"Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 қазанда № 21506 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қарашада № 17800 болып тіркелді, 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, , еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру саласындағы уәкілеттіі орган беітетінТехникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бизнес-тренер – даму, сондай-ақ бизнес-жобалардың қатысушыларын кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды сүйемелдеу үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктері мен дағдылары бар жеке тұлға;

      2) мобильді оқу орталығы – практика және оқыту орнына конструктивтік элементтер мен құрал–жабдықтарды тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етумен қоса қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жылжымалы оқу орталығы;

      3) мобильдік топ – аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер іздеу және тізімін қалыптастыру үшін құрылатын топ. Мобильді топтардың құрамына қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, білім беру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді;

      4) оқу өндірістік жабдық – білім алушыларда кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін білім беру процесінде пайдаланылатын оқытудың материалдық құралдары, сондай-ақ білім беру мақсатында пайдаланылатын әртүрлі машиналар мен тетіктердің жиынтығы;

      5) шетелдік әріптес (ұйым) – білім беру ұйымдарына халықаралық стандарттарға сәйкестігіне оқыту бағдарламаларын дайындауда, педагогтерді мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша оқытуда, қолдауда және бағалауда, сұранысқа ие және жаңа кәсіптер (мамандықтар) бойынша сұранысқа ие жабдықтар жөнінде ұсынымдар беруде жәрдем көрсету мақсатында "Жас маман" жобасы шеңберінде тартылатын заңды және/немесе жеке тұлға.

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Білім беру ұйымына өтініш берген кезде үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім туралы құжат (аттестат, куәлік) (бұдан әрі - № 39 бұйрық););

      3) Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 9-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес бекітілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасы;

      4) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың санатын растайтын анықтама (бар болса) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13369 болып тіркелген);

      5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар берген жолдама.

      Кәмелетке толмаған үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі не ата-анасы немесе заңды өкілдері ұсынады.

      Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, көрсетілетін үміткерді осы аумақтағы тікелей білім беру ұйымдарына шектеу іс-шараларының алынуына, төтенше жағдайдың қолданылуының тоқтатылуына қарай осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсынады.".

      3-тарау осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-тарау осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Бағдарламаға сәйкес "Жас маман" жобасының операторы болып "Таlap" КеАҚ (бұдан әрі – Оператор) белгіленді.

      Оператор келесі міндеттерді жүзеге асырады:

      - ТжКБ ұйымдары мен ЖОО іріктеу процесін сүйемелдеу;

      - шетелдік әріптестерді (ұйымдарды) іріктеуді жүзеге асыру және олардың жұмысын үйлестіру, оның ішінде шетелдік әріптестермен жұмыс бойынша тіл коммуникациясын қамтамасыз ету;

      - "Жас маман" жобасын іске асыруды үйлестіру және мониторингілеу.

      94. "Жас маман" жобасына қатысу үшін ТжКБ ұйымдарын және жоғары оқу орындарын іріктеу сенімгерлік басқаруға берілгендерден немесе берілетіндерден басқа, өз капиталында мемлекет 100% (жүз пайыз) қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік ұйымдар қатарынан жүзеге асырылады.";

      100 және 101-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Өңірлік комиссиялардың жұмыс органы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады. Жұмыс органы "Жас маман" жобасына қатысуға тілек білдірген ТжКБ ұйымдарынан, сенімгерлік басқаруға берілгендерден немесе берілетіндерден басқа, мемлекеттік ұйымдар қатарынан өтінімдер қабылдауды ұйымдастырады. Өтінімдерді қабылдау осы Қағидалардың 97-тармағына сәйкес оператор хабарландыру жариялаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Жұмыс органы ТжКБ ұйымдарынан өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өңірлік комиссияның отырысына "Жас маман" жобасына қатысуға тілек білдірген ТжКБ ұйымдарының тізбесін бекіту үшін шығарады.

      Өңірлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      101. Өңірлік комиссиялар шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс органдары Операторға мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

      1) "Жас маман" жобасына қатысу үшін құжаттар пакетін ұсыну туралы өтінім-хат келесі қосымшалармен:

      - іріктелген ТжКБ ұйымдарының тізбесі;

      - кәсіптерді (мамандықтарды) таңдау бойынша өңірдің негіздемесі (өңірлік даму басымдықтары, еңбек нарығының деректері);

      - "Жас маман" жобасына қатысу үшін ТжКБ ұйымдарын таңдау бойынша түсіндірме жазба (беделі, өңірдің дамуына қосқан үлесі, келешегі).

      2) Өңірлік комиссия шешімінің көшірмесі хаттамамен бірге;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының қолы қойылған, жергілікті бюджет есебінен жабдықтар құнының 10%-на дейін жергілікті атқарушы органдарды қосымша қаржыландырудың кепілдік хаты (ТжКБ ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуға және/немесе жабдықтар үшін шығыс материалдарын сатып алуға және/немесе педагогтердің біліктілігін арттыруға және/немесе мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша шетелдік әріптестің аккредиттеу рәсімдеріне);

      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімі орынбасарының қолы қойылған, 5 (бес) жыл ішінде мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды растау туралы кепілдік хат.";

      113-тармақ алынып тасталсын;

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Шетелдік әріптестерді іріктеу сұранысқа ие 100 кәсіптер (мамандықтар) тізбесіне сәйкес келетін салаларда кадрларды даярлаумен және/немесе сертификаттаумен айналысатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің қатарындағы шетелдік ұйымдар немесе шетелдік оқу орындары қатарынан жүзеге асырылады.";

      119, 120, 121, 122 және 123-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Оператор Қазақстанның жұмыс берушілерінің салалық қауымдастықтарынан стандарттары олардың саласында қолданылатын шетелдік әріптестердің (ұйымдардың) тізімін сұратады.

      Жұмыс берушілер қауымдастығы 10 (он) жұмыс күні ішінде Операторға шетелдік әріптестердің (ұйымдардың) тізбесін ұсынады. Оператор жұмыс берушілер қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің қатарынан әлеуетті шетелдік әріптестерді (ұйымдарды) іздеуді жүргізеді.

      120. Шетелдік әріптестерді (ұйымдарды) іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру Оператордың интернет – ресурсында құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен құжаттар тізбесін көрсете отырып орналастырылады.

      Шетелдік әріптестерді (ұйымдарды) іріктеу нәтижелері Оператордың интернет – ресурсында орналастырылады.

      121. Жас маман" жобасына қатысуға ниет білдірген шетелдік әріптестер (ұйымдар) Оператор хабарландыруды жариялағаннан кейін jmproject@tvet.kz электрондық пошта арқылы баға ұсынысымен хаттарын және осы Қағидалардың 117-тармағына сәйкес құжаттарды 50 (елу) жұмыс күні ішінде береді.

      122. Оператор шетелдік әріптестерден (ұйымдардан) баға ұсынысымен осы Қағидалардың 117-тармағында көрсетілген хаттар мен құжаттарды алғаннан кейін 24 (жиырма төрт) жұмыс күні ішінде Комиссия отырысын ұйымдастырады.

      Комиссияның қарауына әрбір салалық бағыт бойынша баға ұсыныстарымен қоса кемінде екі әлеуетті шетелдік әріптес (ұйым) шығарылады.

      Комиссия ашық дауыс беру жолымен "Жас маман" жобасына қатысу туралы шарт жасасу үшін бір шетелдік әріптесті (ұйымдарды) айқындай отырып, шетелдік әріптестердің (ұйымдардың) тізбесін бекіту туралы шешім қабылдайды. Егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, дауыс беру қабылданды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған төраға мен хатшы қол қояды.

      123. Комиссияның шетелдік әріптестерді (ұйымдарды) іріктеу туралы шешімі оператор мен шетелдік әріптес (ұйымдар) арасында "Жас маман" жобасына қатысу туралы шарт жасасу үшін негіз болып табылады.

      Оператор "Жас маман" жобасына қатысу туралы шарт жасайды, оны Комиссия айқындаған шетелдік әріптеске (ұйымдарға) күнтізбелік 30 күн ішінде қол қою үшін жібереді.

      Комиссия айқындаған шетелдік әріптесімен (ұйымдастырушымен) "Жас маман" жобасына қатысу туралы шартқа күнтізбелік 30 күн ішінде қол қоймаған жағдайда, Комиссия ашық дауыс беру арқылы комиссия бекіткен шетелдік әріптестердің (ұйымдардың) тізбесінде көрсетілгендер қатарынан басқа шетелдік әріптесті (ұйымдарды) таңдау туралы шешім қабылдайды. Егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, дауыс беру қабылданды деп есептеледі. Бұл ретте Оператор 10 (он) жұмыс күні ішінде шетелдік әріптестердің (ұйымдардың) тізбесінде көрсетілген барлық қатысушыларды жаңа шетелдік әріптесті (ұйымдарды) қайта таңдау және айқындау жүргізілетіні туралы электрондық пошта арқылы хабардар етеді және таңдалған шетелдік әріптестің (ұйымдардың) нәтижесі оператордың интернет – ресурсында орналастырылады.

      Комиссия бекіткен шетелдік әріптестердің (ұйымдардың) тізбесінен шетелдік әріптесті (ұйымдарды) таңдау туралы Комиссия шешімі қабылданбаған жағдайда Оператор осы Қағидалардың мынадай 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123 және 124-тармақтарына сәйкес шетелдік әріптестердің (ұйымдардың) тізбесін іріктеу және бекіту бойынша жұмысты қайта жүргізеді";

      126-тармақ алынып тасталсын.

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Өңірдің жабдық тізбесін айқындау жөніндегі өңірлік комиссиялар шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган Операторға белгілі бір жабдық тізбесін ұсынады.".

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 15-қосымша орыс тілінде өзгермейді, мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын;

      17-қосымша алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ______________

      2020 жылғы "___"_________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _____________

      2020 жылғы "__" ___________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 23 қазаны
№ 457 бұйрығына
1-қосымша

3-тарау. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі

1-параграф. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі

      36. Жұмыс беруші қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қажетті кадрлардың санын, біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін және оқу нысанын көрсете отырып, өтінім береді.

      37. Жұмыс беруші оқуға үміткерлерді:

      1) халықты жұмыспен қамту орталығы, мобильдік жұмыспен қамту орталықтары ұсынған және/немесе Электрондық еңбек биржасында тіркелген үміткерлердің ішінен;

      2) бос орындар жәрмеңкесіне қатысу;

      3) өз бетінше, оның ішінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы іздеу арқылы өздігінен таңдайды.

      Үміткерлерді таңдау сұқбаттасу өткізу арқылы немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарының, Электрондық еңбек биржасының мәлеметтері негізінде жүзеге асырылады.

      38. Жұмыс берушілер қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін таңдап алынған үміткерлерді көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша өтінім береді (еркін нысанда).

      39. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерден жазбаша өтінім алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді жұмыс берушілер қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу үшін таңдап алғаны туралы хабардар етеді (еркін нысанда).

      40. Жұмыс берушілер таңдап алған үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың;

      2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда);

      3) бар болса білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат);

      4) Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 9-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес бекітілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың көшірмелерін ұсынады.

      41. Үміткерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекіткен Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімінен өздігінен білім беру ұйымдарын таңдайды.

      42. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде үміткерге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымдарына оқуға жолдама береді.

      Білім беру ұйымы 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерді оқуға қабылдайды.

      43. Бағдарламаға қатысушыны оқуға қабылдағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен, білім беру ұйымымен және жұмыс берушімен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға шарт жасайды.

      44. Білім беру ұйымы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды күндізгі нысанда және/немесе онлайн режимде жүзеге асырады.

      45. Білім беру ұйымы жұмыс берушілермен бірлесіп және "Атамекен" ӨКП-ның келісімі бойынша оқу бағдарламаларын әзірлейді.

      46. Білім беру ұйымдары Бағдарламаға қатысушыларды қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға қабылданған Бағдарламаға қатысушылар туралы есепті портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде және қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін ұсынады.

      47. Білім беру ұйымы Бағдарламаға қатысушыларды:

      1) білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған;

      2) № 125 бұйрыққа сәйкес үлгеріміне ағымдағы бақылаудан, аралық аттестаттаудан қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайларда аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығарады.

      48. Дәлелсіз себептермен оқудан шығарылған Бағдарламаға қатысушылар жұмыс іздеген адам не жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң ғана оқудан қайта өтеді, бірақ оқуға бір рет қана жіберіледі.

      49. Білім беру ұйымы № 125 бұйрыққа сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға қорытынды аттестаттау өткізеді.

      50. Білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларға № 39 бұйрыққа, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8829 болып тіркелген) бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - № 370 бұйрық) сәйкес нысан бойынша куәлік немесе сертификат береді.

      51. Жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдайды және жұмыскер үшін жұмыспен өтеу мерзімін белігілейді.

      52. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.

      53. Жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда,төленген материалдық көмек пен стипендияның сомасын қоса алғанда, оқуға жұмсалған нақты шығыстарды бюджетке қайтарады.

      Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штат қысқарған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайда жұмыс берушілер көрсетілген шығыстарды өтемейді.

      54. Білім беру ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілердің өтінімдері қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

      54-1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ай сайынғы негізде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейінгі мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға жұмыс берушілердің өтінімдері қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

      54-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы есептемелерді осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамға портал арқылы электрондық түрде немесе/не қағаз түрінде жұмыс берушілердің өтінімдері қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

2- параграф. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі

      55. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына, мобильдік жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      55-1. Үміткер өтініш берген кезде:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың;

      2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда);

      3) бар болса білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат);

      4) Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 9-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес бекітілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың (Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін ұсынылады) көшірмелерін және түпнұсқаларын ұсынады.

      55-2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары, мобильді жұмыспен қамту орталықтары көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларды үміткерлерге қайтарады.

      55-3. Халықты жұмыспен қамту орталығы, мобильді жұмыспен қамту орталығы үміткерге әлеуметтік - кәсіптік бағдарлау жүргізеді.

      55-4. Мобильді жұмыспен қамту орталықтары құжаттар мен өтініштерді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіптік оқуға үміткерлер туралы мәліметтерді портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынады.

      55-5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткерлер құжаттарының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді, үміткерлердің тізімін қалыптастырады және бекіту үшін аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.

      55-6. Аудандық (қалалық) комиссия халықты жұмыспен қамту орталықтарының деректері негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерлердің тізімін бекітеді және оны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жолдайды.

      55-7. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етеді және оларға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымдарына оқуға жолдама береді.

      56. Білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қабылдауды аудандық (қалалық) комисиялардың шешімінің негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      57. Халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру ұйымымен келісімшарт жасайды.

      58. Білім беру ұйымы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды күндізгі нысанда және/немесе онлайн режимде жүзеге асырады.

      59. Білім беру ұйымы жұмыс берушілермен бірлесіп және "Атамекен" ӨКП-ның келісімі бойынша оқу бағдарламаларын әзірлейді.

      60. Білім беру ұйымдары Бағдарламаға қатысушыларды қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға қабылданған Бағдарламаға қатысушылар туралы есепті портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде және қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін ұсынады.

      61. Білім беру ұйымы Бағдарламаға қатысушыларды:

      1) білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған;

      2) № 125 бұйрыққа сәйкес үлгеріміне ағымдағы бақылаудан, аралық аттестаттаудан қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайларда аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығарады.

      61-1. Дәлелсіз себептермен оқудан шығарылған Бағдарламаға қатысушылар жұмыс іздеген адам не жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң ғана оқудан қайта өтеді, бірақ оқуға бір рет қана жіберіледі.

      61-2. Білім беру ұйымы № 125 бұйрыққа сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға қорытынды аттестаттау өткізеді.

      61-3. Білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларға № 39 және № 370 бұйрықтарға сәйкес нысан бойынша куәлік немесе сертификат береді.

      61-4. Білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға немесе жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына және "Атамекен" ӨКП-ға оқуды аяқтағандардың тізімін жібереді.

      62. Білім беру ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

      62-1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ай сайынғы негізде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейінгі мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

      62-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы есептемелерді осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамға портал арқылы электрондық түрде немесе/не қағаз түрінде еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

3-параграф. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қаржыландыру тәртібі

      63. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қаржыландыру Бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Өндірістегі тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      64. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар № 116 қаулыға сәйкес стипендиямен, сондай-ақ жол жүруге, тұруға және медициналық тексеріп-қараудан өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.

      65. Халықты жұмыспен қамту орталығы оқу орталықтарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушылардың ағымдағы шоттарына стипендия мен материалдық көмекті аударады.

      66. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы немесе онлайн режимде өтетін Бағдарламаға қатысушыларға жол жүруге және тұруға материалдық көмек төленбейді.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 23 қазаны
№ 457 бұйрығына
2-қосымша

5-тарау. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі

1- параграф. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі

      82. Жұмыс беруші еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, сондай-ақ еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол картасы шеңберінде қысқартылатын жұмыскерлер арасынан кәсіптік оқытудан өткісі келетіндердің тізімін қалыптастырады.

      83. Жұмыс беруші жұмыскерлердің тізімін қалыптастырғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына жіберілетін жұмыскерлердің санын, біліктіліктер мен дағдылар тізбесін және оқу нысанын көрсете отырып, кәсіптік оқуға өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушінің құрылтайшы құжаттары мен жұмыскерлердің мынадай құжаттарының:

      1) жеке бас куәлігінің;

      2) еңбек кітапшасының;

      3) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат, диплом) (бар болса);

      4) толық емес жұмыс уақыты режиміне немесе қысқартылған жұмыс ұзақтығына ауыстырылғаны туралы немесе жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы не бала үш жасқа толғанша оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы немесе мәжбүрлі тоқтап қалу туралы жұмыс беруші актісінің (еркін нысанда) көшірмелерін қоса беріледі.

      83-1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыскерлер құжаттарының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді, жұмыскерлердің тізімін қалыптастырады және аудандық (қалалық) комиссияға жібереді.

      83-2. Аудандық (қалалық) комиссия халықты жұмыспен қамту орталықтарының деректері негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыскерлердің тізімін қарап, бекітеді және халықты жұмыспен қамту орталықтарына береді.

      83-3. Халықты жұмыспен қамту орталықтары 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерді аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.

      83-4. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығынан ақпарат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыскерлерді олардың Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгендігі туралы хабардар етеді.

      83-5. Жұмыскер жұмыс беруші хабардар еткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіптік оқудан өту үшін халықты жүмыспен қамту орталығына жүгінеді және жұмыс берушінің келісімі бойынша "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекіткен Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімінен білім беру ұйымын таңдайды.

      83-6. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыскерге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымына оқуға жолдама береді.

      83-7. Білім беру ұйымы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыскерлерді оқуға қабылдайды.

      84. Білім беру ұйымы жұмыс берушілер мен жұмыспен қамту орталықтарының келісімдері бойынша жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруін ескере отырып:

      - жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында;

      - жұмыстан ішінара қол үзе отырып;

      - жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері);

      - онлайн режимде кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.

      84-1. Білім беру ұйымы жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына негізделген қайта даярлау және біліктілікті арттырудың оқу бағдарламаларын (курстарын) әзірлейді және оларды "Атамекен" ӨКП-мен келіседі.

      85. Білім беру ұйымы № 125 бұйрыққа сәйкес жұмыскерлерге қорытынды аттестаттау өткізеді.

      86. Кәсіптік оқытуды аяқтаған жұмыскерге білім беру ұйымы № 39 және № 370 бұйрықтарға сәйкес нысандар бойынша куәлік немесе сертификат береді.

      87. Білім беру ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

      87-1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ай сайынғы негізде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейінгі мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

      87-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы есептемелерді осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамға портал арқылы электрондық түрде немесе/не қағаз түрінде кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.

2- параграф. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды қаржыландыру тәртібі

      88. Жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды қаржыландыру жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      89. Жұмыс берушілер мен халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыруға арналған шартқа сәйкес ай сайын білім беру ұйымына кәсіптік оқытудың ақысын аударады.

      90. Әлеуметтік демалыстағы жұмыскерлерге № 116 Қаулыға сәйкес стипендия төленеді.

      91. Халықты жұмыспен қамту орталықтары стипендияны әлеуметтік демалыстағы жұмыскердің екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы шотына аударады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 23 қазаны
№ 457 бұйрығына
3-қосымша
  Техникалық және кәсіптік білімі
бар кадрларды даярлауды, қысқа
мерзімді кәсіптік оқытуды,
"Мәңгілік ел жастары–
индустрияға!" ("Серпін")
жобасы бойынша кадрлар
даярлауды, еңбек ресурстарын
және қысқартылатын
жұмыскерлерді қайта
даярлауды, "100/200" қағидаты
бойынша "Жас маман" жобасы
шеңберінде еңбек нарығында
сұранысқа ие білікті кадрлар
даярлау, сондай-ақ колледждер
мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік
негіздеріне оқытуды
ұйымдастыру және
қаржыландыру, қағидаларына
15-қосымша
  Нысан

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының сауалнамасы

      Жалпы ақпарат:

      ТжКБ ұйымының толық атауы ________________________________________

      БСН: ______________________________________________________________

      Заңды мекенжай: ___________________________________________________

      Нақты мекенжай: ___________________________________________________

      Басшының аты-жөні (бар болған жағдайда):

      _______________________________________________________________________

      Жұмыс. тел.: _______________________________________________________

      Электрондық мекенжай: ____________________________________________

      Интернет-ресурс: ___________________________________________________

      Негізі қаланған жыл: ________________________________________________

      Меншік нысаны: ___________________________________________________

      Колледжде оқитын студенттер саны _________ адам, оның ішінде күндізгі оқу ________ адам, (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша _______ адам), оның ішінде сырттай оқу курсы бойынша _________ адам.

      Педагогтардың саны _______ адам.

      Бейін: ____________________________________________________________

      (көп бейінді, техникалық, политехникалық және т.б.)

      Өтінім қолданылатын мамандық (мамандық)

      ______________________________________________

      Біліктілік лицензиясының болуы:

      1) тиісті жарияланған мамандық (кәсіп) __________

      2) ұсынылатын жаңа кәсіпке (мамандыққа) сәйкес келетін біліктілік тобы бойынша

      _______________________________________

      Жабдықты орнатуға арналған аумақтарын көрсете отырып, тегін оқу және зертханалық бөлмелер, семинарлар және т.б. саны

      __________________________________________________________________

      Электрондық ресурсқа сілтеме _______________________ (растайтын материалдарды жүктеу үшін)

      Сауалнаманы толтырған кезде әрбір жүйе көрсеткіші үшін тек бір позицияны таңдауыңыз керек. Ең жоғары балдардың сомасы 25 балл.

      Мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша ақпарат (сауалнаманы толтыру кезінде жауаптың бір ғана нұсқасын таңдау қажет):

      1. ТжКБ ұйымын дамытудың таяудағы 5 жылға арналған Стратегиялық жоспарының болуы:

      - жоқ - 0 балл;

      - мазмұны толық емес құжаттың болуы-0,5 балл;

      - алдағы 5 жылға және одан да көп уақытқа толық мазмұны бар құжаттың болуы-1 балл.

      * колледж басшысы және/немесе білім басқармасы бекіткен құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.

      2. ТжКБ ұйымының қызметі туралы бірнеше тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) интернет-ресурсының болуы *:

      - жоқ - 0 балл;

      -1-2 тілде интернет-ресурстың болуы - 0,5 балл;

      -3 тілде интернет-ресурстың болуы-1 балл.

      * интернет-ресурстың мекенжайын, әрбір тілдегі скриншоттарды ұсыну.

      3. Халықаралық жүйе стандарттары бойынша аккредиттеуден өткені туралы сертификаттың болуы:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа кәсіптер (мамандықтар) бойынша-0,5 балл;

      - мәлімделген мамандық – мамандық) бойынша-1 балл.

      * аккредиттеуден өткені туралы куәліктің (сертификаттың) сканерленген көшірмесін тіркеу.

      4. Қолданыстағы ішкі және/немесе сыртқы сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) болуы)*:

      - жоқ - 0 балл;

      - ішкі СМЖ - 0,5 балл;

      - сыртқы СМЖ-1 балл.

      * сапаны қамтамасыз ету жүйесінің болуын растайтын құжаттар мен бизнес-процестердің сканерленген көшірмесін, оның ішінде сыртқы СМЖ үшін куәліктің (сертификаттың) көшірмесін бекіту).

      5. Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген енгізілген білім беру бағдарламаларының, өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының болуы ("Таlap" КЕАҚ") *:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа кәсіптер (мамандықтар) бойынша-0,5 балл;

      - мәлімделген мамандық – мамандық) бойынша-1 балл.

      * ТжКБ ұйымының басшысы және/немесе білім басқармасы бекіткен құжаттың сканерленген көшірмесін бекіту.

      6. Дуальді оқытудың болуы:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа мамандықтар бойынша дуальді оқыту-0,5 балл;

      – мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша дуалды оқыту-1 балл.

      * дуальді оқыту туралы шартты бекіту.

      7. Өткен 3 жылдың қаржылық шығындары көрсетілген құрылған, қайта жабдықталған зертханалардың немесе шеберханалардың болуы*:

      - жоқ - 0 балл;

      – басқа мамандықтар бойынша зертханалар мен шеберханалар-0,5 балл;

      – мәлімделген мамандық (мамандық) бойынша зертханалар мен шеберханалар-1 балл.

      * ТжКБ ұйымының басшысы бекіткен әрбір зертханаға, шеберханаға және кабинетке қаржылық шығындарды көрсете отырып, құрылған және қайта жабдықталған зертханалар мен шеберханалардың тізбесін бекіту.

      8. Жабдықтарды орналастыруға және пайдалануға арналған оқу және зертханалық кабинеттердің, шеберханалардың болуы*:

      - жоқ - 0 балл;

      - колледж есебінен пысықтау және өзгерту мүмкіндігі бар кабинеттер, шеберханалар санының жеткіліксіздігі-0,5 балл;

      – мәлімделген мамандық (мамандық) бойынша жабдықтарды орналастыру үшін кабинеттер мен шеберханалардың жеткілікті саны-1 балл.

      * кабинеттер мен шеберханалардың тізбесін олардың алаңдарын көрсете отырып ұсыну.

      9. Жабдықты орналастыруға және пайдалануға арналған инфрақұрылымның болуы*:

      - жоқ - 0 балл;

      - колледж есебінен пысықтау және өзгерту мүмкіндігі бар әлсіз инфрақұрылым - 0,5 балл;

      - жеткілікті инфрақұрылым-1 балл.

      * қажет болған жағдайда инфрақұрылым (электр, кәріз, су құбыры және т. б.) мүмкіндігі туралы деректер ұсыну).

      10. Соңғы 3 жылда әзірленген оқу-әдістемелік құралдардың, оқулықтардың, цифрлық білім беру ресурстарының болуы*:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа мамандықтар бойынша-0,5 балл;

      - мәлімделген мамандық/мамандық бойынша-1 балл.

      * оқу-әдістемелік құралдардың, оқулықтардың, "Оқулық" РҒПО/РОӘК әдістемелік кеңесінде немесе басқаларында қарастырылған және мақұлданған сандық білім беру ресурстарының, оның ішінде ҚР БҒМ грифімен жарияланған және басып шығарылған оқулықтардың тізбесін немесе ISBN бар кітаптың мұқабасы мен бірінші бетінің көшірмесін ұсыну.

      11. Соңғы 3 жылда педагогтердің мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша біліктілігін арттырудан өтуі*:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа мамандықтар бойынша-0,5 балл;

      - мәлімделген мамандық – мамандық) бойынша-1 балл.

      * жалпы тізімді, оның ішінде біліктілікті арттыруды растайтын сертификаттардың көшірмелерімен мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша ұсыну.

      12. Ағылшын тілінде сабақ жүргізу*:

      - жоқ-0 балл;

      - басқа мамандықтар бойынша-0,5 балл;

      - мәлімделген мамандық/мамандық бойынша-1 балл.

      * Колледж директорымен бекітілген сабақ жоспары мен бір сабақтың материалын ағылшын тілінде ұсыну.

      13. Мамандығы бойынша өндірісте жұмыс тәжірибесі бар педагогтердің болуы:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа мамандықтар бойынша-0,2 балл;

      - 5 жылға дейінгі тәжірибесі бар мәлімделген кәсіп/мамандық бойынша-0,7 балл;

      - 5 жылдан астам тәжірибесі бар мәлімделген кәсіп / мамандық бойынша-1 балл.

      * педагогтардың тізімін және растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну (еңбек кітапшалары).

      14. Соңғы 3 жылда өндірісте мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен педагогтердің болуы:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа мамандықтар бойынша-0,5 балл;

      - мәлімделген мамандық/мамандық бойынша-1 балл.

      * педагогтардың тізімін және растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну.

      15. "Үздік педагог" кәсіби шеберлік конкурстарына немесе соңғы 3 жылда басқаларына қатысқан педагогтердің болуы*:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа мамандықтар бойынша-0,5 балл;

      - мәлімделген мамандық/мамандық бойынша-1 балл.

      * педагогтардың тізімін және растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну.

      16. Соңғы 3 жылда мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестіктің болуы:

      - болмаған жағдайда-0 балл;

      - тағылымдамадан және практикадан өту кезіндегі ынтымақтастық-0,5 балл;

      - практикаға бағдарланған оқыту (теория мен практиканың үйлесімі жұмыс берушілермен келісілген) және/немесе өндірістегі дуальді оқыту – 1 балл.

      * ынтымақтастық туралы шарттардың көшірмелерін, дуальді оқыту және/немесе практикаға бағдарланған студенттер тізімімен бұйрықтардың көшірмелерін немесе басқа да растайтын құжаттарды ұсыну.

      17. Өтініш берілген кәсіп бойынша немесе өтініш берілген жаңа мамандыққа (мамандыққа) сәйкес келетін біліктілік тобы бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректері негізінде оқуды аяқтаған жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі (2017-2018 оқу жылы үшін)*:

      - жоқ - 0 балл;

      - 40% - ға дейін-0,2 балл;

      - 41-60% - 0,7 балл;

      - 61% және одан жоғары – 1 балл.

      * ЗТМО анықтамаларының көшірмелерін ұсыну.

      18. Мәлімделген кәсіп/мамандық бойынша бизнес-орта/жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының болуы (соңғы 3 жылда) *:

      - жоқ - 0 балл;

      - басқа мамандықтар бойынша-0,5 балл;

      - мәлімделген мамандық/мамандық бойынша-1 балл.

      * барлық әзірленген, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалардың көшірмелерін сканерленген нұсқасын ұсыну.

      19. Өңірлік деңгейде WorldSkills чемпионаттарына қатысқан құзыреттер (кәсіптер) саны *:

      - жоқ - 0 балл;

      - 1-5 құзыреттілік-0,3 балл;

      - 6-10 құзыреттілік - 0,7 балл;

      - 11 және одан да көп құзыреттілік-1 балл.

      * растайтын құжатты ұсыну.

      20. Ұлттық деңгейде WorldSkills чемпионаттарына қатысқан құзыреттер (кәсіптер) саны*:

      - жоқ - 0 балл;

      - 1-2 – 0,3 балл;

      - 2-3-0,7 балл;

      - 4 және одан жоғары – 1 балл.

      * растайтын құжатты ұсыну.

      21. Халықаралық деңгейде WorldSkills чемпионаттарына қатысқан құзыреттер (кәсіптер) саны*:

      - жоқ - 0 балл;

      - 1-0,3 балл;

      - 2-0,7 балл;

      - 3 және одан жоғары – 1 балл.

      * растайтын құжатты ұсыну.

      22. Өңірлік деңгейдегі WorldSkills чемпионаттарындағы жеңімпаздар саны (1-3 орын) *:

      - жоқ - 0 балл;

      - 1 жеңімпаз-0,3 ұпай;

      - 2-3 жеңімпаз - 0,7 ұпай;

      - 4 және одан да көп жеңімпаз - 1 балл.

      * жүлдегерлер тізімін және олардың сертификаттарының көшірмелерін ұсыну.

      23. Ұлттық деңгейдегі WorldSkills чемпионаттарындағы жеңімпаздар саны (1-3 орын) *:

      - жоқ - 0 балл;

      - 1-2 жеңімпаз - 0,3 балл;

      - 3-4 жеңімпаз-0,7 балл;

      - 5 және одан да көп жеңімпаз - 1 балл.

      * жүлдегерлер тізімін және олардың сертификаттарының көшірмелерін ұсыну.

      24. Мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша WorldSkills Ұлттық, халықаралық чемпионаттарына бас сарапшылар және олардың орынбасарлары ретінде қатысқан педагогтердің саны)*:

      - жоқ - 0 балл;

      - 1-2-0,7 балл;

      - 3 және одан жоғары – 1 балл.

      * жыл және қатысу чемпионаты бар тұлғалардың тізімін ұсыну.

      25. Кәсіби шеберлік конкурстарында (WorldSkills жобасынан тыс), ғылыми-практикалық конференцияларда және/немесе соңғы 3 жылда мәлімделген мамандық/мамандық бойынша басқа да іс-шараларда жүлделі орындарға ие болған студенттер*:

      - жоқ - 0 балл;

      - аудандық және / немесе қалалық – 0,2 балл;

      - облыстық және Республикалық маңызы бар қалалар-0,5 балл;

      - республикалық-0,7 балл;

      – Халықаралық-1 балл.

      * жүлделі орындарға ие болған студенттердің тізімін және олардың сертификаттарының (дипломдардың немесе т. б.) көшірмелерін ұсыну.

      Ескертпе:

      ** - барлық растайтын құжаттарды колледж басшысы растауы қажет.

      *** - қандай да бір өлшемшарттар бойынша толық ақпарат ұсынылмаған жағдайда баллдар ескерілмейді.