"Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 1025 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қазанда № 21476 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 22 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" деген ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Стандарт, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының ішкі аудит қызметін (бұдан әрі – ІАҚ) қоспағанда, штат саны шеңберінде бірінші басшының қарауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының (құрылған кезде), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ведомстволық тәуелді аумақтық органдарының жұмысының тиімділігін бағалаудың мақсаттары мен тәсілдерін, ішкі мемлекеттік аудит сапасын арттыру бағдарламасын жасау тәртібін айқындайды.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес ІАҚ басшысы не оны ауыстыратын тұлға есептіден кейінгі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей осы Стандартқа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІАҚ бағалауы мен уәкілетті органның бағалауы нәтижелері ескерілетін ішкі мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) әзірлейді және бекітеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Республикалық бюджеттің

      атқарылуын бақылау жөніндегі

      есеп комитеті

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 19 қазаны
№ 1025 бұйрығына
қосымша
  "Ішкі аудит қызметтері
жұмысының тиімділігін
бағалау" ішкі мемлекеттік
аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік
стандартына
6-қосымша

Ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін бағалау өлшемшарттары

Бағалау өлшемшарттары

Көрсеткіштер

Балл

1

Тәуекел деңгейі жоғары мемлекеттік аудит объектілерін жыл сайынғы аудитпен қамту

Ағымдағы жылда мемлекеттік аудиттің жалпы санына тәуекелі жоғары мемлекеттік аудит объектілерін қамту проценті:
20% - 29% қоса алғанда;
30% - 39% қоса алғанда;
40% қоса алғанда және одан жоғары;
19 % қоса алғанда одан төмен

2 балл
3 балл
5 балл
- 5 балл

2

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдардың жалпы санында орындалған ұсынымдардың үлесі (орындау мерзімдері басталған)

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдардың орындалған тармақтарының үлесі:
70% - 79% қоса алғанда;
80% - 89% қоса алғанда;
90% қоса алғанда және одан жоғары;
69% қоса алғанда одан төмен

3 балл
5 балл
10 балл
- 5 балл

3

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша қаражатты өтеу (қалпына келтіру)

Аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша өтеуге және қалпына келтіруге жататын орындау мерзімдері басталған қаражаттың жалпы көлеміндегі өтелген және қалпына келтірілген қаражаттың үлесі:
0% - 9% қоса алғанда;
10% - 19% қоса алғанда;
20% - 29% қоса алғанда;
30% - 39% қоса алғанда;
40% - 49% қоса алғанда;
50% - 59% қоса алғанда;
60% - 69% қоса алғанда;
70% - 79% қоса алғанда;
80% - 89% қоса алғанда;
90% - 100% қоса алғанда

1 балл
2 балл
3 балл
4 балл
5 балл
6 балл
7 балл
8 балл
9 балл
10 балл

4

Ішкі процестерді (бизнес-процестер)* жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу және қабылдау

Ішкі процестерді (бизнес-процестер) жетілдіру бойынша енгізілген және қабылданған ұсыныстар саны

Әрбір ұсынысқа 1 балл қосылады (ең жоғарғы балл – 5)

5

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы"
2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңның 39-бабы 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын кері қайтару

Мемлекеттік аудитор сертификаты кері қайтарылған ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің саны

Әрбір жағдай үшін 10 балл алынады

6

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін құжаттардың болуы

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген сапа бақылауы нәтижелері бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін аудит материалдарының саны:
1 материал;
2 материалдан 3 материалға дейін;
4 және одан көп материал

- 3 балл
- 4 балл
- 5 балл

7

Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттеріне жүгіну жағдайларын растау

Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға түскен расталған ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттеріне жүгіну жағдайларының саны

Әрбір жағдай үшін 5 балл алынады

8

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесі шешімдерінің толық, сапалы және уақтылы орындалуы

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамау, уақтылы орындамау және/немесе сапасыз орындау фактілерінің болмауы (ішкі аудит қызметіне тапсырмалар болған жағдайда ғана бағаланады)

10 балл

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындамау фактілерінің болуы:
1 - 2 факті;
3 - 5 факті;
5 - аса факті

- 3 балл
- 5 балл
- 7 балл

Үйлестіру кеңесінің шешімдерін уақтылы орындамау және/немесе сапасыз орындау фактілерінің болмауы:
1 - 2 факті;
3 - 5 факті;
5 - аса факті

- 1 балл
- 3 балл
- 5 балл

Есепті уақтылы ұсынбау және/немесе сапасыз ұсыну фактілерінің болуы

Әрбір жағдай үшін 3 балл алынады

9

Тиімділік аудитін жүргізу

Жүргізілген аудиторлардың жалпы санына тиімділік аудиттерінің үлес салмағы:
49%-ға дейін қоса алғанда;
50% - 59% қоса алғанда;
60% - 69% қоса алғанда;
70% - 79% қоса алғанда;
80% - 89% қоса алғанда;
90% - 100% қоса алғанда

0 балл
1 балл
2 балл
3 балл
4 балл
5 балл

      Ескертпе:

      * Ішкі процестер (бизнес-процестер) – белгілі бір міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар немесе жұмыстар жиынтығы.

      Ішкі процестерді (бизнес-процестерді) жетілдіру жөніндегі ІАҚ ұсыныстары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді;

      2) тиісті уәкілетті орган қабылдаған қызметті жақсартуды қамтиды.

      Бұл ретте, мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілген ұсынымдар осы өлшемшарт бойынша есепке алынуға жатпайды.