжаттардың көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады. Осы тармақта көрсетілетін құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттартуралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінен алады. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қолхат береді. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
- Порталға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжатты сәйкестендіру туралы өтініш;
2) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмесі және мөрдің аудармасын қоса алғанда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасының (егер құжат толығымен шет тілінде болса) электрондық көшірмесі. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оның қосымшасының электрондық көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған сканерленген аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады.
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының электрондық нотариалды куәландырылған көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу талап етілмейді;
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, белгілі бір аумақта көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оның қосымшасының электрондық көшірмелерін және мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған сканерленген аудармасын (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда) ұсынады.
3) Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжатының электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).
4) төлем туралы мәліметтер (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің даярлығын Растауды, оның ішінде осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келу мақсатында кәсіби қызметке рұқсат беру, практикалық тәжірибе туралы құжаттарды ұсынады. Осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мөрлердің мөртабандарын аударуды қоса алғанда, олардың нотариалды куәландырылған аудармаларымен бірге (егер құжат Толық шет тілінде болған жағдайда) ұсынылады. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы телнұсқа алу үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телнұсқаны беру туралы өтініш;
2) білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты;
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
3) Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін)
4) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген жағдайда талап етілмейді).
Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттартуралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінен алады. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қолхат береді. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
- Порталға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған телнұсқаны беру туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
3) төлем туралы мәліметтер.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов