"Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қазанда № 21482 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11591 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – ветеринариялық қағидалар) сақтай отырылып, Заңның 8-бабының 44) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларға және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген) бекітілген жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға (бұдан әрі – ветеринариялық талаптар) сәйкес келетін сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

      Сондай-ақ, ет өңдеу кәсіпорындарының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуін қамтамасыз ету қажет.

      Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін орындарда союға жол берілмейді.".

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілген есептік нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) жүзеге асырылады.

      8. Сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) жануарларды сойған кезде ветеринариялық дәрігер:

      союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларына (немесе жеке жануарға) ілеспе ветеринариялық құжаттың (ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болуын, және ауыл шаруашылығы жануарларын (немесе жеке жануарды) ілеспе ветеринариялық құжатқа сәйкестігін тексеру (жануарларды өндіруді, дайындауды (союды), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеуді және жүзеге асыру бірыңғай технологиялық циклде жүзеге асыратын ұйымдар үшін талап етілмейді);

      ауыл шаруашылығы жануарында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) сәйкес берілген жеке нөмірінің, ветеринариялық паспортының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы N 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына (бұдан әрі – Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу қағидалары) сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда немесе одан алынған үзінді-көшірмеде өткізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтердің болуын тексеруді;

      ветеринариялық қағидаларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын сою алдында ветеринариялық қарап тексеруді және ұшалар мен ішкі ағзаларды союдан кейін қарап тексеруді, ұшаларды таңбалауды жүргізеді.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) сойған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары) сәйкес жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы берген, жануарды сою алдында ветеринариялық қарап тексеру және ұшалар мен ағзаларды союдан кейін ветеринариялық қарап тексеру нәтижелері көрсетілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағының саламаттылығы туралы ветеринариялық анықтама ұшамен бірге жүреді.

      Сою алаңында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында) ауыл шаруашылығы жануарларын сою нәтижесінде алынған ұшалар мен ағзалар өткізу алдында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтеді.

      9. Сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында сойған кезде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері:

      союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларына (немесе жеке жануарға) ілеспе ветеринариялық құжаттың (ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болуын, және ауыл шаруашылығы жануарларын (немесе жеке жануарды) ілеспе ветеринариялық құжатқа сәйкестігін тексеру (жануарларды өндіруді, дайындауды (союды), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеуді және жүзеге асыру бірыңғай технологиялық циклде жүзеге асыратын ұйымдар үшін талап етілмейді);

      Ауыл шаруашылығы жануарында Бірдейлендіру қағидаларына сәйкес берілген жеке нөмірінің, ветеринариялық паспорттың және Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда немесе одан алынған үзінді-көшірмеде өткізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтердің болуын тексеруді;

      ветеринариялық қағидаларға және "Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін беру қағидаларына (сынақ хаттамасы) сәйкес сою алдында термометрия жүргізе отырып, жануарды ветеринариялық қарап тексеруді және ұшалар мен ішкі ағзаларды союдан кейін ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізуді, сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беруді, ұшаларды таңбалауды жүргізеді.

      Сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің диагностикасы және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалардың сараптама актісінің (сынақ хаттамасы) негізінде Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық анықтама ұшамен бірге жүреді. Ветеринариялық анықтамада сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) берілген күні мен нөмірі көрсетіледі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандарына немесе жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерлеріне осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген объектілерде сойылмаған, Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларының ұшасына, сойылған өнімдеріне ветеринариялық анықтама беруге жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі