Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қазанда № 21399 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.

      2. "Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11421 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 8 қазаны
№ ҚР ДСМ-118/2020
бұйрығымен бекітілген

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

Атауы

Саны

1.

Стерильденген бинт

2 дана

2.

Стерильденбеген бинт

2 дана

3.

Мақта

1 қаптама

4.

Стерильді қолғап № 7 - 8

6 жұп

5.

Лейкопластырь

1 қаптама

6.

Қысқыш

1 дана

7.

Этил спирті 70%

1 құты

8.

Груша (сілекейді сору үшін)

1 дана

9.

Стерильденген шпатель (ауыз қуысын ашуға арналған)

1 дана

10.

Амбу қабы

1 дана

11.

Тонометр

1 дана

12.

Фонендоскоп

1 дана

13.

Валидол 0,06 г

1 қаптама

14.

Нитроглицирин 0,005

1 қаптама

15.

Аммиак ертіндісі 10%

1 құты

16.

Эпинефрин 0,1%

1 қаптама

17.

Йод ертіндісі 5%

1 құты