"Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қазанда № 21497 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11557 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында:

      "Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың" № 8 нормасы:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

7-1

Белгіленген түсті кепи

1 дана

1 жыл

8

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

8-1

Құм түсті далалық күртеше мен тік пішілген шалбар

1 ж-қ

1 жыл

8

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

9-1

Жүн малақайы бар құм түсті далалық астары жылы күртеше мен тік пішілген шалбар

1 ж-қ

1 жыл

8

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

20-1

Құм түсті биік қонышты бәтеңке

1 жұп

1 жыл

8

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

31-1

Белгіленген түсті футболка

2 дана

1 жыл

8

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

46-1

Құм түсті далалық белбеу

1 дана

4 жыл

8,9

  ";

      "Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың" № 8 нормасына ескертпе мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

      "8. Осы заттай мүлікпен "Жас сарбаз" әскери-спорттық және патриоттық жиынға қатысатын "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, әскери парад өткізу кезінде "Жас сарбаз" есептобының қатысушылары қосымша қамтамасыз етіледі.

      9. Құм түсті далалық белбеу мүкәммалдық мүлік ретінде уақытша пайдалануға беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5 .Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев